Құдайберген Жұбановтың Наурыз туралы өлеңі табылды

    Наурыз мерекесі қарсаңында біртуар тұлға Құдайберген Жұбановтың бұрын еш жерде жарияланбаған хаты бар екен деген сыбысты естіп, «Жұбановтар әлемінің» ғимаратына бардық. Бағытымыз – әулет мұражайы. Ауыздан-ауызға тараған сөздің мәтіні бізге жеткенше өзгеріп кетіпті. Сонда да бос қайтпадық. Қаламгердің «Наурыз құтты болсын» деген өлеңі туралы дерекке тап болдық. Кезінде лақап атпен жариялаған өлеңінде Құдайберген Жұбанов Наурыз мерекесінің өміршең мейрам екенін ашып айтыпты.

    Жұбановтар әулетіне арналған мұражай қызметкері Ғалия Нұрғалиеваның сөзінше атақты әулеттің тарихы мен шежіресін, олар туралы жазылған кітаптар мен естеліктердегі деректерді жетік білу міндеті саналады. 22 наурыз мерекесіне орай кеш өткізуді жоспарлаған қызметкер «Құдайберген Жұбанов» атты деректі ғұмырнаманы (авторлары – К.Кенжебаев, Ә. Оралбай – ред.) парақтап отырып, қызықты дерекке тап болады.
    -Жұбановтар әулетінің мұражайында жұмыс істегелі түзде де, үйде де осы кісілердің тағдырлары, жүріп өткен жолдары, бейнелері ойымнан шықпайды. Өзім үшін аяқ асты тың дерек тапсам, үйде ас дайындап жүріп те, «апырмай, ә» деп ойланатын әдетім бар. Жақында мына кітапты бейқам парақтап отырып, «Наурыз құтты болсын» деген өлеңі бар екен деп таң қалдым. Ішімді өкініш тырнап өткендей болды. Ол өлеңнің мәтіні де, қолжазбасы да бізде жоқ. Тек бір ауыз сипаттамасы жазылған. Оқып отырып-ақ, аяулы азаматымыздың өршіл, намысшыл болғандығына қайран қалып, жазықсыз, ерте атылып кеткендігіне налыдым,- дейді ол.
    Ғалия Нұрғалиева 2000 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан, «Құдайберген Жұбанов» деп аталатын кітап туралы айтып отыр. Онда ғұлама ғалымның ұшқан ұясынан бастап өмірінің соңына дейінгі атқарған істері, қағазға түсірген дүниелері, жан-жақты қырлары талданып суреттелген. Соның бірі – қаламгердің публицистік даңғыл жолы әрі ақындық қыры. Қазақ-орыс тілдерінде еркін, төгілте жазған ғалым-публицистің өткен ғасырдың 20-жылдарында «Қазақ», «Алаш», т.б. басылымдарына жариялаған материалдарының өзегі Міржақып сынды қазақ халқының санасын ояту болатын. Көрші елдің отарлау саясатына қарсы түйдек-түйдек ойларын іркіп қалмай, өзекті проблемаларды дүркін-дүркін басылымдарға жариялап отырады. Соның бір айғағы: 1917 жылы ғұмыры қысқа болған «Алаш» газетінде қаламгердің «Наурыз құтты болсын» атты өлеңі «Қараша бала» деген лақап атпен басылады. Әрі қарай кітаптан үзінді келтірсек:
    -«...Наурыз құтты болсын» өлеңінде шыншылдық пен шынайылықты аңғарамыз. Мұнда Наурыздың өміршең мереке екендігін тағы да паш етеді. Бабалар ұмытпағанды бізге ұмытып не көрініпті деген ойды ашық айтқан. Араға уақыт салып, Советтік жүйе халқымыздың асыл мейрамын ұмыттырып жіберуге тырысқандығы белгілі. Бірақ, халық жанына жақын мейрамды ұмытқан жоқ. «Неше түрлі ор-аранға тұтылмай», «заманның не құқына жұтылмай» жеткен Наурыздың мәнін тап басып жеткізген өлең жолдарының соны тынысын сезбеу мүмкін емес...» («Құдайберген Жұбанов»: Деректі ғұмырнама. Алматы, «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2000, 19-бет) делінген екен кітапта. Кітап авторлары бес шумақтан тұратын өлеңнен өршілдік пен найзағай намыстың жарқылын көруге болады депті.
    Іле лингвист-ғалым, Қ.Жұбановтың немересі Ардақ Жұбановаға хабарластық. Мән-жайға қаныққан Ардақ Есетқызы күрсініп, атасының өлеңі қолында тұрмақ, Ақтөбеде жоқ екендігін алға тартты. Алматының мұрағаттарынан ғана табуға болатын айтты. Бірақ оған да күмәнданды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кештеу еленген еңбек немесе ештен кеш жақсы
  • Ардақ Жұбанова: “Атамды ұстап берген өзінің шәкірті, қазір белгілі ғалым”
  • Латын әрпіне көшу бізге не береді?
  • Амал келді - аман көрдім!
  • Қош келдің, Әз Наурыз!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге