Ақтөбеде орамалды оқушылар келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін

    Ақтөбе облысында қазіргі таңда 72 оқушы мектеп формасын сақтамай отыр. Сабаққа бармай жүрген балалар оқу бағдарламасынан қалып қойғандықтан, оларға сыныптан сыныпқа көшпей қалу қаупі төніп тұр. Бұл туралы орамал мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды.

    Орамал тағатын оқушылардың дауы басылар емес. Әлі күнге дейін өңірде 72 оқушы мектеп формасын сақтамай отыр. Орамал таққан оқушылардың басым бөлігі Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Темір, Алға аудандарының мектептерінде оқиды.
    - 2018 жылдың 1 қаңтарында мектеп формасын облыс бойынша 340 оқушы сақтамаған болатын.13 наурыздағы мәлімет бойынша, 268 қыз бала мектеп формасын сақтауға көшті. Қазір мектепке келіп, оқып жүр. Бүгінгі күні 72 бала қалып отыр. Қазір олармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Көпшіліктің арасында “Бұл балалар неге мектеп партасына отырғызылмайды? Заң неге бұзылады?” деген сұрақтар туындайды. Білім министрлігінің мектеп формасына қатысты бұйрығын осы балаларға жауапты ата-аналар орындамай отыр. Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта қалған ата-аналар да балаларының партаға отыруына мүмкіндік береді деп ойлаймын,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
    Ол оқушылардың басым бөлігі ата-анасының ықпалымен орамал тағатынын айтады. Алайда ата-аналар мұның балаларының өз қалауы екеніне сендіріп бағады.

    Орамал тағатын 32 оқушы басқа өңірге көшіп кетті
    Облыста орамалын шешкісі келмеген 32 қыз бала басқа өңірге қоныс аударған. Қазір олардың оны Алматыда, ал қалғаны Шымкентте оқып жатыр.
    Ал орамал таққаны үшін оқуға қатыспай жүрген оқушылар келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін.
    -Егер бала мектепке он күннен артық себепсіз келмейтін болса, бұл мәселеге қатысты үлкен талап қойылады. Қазір оқушылардың арасында екі тоқсан бойы мектепке келмей жүргендер бар. Бұл жөнінде Білім және Ғылым министрлігіне бірнеше рет хат жазып, ескерттік. Қалай дегенмен де, олар-біздің балаларымыз. Сынып жетекшілері телефон арқылы оларға көмектесіп жатыр. Алайда олар мектепте оқу бағдарламасын толықтай меңгермегендіктен, екі тоқсан бойы көшірілмей отыр. Міне, төртінші тоқсан бастала-йын деп жатыр. Егер бұл жағдай жалғаса берсе, олар сыныптан сыныпқа көшірілмейді.Бұл Заңда қарастырылған. Біз бұл туралы Білім және Ғылым министрлігіне хат жібердік. Жауабын күтіп отырмыз. Қосымша хабардар етеміз,-деді облыстың бас педагогы.
    Қазір орамалды оқушылардың арасында жеке курстарда білім алып жүргендер де бар. Ләззат Оразбаеваның айтуынша, олардың алған білімі мен бағасы есепке алынбайды. Оқушыларға қашықтықтан білім беру де заңға қайшы келеді.

    200-ге жуық мұсылман Президентке үндеу жолдамақ
    Ақтөбе облысында орамалын шешуден бас тартқан оқушылардың басым бөлігі бәлиғат жасына жетпеген. Ата-аналардың көбі балаларының орамал тағуын дінмен емес, салт-дәстүрмен байланыстырады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жандос Қалмағанбетовтің сөзінше,
    Муфтият қыздар үшін 15 жасты бәлиғат жасы ретінде бекіткен.
    -Дәстүрімізде бесіктен белі шықпаған бала орамал тағады деген сөз жоқ. Ал Исламда парыз. Сондықтан орамалдың діни себеппен тағылып отырғаны жоққа шығарылмайды. Жүрегінде иманы болса, орамал тақпаған әйелді ешкім “мұсылман емес, кәпір” деуге хақы жоқ. Исламда орамал- иман, оны тағып жүру амал. Бәлиғат жасына толған балалар мектепте екі-ақ жылын өткізеді. Яғни, 15 пен 17 жастың аралығында білім алады. Қалған уақытта балалардың иманды сақтауы отбасыдағы тәрбиеге байланысты. Егер қыз балаға жас-тайынан үйде түзу тәрбие беріліп, дұрыс бағытта рухани тәлім алса,орамалсыз жүрген 5-6 сағаты оны қанына сіңген имандылықтан алыстата алмайды,-дейді Жандос Нұрланұлы.
    Оның сөзінше, қазір орамалын шешуден бас тартып отырған 72 оқушының тек 16-сы ғана бәлиғат жасына жеткен. Отыз төрті бастауыш сыныпта оқыса, біреуі балабақшаға барады. Ал қалған 26 бала 5-8 сыныпта оқиды. Мектеп формасын сақтамай отырғандардың арасында дәстүрлі Ханафи мазхабымен қатар жат ағымның жетегінде жүргендер де бар. Таяуда Ақтөбенің мұсылмандары орамал мәселесіне қатысты президентке үндеу жолдау үшін қол қоюды бастаған. Олар өз құқықтарының бұзылып жатқанын айтқан еді. Дін қызметкері бұл жайтқа қатысты да түсініктеме берді.
    -“Ақтөбе облысында мұсылмандар қысым көріп жатыр”деген үндеу тараған еді. Исламда негізгі бес парыз бар. Біріншісі, иман келтіру. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылыққа бару.Бұларға Ақтөбеде, жалпы Қазақстанда ешқандай тыйым жоқ. Соңғы екі айдың өзінде 60-қа жуық азамат умраға барып, құлшылық етіп келді. Кез-келген адамның намаз оқуға мүмкіндігі бар. Ақтөбеде бар-жоғы екі мешіт болған еді. Олардың саны қазір 67-ге жетті. Оразаңды ұста, намазыңды оқы. Дәулетің келсе, зекетіңді бер. Барлық жағдай жасалып отыр. Осыдан кейін мұсылмандардың “қысым көрдім” деуі қате пікір. Биліктің қолдауымен облыста 150-ге жуық бала ислам дінінің қағидаларын оқып жатыр. Бұл дінге деген құрметтің артып келе жатқанын көрсетеді,-дейді ол.
    Үндеуге 200-ге жуық адам қол қойған. Қазір ол облыстық дін істер басқармасында қаралып жатыр.

    18 ата-анаға айыппұл салынды
    Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті мектеп формасын сақтамаған 18 ата-ананың үстінен әкімшілік іс қозғады. Олар енді 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарушы Жанат Мухамбеталинаның айтуынша, қазір ата-анасы айыппұл төлеген бес оқушы орамалын шешіп, мектепке барып жүр.
    - Ақтөбе қаласы мен Шалқар, Қарғалы, Хромтау, Қобда, Алға аудандарында тұратын 18 ата-анаға айыппұл салынды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Қазір бес ата-ана өз еркімен бюджетке айыппұлын төлеп, балаларын сабаққа жіберді. Ал қалған ата-аналарға қатысты қаулы өз күшіне енген жоқ. Олар қаулы күшіне енгеннен соң, бір ай ішінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал бұл заңбұзушылық қайталанған жағдайда іс сотқа жолданады. 12 наурыз күні департаментке тағы үш материал келіп түсті. Мектеп басшылығы өз міндетін орындамай отырған ата-аналардың үстінен шағым түсіреді. Қазір бұл материалдар жатыр,-дейді маман.
    Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін орамалды оқушылардың ата-аналары балаларын мектепке кіргізбегені үшін мектеп басшыларын сотқа берген еді. Ақтөбе қаласындағы 9 мектеп пен Мұғалжар, Темір, Шалқар, Қобда аудандарындағы білім мекемелеріне қатысты сот процестері өткен. Алайда ата-аналардың ешқайсысының талап-арызы қанағаттандырылған жоқ. Қазір орамал дауына қатысты тағы бір іс Хромтау аудандық сотында қаралып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе сотында орамал дауына қатысты 7 іс қаралып жатыр
  • Ақтөбеде даярлық сыныбында оқитын бүлдіршіндер орамал тағып жүр
  • Оқушылар ата-анасының қарсылығына қарамай, орамалын шешуде
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге