Күн жылыса Ақтөбе суға кетуі мүмкін

    Күн жылыса Ақтөбе суға кетуі мүмкін

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өткізілген су тасқынына қарсы шаралардың барысын тексерді. Өңір басшысы Елек, Жаман Қарғалы, Жіңішке және Песчанка өзендерінің учаскелерін тексеріп, арналарды тазалау және жер асты өткелдері бойынша жұмыстарды бағалады.

    Осыдан кейін Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысы өткізілді, онда су тасқынының қауіпті кезеңінен өту мәселелері қаралды.Жиынды ашқан облыс әкімі биылғы жылы су тасқынының даму қаупі топырақтың 20-дан 150 сантиметр тереңдігіне байланыс-ты екенін атап өтті.
    - Синоптиктердің болжамына сәйкес, жақында күн жылынады деп күтілуде. Сондықтан барлық жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтер осы мәселені күнделікті бақылауда ұстау керек. Әрбір басшы тасқынға қарсы жұмыстардың барысын жеке тексеріп, арықтар мен арналардың сапалы тазаланғанына және судың өтетін-өтпейтіндігіне сенімді болуға тиіс. Әрбір адам лауазымына қарамастан бірге жұмыс істеуі керек, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
    Тағы бір қолайсыз фактор - өзендердің маусымдық ашылуы. «Қазгидромет» АҚ Ақтөбе филиалының 25-наурыздағы ақпараты бойынша облыстың барлық өзендерінде мұз қабаты сақталады. Мұздың ең үлкен қалыңдығы Ақтөбе, Мұғалжар, Ойыл, Мәртөк, Әйтеке би, Хромтау және Темір аудандарында тіркелген. Су тасқынын уақытында болжау 19 гидробекеттерде бақыланады.
    - Қар көлемі және қардағы су бойынша қолайлы болжамдық деректерге қарамастан, ауа райының күрт өзгеруін болдырмау мүмкін емес. Мұздың аяқ астынан немесе қарқынды еруі салдарынан су бетінде қарғын судың жиналуына байланысты өзен жағалауынан шығуы мүмкін, - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.
    Сонымен қатар, облыстағы қар жамылғысының биіктігі былтырғы көрсеткіштен төмен, ал ең үлкен су қоймалары максималды көлемнен 50% процентке ғана толып отыр. Атап айтқанда, «Қазсушар» РМК филиалының мәліметтері бойынша, Ақтөбе су қоймасы 49%, Қарғалы - 38%, Сазды - 28% толып отыр. Төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету үшін 181 азаматтық қорғау қызметі ретке келтіріліп, 584 бірлік техника, 149 мотор сорғысы және 105 қайық, 1 тікұшақ дайындалды. Эвакуацияланған тұрғындарды қабылдаудың 90 пункті, 102 тонна жанар-жағармай материалдары, 13 тоннадан астам инертті материалдар, 46 мың қаптар дайындалды. Алдын алу шаралары ретінде ұзындығы 90 шақырымлық жер қарайтылып, 4 шақырымдық өзендердің түбі тереңдетілді жəне тазартылды, тасқын қаупі бар өзендердің 5 шақырымы бекітіліп, су бұру арналары тұрғызылды, 3 шақырымға жалдау жүргізіліп, қорғаныс бөгеттерінің 2 шақырымы жөнделді. Сонымен қатар, Ақтөбе, Ырғыз, Хромтау, Қарғалы аудандарының әкімдері, «Қазсушар» РМК филиалы мен «Қазгидромет» РМК басшылары ағымдағы су тасқынының жағдайы туралы баяндады. Облыс әкімі елді мекендердің су тасқынына жол бермеуді, дайындық процесін мұқият бақылау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Ол сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қызметтер басшыларының өздеріне тапсырылған учаскелердегі жұмыстары үшін жеке бастарымен жауап беретіндерін еске салды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе су тасқынына дайын ба?
  • Ақтөбе көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр
  • Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды
  • Биыл қай ауылдарға газ жүргізіледі?
  • Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге