Ақтөбеде ұрығы әлсіз жігіттер көбейіп барады

    Бұрынғы қазақтың бала көтере алмаған әйелі әулие –әмбие жағалап, молаға түнесе, қазіргілер дәрігерге барып, дайын ұрықты сатып алады. Тіпті ақшасына сапалы ұрық табу қиын көрінеді. Дәрігерлер жеті еркектің екеуі ғана бала болатын ұрыққа ие екенін айтады.

    Ақтөбеде шауқат тапсыратын орталықтың ашылғанына көп болған жоқ. Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алады. Дені сау, дене бітімі қалыпты дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болса аталық ұрығын тапсыруға болады. Баласы болса, тіпті жақсы.
    - Кейбір адамдарда білінбейтін генетикалық ақаулардың тасымалдаушылары болуы мүмкін. Сондықтан, сол ауытқушылықтың алдын алу үшін генетикалық зерттеуден өтеді. Одан бөлек, ең маңызды тестердің бірі – криотолеранттық тексеріс. Онда еркектің шауқаты алдымен тексеріледі, – дейді дәрігер-эмбриолог Гүлнара Бекбосынова.
    Дәрігер-эмбриологтың айтуынша, донор болып, ұрығын тапсырғысы келетін жігіттердің сыртқы келбеті де сымбатты болғаны жөн екен. Көзге көрініп тұрардай табиғи кемістіктері болмағаны дұрыс. Артық салмағы болмау шарт. Дегенмен, донор болған еркектің кім екені, толық аты-жөні құпия түрде сақталады.
    - Донор болатын ер адамның барлық мәліметі құпия түрде сақталады. Оның анкетасында сурет, аты-жөні көрсетілмейді. Тек сыртқы келбеті, білім деңгейі, бет пішіні, көзінің түсі, бойы, шашы ғана сипатталады. Ұрықты пайдаланатын әйел адамға да оның тек анкетадағы сипаты ғана беріледі, фотосуреті көрсетілмейді. Олар еркектің ұрығын анкетадағы осы сипаттары бойынша таңдайды. Ұрығын тапсырғысы келетін ер адамдарға үш күн жыныстық қатынаста болмау туралы шарт міндетті түрде қойылады. Үш күннен кейінгі шәует құрамы ең жақсы болып танылады,- дейді дәрігер.

    Анкетада руы көрсетіледі
    Дәрігерлердің көмегімен бала сүйгісі келетін әйелдер көбіне анкетадағы донордың ұлты мен руына мән береді екен.
    – Туысқандар арасында байланыс болмау керек. Сол үшін біз міндетті түрде анкетада еркектің руы мен жүзін ашық береміз. Қазақ қыздары да соған үлкен мән беріп сұрап жатады. Жалпы ұрығын тапсыруға ер адамды әртүрлі жағдай әкеледі. Кейбіреулер жоқшылықтан тарығып, қаржылық қиындықтан келуге мәжбүр болса, енді бірі таныстарына көмектесу үшін тапсырып жатады. Бірақ бұл жерде оларға ата-аналық міндет жүктелмейді, – дейді дәрігер.

    Қазақ әйел қазақтың ұрығын сұрайды
    ЭКҰ (экстракорпоральді ұрықтандыру) орталығының дәрігері жасанды жолмен сәбилі болғысы келетін қазақ келіншектері балаларының әкесі қазақ болғанын қалайтынын айтады.
    - Қазақ қызы келіп өзге ұлттың ұрығын салып бер дегенін естігем жоқ. Қазақтың ұрығын қалайды. Көбінесе, қай жерде туып-өскенін сұрайды. Әйелдер келіп көзінің түсіне дейін таңдап алады деген қауесет – жалған. Жалпылама анкеталық мәлімет қана ұсынылады. Біз жақсы адамдарды таңдап, донор қылуға тырысамыз. Бірақ, ең алдымен донор болғысы келетін ер адамдардың ұрықтары бірнеше сараптамадан өтеді,- дейді орталық дәрігерлері.

    Жеті еркектің екеуі ғана донор болуға жарамды
    Өз ұрығын тапсырып, донор болғысы келетін ерлердің барлығының ұрықтары жарамды бола бермейді. Донорлық банк орталығының дәрігерлері осындай мәлімдеме жасады.
    - Алдымен ұрықты минус 196 градуста қатырып, сосын қайтадан ерітеміз. Қаншалықты шыдамды екені осылай анықталады. Мысалы жыныстық жолмен берілетін ВИЧ, мерез (сифилис), сары аурудың (гепатит) В, С түрлеріне тексеріп, қайтадан қатырып қоямыз. Одан кейін үш айға тағы қатырады. Қайта тексереміз. Тек осыдан кейін талдау қорытындылары жақсы болса ғана, ол ұрықты қолдануға болады. Егер шауқатта соз ауруы (гонорея), цитомегаловирус, хламидия, трихомонад, сары аурудың (гепатит) В,С түрлері, ВИЧ инфекциялары болса, ұрық жарамсыз болып табылады. Бұл жерде мынаны ескеру керек. Мәселен дені сау адамның қанында цитомегаловирус, ұшық (герпес), қызамық (краснуха, корь, скарлатина) иммуноглобулині G бар деуге болады. Бұл – қалыпты көрсеткіш. Оны вирус деп айтуға да келмейді. Қайсы да бір індетпен күрескен ағзада оған қарсы иммуноглобулин пайда болады. Әрбір зерттеу қорытындысының нақтылық деңгейі жоғары болған кезде ғана шешім қабылданады,- дейді дәрігер-эмбриолог Гүлнара Бекбосынова.

    Қыста спорттық шараға қатысқан ақтөбелік спортшы жігіттің ұрығы қатыруға жарамсыз болған да жағдайлар кездесіпті. Яғни, дені сау, жаман әдеттен аулақ болса да кей жағдайларда ұрықтың әлсіздігі байқалып қалады дейді дәрігерлер. Дәрігердің айтуынша, салқынға төзе алмайтын ер адамдардың ұрығы да мұздатудан кейін жарамсыз болып қалады екен.
    - Мұндай жағдайлар әр адамда кездесуі мүмкін. Түрлі стресс-тер, салқында көп жүріп қалса да шауқаттың сапасы төмендеп кетеді. Ондай жағдайда біз донорға тынығып, дұрыс тамақтанып келуіне кеңес береміз,- дейді дәрігер.
    Донорлардың барлық мәліметі өте құпия сақталады. Тіпті басқа дәрігерлер де кімнің донор болғанын біле алмайды. Ұрығын тапсыратын донормен тек бір ғана дәрігер жұмыс жасайды. Бала сүйе алмай, дәрігерлердің көмегіне жүгінетін әйелдің күйеуі жарамсыз болса, ерінің туыстарын донор қылуға мүмкіндік бар екен.
    - Бала сүйе алмай жүрген жұптар келеді. Кінәрат күйеуінен. Енді не істемек? Мұндай жағдайда күйеуінің туысқандарын донор болуға болады. Бірақ, оған келісетіндер некен-саяқ,- дейді дәрігер – эмбриолог.
    Соңғы уақытта ұрығы әлсіз немесе мүлдем шауқаты жоқ ер кісілер көбейіп кеткен. Дәрігерлер, сондай-ақ, жасанды жолмен өмірге келген баланың болашақта сәби сүйе алмайтынын жоққа шығарды.
    - Қазір бізге келетін жұптардың арасында шауқаты мүлдем жоқ немесе бала сүюге жарамсыз ер кісілер көбейіп барады. Оларға донордың көмегіне жүгінгеннен басқа амал қалмайды. Адамдар әртүрлі ғой, біреулер жасанды жолмен өмірге келген сәбилердің болашақта бедеу болатынын айтып жүр. Бұл тіпті шындыққа жанас-пайтын нәрсе. Жасанды жолмен өмірге келген алғашқы қыз 1979 жылы туылды. Оның қазір өз балалары бар, сондықтан, уақытында балалы болып, толыққанды отбасы болған дұрыс. Бірақ, жасанды жолмен ұрықтанудан бірден бала көтеріп кету мүмкін емес. Жүз пайыз кепілдік беруге болмайды,- дейді дәрігер-эмбриолог.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік әйелдердің арасында жатыр жарасы көбейген
  • Ақтөбеде ер адамдардың дерті көбейіп барады
  • Ақтөбелік дәрігерлер марқұмның бүйрегін рұқсатсыз алған
  • Әмірхан Каманов: Донор болу – сауапты іс
  • Тұрақты донорлар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге