Киіктің лақтары жетім қалып жатыр

    Киіктің лақтары жетім қалып жатыр

    Ырғызда киік қырылып, лақтары жетім қалып жатыр. Мамандар жетім лақтардың нақты санын айта алмай отыр. Бір анығы, Ырғыз-Торғай резерватының Сұңқарқия учаскесінде киік қырылған кезде лақтары да бірге өлген болатын. Араға бір апта салып, Торғай зоологиялық қаумалының Құланшы учаскесінде де киік қырылды. Бұл жолы енелері өліп, киіктің лақтары аман қалған.

    Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков “Керек.info” тілшісіне жетім лақтарды тұрғындардың күтіміне беру мәселесі қаралып жатқанын айтты.
    -Жеке адамдармен сөйлестік, келісімдерін беріп отыр. Егер лақтарды жайылып жүрген жерінен ұстай алатын болсақ, күзге дейін тұрғындар қораларында ұстап, бағып беретін болды,-дейді аудан әкімі Мейірхан Дуанбеков.

    Құланшыдағы киіктердің қырылу себебі әлі анықталған жоқ. Аман қалған лақтардың бойында қандай дерттің бар екендігі белгісіз. Соған қарамастан аудан басшысының лақтарды ауыл тұрғындарының қорасына қалай қамамақ болып отырғандығы түсініксіз.

    -Қораға қамаудың түз жануарының кейінгі тағдырына кері әсері жоқ па?
    -Жетім лақтар үшін арнайы питомник ашу мәселесі көтерілді ме? “Керек.info” тілшілерінің мамандарға қойған осы және өзге де көптеген сауалы жауапсыз қалды.

    Жалпы киік қырылуына орай материал дайындау барысында жергілікті журналистердің ақпарат тапшылығына кезіккенін атап өткен жөн. “Біздің міндетіміз бар киікті қорғау ғана” деген “Охотзоопром” мекемесінің Ақтөбедегі өкілдері ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ырғыз-Торғай резерватының директоры Ұлан Мамырбаев “Астанадағы комитетке хабарласыңыздар” деп қысқа қайырды. Ал оның қол астындағы қызметкерлері оқиға орнында жүргендіктен үнемі “байланыс аясынан тыс жерде” болды.“Керек.info” тілшілері апта бойы тірнектеп жинаған ақпарат мынадай:
    Ырғыз ауданында 28 мамырдан бастап тағы да 4360 киіктің өлексесі жиналды. Бұл жолы ақбөкендер Нұра ауылына қарасты Құланшы жерінен табылған. Сұңқарқия учаскесінен шығып,солтүстік -батысқа қарай жылжып бара жатқан киіктер әбден әлсіреп, Телқара мен Сарыөзек өзендерінің арасына жеткенде шашырай қырылған,-дейді Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерваты директорының орынбасары Мереке Жұбаниязов.

    Ырғыз ауданында киіктердің өлу дерегі алғаш рет 18 мамырда тіркелген болатын. Алғашында Ырғыз-Торғай резерватының Сұңқарқия учаскесіндегі 3092 бас бөкен қырылып қалды. Араға бір жұма салып, киік өлекселері Торғай зоологиялық қаумалынан табылып отыр. Екі аптаның ішінде Ырғызда 7452 киік қырылды.
    Ақтөбе облысында киіктердің жаппай қырылуы Ырғызда ғана емес, Әйтеке би ауданында да тіркелді. Мамырдың 28-і күні Жабасақ ауылының Аққұм елді-мекеніне 20 шақырым жерден 505 киіктің өлексесі жиналды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылының әкімі Тұрғанбай Жүсіпов айтты.
    Ауыл әкімінің айтуынша, киік өлекселері 5 шақырым аумақтан жиналған.
    “2 маусымдағы дерек бойынша 2182 киік қырылып, өлекселер түгел көмілді. Әлі де сай-саланың арасында өлекселер бар ма, соны қарап жатырмыз”,- деді Тұрғанбай Жүсіпов.
    29 мамыр күні түс ауа Әйтеке би станциясының үстінен “Атырау-Астана” жолаушылар пойызының үстімен өткен Бауыржан Сегізбаев есімді Facebook қолданушысы темір жол жиегінде өлекселердің шашылып жатқаны туралы жазған болатын. Жолаушының айтуынша, киік қырылған жер Ақтөбенің территориясында. Әйтеке би станциясынан 20 минуттық жер.

    “Керек.info” тілшісі сол бойда Әйтеке би ауданының әкімі Аманғали Бердалинге хабарласқан болатын. Ол темір жол жиегінде өлекселердің шашылып жатқанын жоққа шығарды. Әкімнің айтуынша, Жабасақтан өзге жерде киік қырылған жоқ.
    Мамыр айында Ақтөбе облысының территориясында жалпы саны 9634 киіктің қырылып қалғандығын облыстық жануарлар дүниесі және аумақтық инспекциясының бастығы Қуаныш Аязов та растады. Бірақ, ол да өзге әріптестері сияқты құрғақ деректермен шектелді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аудан әкімі: Жол жиегінде киік өлекселері жоқ
  • Ырғызда киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Ырғыздан тағы 2047 киіктің өлексесі табылды
  • Әйтеке би ауданында да киік қырыла бастады
  • Резерваттағы киік өлекселері түгел жиналды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге