Пәтерге мұқтаж 77 адамнан құжат қабылданады

    15 маусым күні Ақтөбеде Қазақстан Ипотекалық компаниясының тұрғын үйіне құжат қабылдана бастайды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова хабарлады.

    Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, бағдарламаға пәтер кезегіне алынған, баспанаға мұқтаж азаматтар ғана қатыса алады.
    Олар: көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе жетімдерді тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары.
    Айта кету керек, тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға беру арқылы жүзеге асырылады.

    Тұрғындар баспаналы болу үшін міндетті түрде төлем қабілеттілігін растауы керек,-дейді Жанаргүл Дүйсекенова. Азаматтардың төлем қабілетін “Қазақстан ипотекалық компаниясы” ипотекалық ұйымы АҚ тексеретін болады. Төлем қабілетін растаған қатысушылар үміткерлер тізіміне қосылады.
    Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлер Батыс-1 мөлтек ауданынан, “Степной” тұрғын үй кешенінен 70 пәтер (1,2,3 тип) және Қазанғап көшесі 57В мекен-жайынан 7 пәтер (4 тип) ұсынылады.
    Құжаттар 15-19 маусым аралығында Сәңкібай батыр даңғылы,10 үйде орналасқан “Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ жүргізіледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Юнис Ситидегі” пәтерлерден 3100 адам үмітті
  • 3 маусым күні балабақшаға жолдама беріле бастайды
  • Арзан пәтерге өтініш қабылдана бастады
  • Қазақстанда биыл жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 4 мыңнан аса пәтер беріледі
  • Тұрғын үй кезегіндегілердің назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге