Күлкі – жанның шипасы

    Күлкі – жанның шипасы

    Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да 1 сәуір күлкі күнін күтіп жүретіні рас. Келіп жеткен көктемнің алай-дүлей мінезін қағытпа қалжыңмен жуып-шайғысы келген “әзіл әлемінің ақтөбелік төрелері” кімдерді алдады, қалай алданды?

    Қазақ халқы 1 сәуір «Алдар көсенің» туған күні деп білетін бұл мереке Франция елінен бастау алды. Ежелгі римдіктер күлкі күнін «ақымақтар мерекесі» деп атаса, үнді халқы «қылжақтау салты» деген атау берген. Күлкі күні деп аталатын бұл күн, ресми мерекелердің қатарынан да емес. Дегенмен ел бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп күлкіге қарық болады.

    “Театрға бармайтын шенеуніктерге министр ұрсады”
    Дәл осы күнді асыға күтетін адамдар да аз емес. Сол күні бір-бірін алдап немесе алданып жататындар жетерлік. Әсіресе осы күн әзілкеш жандар үшін тиімді болып саналады. Солардың қатарында ақтөбелік әзілкеш, «Екі езу» театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан да өзінің қалай алдағанын баяндап берді.
    -Осыдан екі жыл бұрын әкімшілікте отыратын бір құрдасымды алдағаным есімде. Жаңағы құрдасыма хабарласып, маған министірліктен хат келді дедім. Яғни әкімдікте отыратын адамдардың қайсысы театрға келмейді, соның біз қара тізімін жасап жатырмыз. Оны естігеннен кейін әкімдікте отыратын құрдасым шошып кетті. Дереу маған кейін хабарласып, “мені театрға барып жүр деп тізімге қоса салшы” деп өтінді. Міне солай алдағаным бар. Қазір театрға әкімшіліктен ешкім бармайды ғой. Театрға да келмейді, кітапханаға да бармайды. Соны бір жағынан театрға барсын деп күлкі күнін пайдаланып қалғаным бар,- дейді ол.
    Әзіл әлемінің сахнасында жүргендер үнемі халықты күлдіртіп жүреді десек қателесеміз. Қанша жерден халықты алдағанымен өздері қалай алданып қалғанын білмей жатады. Басқаны күлдіртемін деп өздерінің күлкіге қалған сәттері де болады.
    -Басқаны алдағаным былай тұрсын, өзімнің де алданып қалғаным бар.
    Мені де сол әкімдік алдады. Осыдан біраз жыл бұрын «Екі езу» сатира театры өз алдына мемлекеттік болып тұрған кезде болды. Маған әкімдіктен хат келді. Екі езу театры драма театрға қосылсын, біріктірілсін деген. Мен соны оқып ашуланып әкімдікке жетіп бардым. Сөйтсем 1 сәуір деп мені алдаған екен. Бірақ сол әзілдің жалғасы шындыққа ұласып кетті. 2013 жылы драма театрға қосылдық. Содан кейін 2017 жылы қайта бөлініп шықтық. Кейбір айтар қалжыңдарымыз шындыққа айналып жататын осындай да сәттер болды,-дейді «Екі езу» сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан.

    “Екі жылқы алайын деп едім...”
    Өмірдегі тосын оқиғаларды үнемі қағытпа қалжыңға айналдыратын ақын Бауыржан Бабажанұлы әдейі біреуді алдағанымен, ешқашан алданып көрмепті. Өзінің досын күлкіге қалдырған ақын «Екі жылқы, финпол һәм бақыт туралы хикаясымен» бөлісті.
    -Сәуірдің 1 күні біреуді алдап, не қатты алданып көрмеппін. Ал енді
    былайғы күндерде алдауға тура келетін кездер бар. Кейде амалсыздан, кейде әдейі дегендей. Әдейі алдағанымның бірін айтайын. Бақыт Әметаев деген досым бар екенін бұрын да жазып жүрмін. Алматы облысы Ұзынағаш ауданының орталығындағы базарды етпен қамтамасыз етіп отырған бұл иттің ең жаман әдеті – телефонын жоғалту. Жаңа телефон алғанда сенің нөміріңді іздеп, қайта жазып қою деген оның миына кірмейді. Іздеп, хабарласу деген де оған «жат әдет». Ылғи өзің хабарласасың. Еститінің бір-ақ жауап: «Бұл кім екен?». Тым болмаса, дауысыңды айыруға болады ғой. Міне, кезекті рет хабарласып тұрмын. Тағы да сол жауап - «Кім екен?». Жыным ойнады. Кенет басыма бір ой сап ете қалды:
    -Әлөу, маған Бақыт деген азамат керек еді.
    -Мен ғой, Бақыт.
    -Өй, айналайын, мен Серік деген ағаң боламын. Финполда істеймін.
    Әкеміздің жылын берейін деп жатыр ек. Соған жылқы керек боп. Сенде тәуір жылқылар бар дегесін хабарласып тұрмын.
    -Өй, аға, қоңды жылқының бәрі — менде. Қалағаныңызды аласыз.
    -Маған бір емес, екі жылқы керек.
    -Оны керек болса да тауып берем, аға, -деп Бақыттың даусы көңілді шықты.
    -Тәәк, қалай көремін барып?
    -Аға, Ұзынағашқа кірген жерде кафенің жанынан оңға бұрыласыз.
    Соңына дейін барасыз да, солға бұрылыңыз. Екінші үй – біздікі. Көк қақпа. Үйде інім, балалар бар. Қарлығаш – келініңіздің аты. Ерте барсаңыз, сол кісінің шәйін іше тұрыңыз, мен Алматыға шығып бара жатыр ем, тура екі сағатта болам.
    -Айналайын-ау, мен сол Ұзынағашта тұрмын. Екі сағат дегенің көптеу екен, мен басқа бір вариантын қарастыра берейін ендеше.
    -Аға, міне, Алматының сақина айналмасынан бұрылып жатырмын. Тура 20 минутта болам, ешқайда кетпеңіз.
    15 минут өткесін, смс жібердім: “Өй, сен қырғыздан мал ұрлап әкеліп, сататын оңбаған екенсің ғой. Қой, ондай ұрлық малды алмаймын”. Телефоным шыр ете қалды:
    -Серік аға, мен түсінбей қалдым.
    -Түсінбейтін несі бар?! Баукеспе екенсің ғой. Ертерек білгенімді айт, әйтпесе, әкемнің жылына ұрлық мал сояйын деп тұр екенмін. Құдай сақтапты.
    -Өй, аға, оны кім айтып жүр?
    -Ел айтып жатыр. Оңбаған екенсің ғой. Қалай бойларыңа сіңеді.
    Ә, арамнан тапқан табыс?! Өй, көргенсіз.
    -Аға, мені олай қорламаңыз. Өзіңіз алам деп алып. Адамды әуреге салып. Шаруамды тастап, ұшып келдім емес пе? Сөзіңізде тұрмайтыныңыз бар.
    -Енді сен шаруасынан қалды деп арам мал соймаймын ғой мен. Әкем бес уақыт намазы түгел, тақуа адам болатын.
    -Аға, мен де намаз оқитын адаммын.
    Жаны қысылса керек, Бақыт өтірікті соғып жіберді. Рас, бірнеше жылдан кейін намазға жығылды. Алла сауабын молынан жазғай. Жұрт айта береді. Көре алмайтындар ғой.
    -Әй, шпана, енді менімен сөз
    таластырайын дедің бе? Ұры екеніңді, ұйымдасқан тобың бар екенін маған сенімді адамдар айтып отыр. Мына асты өткізіп алайын, сосын ісім сенімен болсын... Тоз-тоз қылып қаңғытып жібермесем, атымды басқа қой. Салық та төлемейді дейді ғой сені.
    Бақыт үнсіз қалды. Мен де телефонды өшіре салдым. Іле Шымкенттегі Кенжеге хабарластым: «Бақыттың халін білші». «Не боп қалды?». «Жай, шұғыл хабарлас». 5 минуттан кейін Кенже қайта соқты. Ішек-сілесі қатып тұр “Сенің ісің бе? Анау өмірден түңіліп отыр. Көптен бері жылқым өтпей тұрғасын, екеуін алам дегесін, шаруамды тастап жетіп келіп едім. Финполда істейтін кісі екен, басыма пәле болмаса болды дейді”. Тағы телефон соқтым.
    -Алло, Серік аға.
    Бақыттың жарықшақтанып шыққан даусында әлсіз бір үміт бар.
    - Ей, қайдағы Серік?
    - Жаңа осы телефоннан хабарластыңыз ғой. Екі жылқы алам деп.
    - Қайдағы Серік, қайдағы жылқы? Мен — Бауыржанмын, Ақтөбеден.
    -Өй, әкеңнің. Адам өстіп те қалжыңдай ма екен. Бар шаруамнан қалып. Қайтып айналып келіп.
    -Өз обалың өзіңе. Мені танымай не көрінді саған?
    - Кетші-ей.
    Бақыт аузын толтырып, бір боқтады да телефон тұтқасын
    тастай салды. Іле-шала, Кенже хабарласса керек, Қазақстанның түкпір-түкпірінен біздің қулар Бақытқа телефон соға бастайды “Алло, бұл Бақыт па екен? Серік деген ағаң ғой. Екі жылқы керек еді...”.
    Келесі жолы қоңыраулатқанда, телефон тұтқасын көтерген Бақыт былай деді: “Ассалаумағалейкум, Бауке!”
    Досын алдаған Бауыржан ағамыздың бұл әзілі ұзақ бір хикаяға айналғандай. 1 сәуір күні сіз қалай алдасаңыз өз еркіңіз. Себебі, дәл осы күні сіздің әзіліңізге ешкім ренжімесі анық. Дегенмен “пәленше шақырып жатыр, түгенше келіп кетті» дегендер алдану емес” дейді Бауыржан Бабажанұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Т.Ахтанов театры драма емес, құрамаға айналды
  • ҚАРЫЗ
  • Бақыт Айтова: Мен отбасы бақытын емес, өнерді таңдадым
  • ҰР ТОҚПАҚ
  • ТАЛ ТҮСТЕ ТАЯҚ ЖЕДІМ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге