Ақтөбеде былтыр жөнделген оннан астам жол тесіліп қалды

    Ақтөбеде сапасыз салынған оннан астам көшенің жолы қайта жөнделеді. Оларға мердігер-компаниялар үш жылға кепілдік береді. Сол себепті табылған ақауды өз есебінен жөндеуі тиіс.

    Ақтөбеде былтыр төселген жолдардың сапасы тексеріліп жатыр. Өткен жылы ұзындығы 28,9 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүрген еді. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда қазір қаладағы оннан астам көше жолы жыл өтпей жатып шұрық-тесік болып қалған. Олардың қатарында Зинченко, Нокин, Тайбеков көшелері мен Сәңкібай батыр даңғылы (Макаренко көшесінен Ә. Молдағұлова даңғылына дейін), авто ХҚКО баратын жолдар бар. Жарамсыз деп танылған жолдарды“Мега Руд”, “ЕрхатЖолдары”, “Ақаз Құрылыс” ЖШС салған. Сапасыз көшелерді аралап шыққан жолға жауапты шенеунік Руслан Төреғали жол салушылардың шала ісі жақын арада қайтадан қалпына келтіретіндігін айтты.

    - Зинченко көшесіне 2016 жылы “Мега Руд” ЖШС жөндеу жүргізді. Оған мемлекет есебінен 48 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда бұл жолдың кейбір бөлігінде шұңқыр пайда болды. Мердігерлер жол сапасына үш жылға кепілдік береді.Сол себепті мекемеге ақауды жою жөнінде ескертпе берілді.Күн жылығаннан кейін олар жолды өз қаржысына қайтадан жөндейді.Ал Нокин көшесі өткен жылы жөнделді. Құрылыс жұмыстары биыл толықтай аяқталуы тиіс еді. Алайда қазір жолда ақау табылғандықтан, “ЕрхатЖолдары” ЖШС оны өз қаражаты есебінен қайта жөндейді. Халық авто ХҚКО баратын жолдың сапасына да сын айтып жатыр.Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Алайда жол сапасын бақылайтын мемлекеттік комиссия кемшіліктер тауып, оны қабылдаған жоқ. Сол себепті мекемеге бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбеді. Биыл бұл жерде қайтадан жөндеу жүргізіледі. Қазіргі таңда осындай 10-нан астам жолда ақау табылып отыр,-деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы Руслан Төреғали.

    “ЕрхатЖолдары” ЖШС директоры Мұхтар Ермұхановтың айтуынша, Нокин көшесіндегі жөндеу жұмыстарына мемлекеттен 600 млн теңге бөлінді. Мердігер жолдан табылған ақаудың елеусіз екенін айтуда. Жолдың дұрыс жөнделмеуін зауыттан шыққан асфальттың сапасыздығымен түсіндіреді. Күн жылысымен, кемшілікті жоюға уәде етіп отыр.
    Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде су шайған көпірлер мен су өткізу жүйелері де жөнделді. Құрылыс жұмыстары қыста жүргізілгендіктен, бірқатар кемшіліктер де болған. Қазір бәрі қалпына келтірілді. Руслан Төреғалидің айтуынша, жолдың сапасыз болуына көлік қозғалысының көптігі мен ауа райының қолайсыздығы себеп.
    -Жолдың сапасына климаттық жағдай мен көлік қозғалысының жиілігі әсер етеді. Жол бойында суағарлар да жоқ. Ауа райы да жиі өзгереді. Күндіз ерісе, түнде қатады. Әрі кей жағдайларда құрылыс материалдарының сапасына да байланысты. Алайда жол сапасын арнайы зертхана анықтайды. Оны салынып біткеннен кейін мемлекеттік комиссия қарап, қабылдап алады,-дейді ол.
    Ал “Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы” Заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Талғат Хамитов жол сапасы тәуелсіз зертханада анықталуы керек деп есептейді. Жол сапасын мердігерлермен бірге қарап шыққан ол қалалық мәслихатының индустриялық даму, инфоқұрылым және тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде өз пікірін білдірді.
    -Біріншіден, жолдың сапасыз болуына жоспарлаудың дұрыс болмауы себеп. Мердігерлер сараптау жұмыстарын жүргізу үшін зертхананы өзі жалдайды.Яғни, олар жол салушылардың талабын орындайды. Тәуелсіз зертхана болуы керек. Сол кезде жолдың сапасы жақсарады,-ол.

    Биыл қандай жолдар жөнделеді?
    Ақтөбе жолдарын жөндеуге биыл 2,5 млрд теңге бөлінді. Алдымен былтыр басталған құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау жоспарланып отыр. “Нұр Ақтөбе” ауданының ықшам аудандарына автокөлік жолдары салынып, тротуарлар төселеді. Елдімекенде төрт жолақты жол құрылысы басталады. Сонымен қатар “Керуен Сити” сауда-ойын сауық орталығы аймағына Сазды өзені арқылы көпір салынады. Батыс-2 ықшам ауданда жол құрылысы жүргізіледі. Сельмаш ауданында Арынов көшесі бойындағы өтпе жолдың құрылысы басталады. Сәңкібай батыр даңғылы қайта қалпына келтіріліп, Тургенев көшесін Жұбанов көшесіммен байланыстыратын жолды қайта жаңарту жоспарланып отыр. Көлік кептелісі көп болатын бесінші мөлтек ауданындағы көпір маңында туннель салынады.Барлығы ұзындығы 5,7 шақырым болатын жол қайта жаңартылады. Бұдан басқа Мөңке би көшесіне, М. Мәметова көшесінен 312 атқыштар дивизиясы даңғылынан бастап Әбілқайырхан даңғылына дейінгі аралықтағы жолға күрделі жөндеу жүргізіледі.
    -М. Мәметова көшесіне алты жолақты жол салынады. Велосипед жолы, тротуар салынып, көше жарықтандырылады. Сонымен қатар Қарасай батыр, Байғанин, Құлымбетов, Өтемісов, Нариманов көшелеріне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі,-дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы.
    Биыл 4 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Оның алғашқы екеуінде құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Олар-Ембі көшесі мен Ақтөбе көшесінің Пожарский көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралығы. Сонымен қатар Маресьев көшесінің Пацаев көшесі мен Бейбітшілік даңғылына, Тургенев көшесінің Ә. Молдағұлова даңғылынан Қалдыаяқов көшесіне дейінгі аралықтары да жөнделеді. Соңғысы соңғы он жылдан бері жөндеу көрмепті. Жоспар бойынша 3 жер асты өткелі салынуы тиіс. Олар Әбілқайыр хан даңғылының “Ақтөбе Ажары” , 312 атқыштар дивизиясы даңғылының автовокзал, Ә Молдағұлова даңғылының “ДСК” аймағында орналасады. Шенеуніктер шұрық-тесік жолдарды бірден жөндеудің мүмкін еместігін айтады. Барлығы қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан ақтөбеліктерге күткеннен басқа амал жоқ секілді.

    Бердібек Сапарбаевтан ұят болды...
    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жылда көшеге шығады. Шығады да жылда “ұялады”. Ойдым-ойдым жолдарды көрген әкім елден, ал қала жолдарына жауапты мамандар әкімнен “ұялып”, жылда жыртығымызды жамап, жөндеген боламыз. Бірақ, көктем шыға көретін көрінісімізден танбай келеміз. Жаз бойы қала жолдарын жөндеп, ала шапқын болатын мамандардың да бір шырайы шықпай қойды. Құдай-ау, басқаны айтпағанда, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бетіне қарай алмай барамыз ғой?! Жылда осы ойылмағыр жолдарды жөндеу үшін қыруар ақша бөледі, қаншама техника жұмсайды, сонда да алты ай қыстан соң қала жолдары бетіне қотыр шыққан баланың кейпіндей болады да жатады. Әлде жауған қардың құрамында асфальтті балдай ерітетін қосынды бар шығар, ә? Әбден мүмкін.
    Айтпақшы “Нұр Ақтөбе” ауданына балшыққа белшесінен батып, әр жерге бір тоқтап шаққа жеткен Бердібек Сапарбаев ел алдында:
    - “Нұр Ақтөбе” ауданында он мыңнан астам халық тұрады. Бұл жердегі ең өзекті мәселе-жол. Автокөлікпен әрең дегенде жеттік. Шұрық-тесік, одан қалды қар мен ойылмаған мұз әбден шаршатты. Жауапты мекеме “Табыс-Ақтөбе” ешқандай жұмыс істемеген. Жол салғанда астында су ағар болуы керек. Ол да жоқ. Шынымды айтсам, облыс басшысы ретінде мынадай жол үшін сіздердің алдарыңызда қатты ұялып тұрмын. Күн жылынғасын, жолды дұрыстауға уәде беремін,-деп еді...
    Обалы не керек, жолды дұрыстауға қолынан келген көмегін аямады-ақ. Ақша керек пе, бөлінді. Техника керек пе, бірнеше мердігер мекеме алдыңда тұр. Әкімнен пәрмен болғасын, қайтсін, былтыр жол жөндеу жұмыстары сәуір айының аяғында басталды. Ала жаздай жөнделген жолдарға енді биыл не болды?! Айтпақшы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жол жөндеу үшін жаңа технологияларды пайдаланыңдар деп еді. Алабөтен Ақтөбеге ерекше жауатын “улы” қардың әсерін жоюға шамасы келмеді ме екен...

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сапасыз салынған 9 жол қайтадан жөнделіп жатыр
  • Бердібек Сапарбаев: Мердігерлер сапасыз жолды жөндемесе, тендерге қатыспайды
  • Жол сапасына Ақтауда шығарылған битум “кінәлі” екен
  • Ақтөбеде былтыр жөнделген екі көше мердігерлер есебінен қайта дұрысталады
  • Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге