Ақтөбеде жаңа аудандардың атауы талас тудырды

    Ақтөбеде жаңадан құрылған қос аудан “Алматы” мен “Астана” болып бөлінетін болды. Бұл мәселе қоғамдық кеңесте қаралып, депутаттармен мақұлданды. Алайда бұл кейбір ақтөбеліктердің наразылығын тудыруда.

    Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінді. Олар енді “Астана” мен “Алматы” деп аталатын болады. Бұл шешім облыстық сессияда қабылданды. Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, қоғамдық тыңдау кезінде аудан атауларын халықтың басым бөлігі құптаған.

    -Бұл сайлау емес. Сондықтан халықтан дауыс жиналып, оған санақ жүргізілген жоқ. Қоғамдық тыңдау кезінде тұрғындардың көпшілігі “Астана” мен “Алматы” атауларын қолдады. Ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияға жолданып, оң шешім тапты. Болашақта қала халқының саны миллионға жетпек. Сол кезде тағы жаңа аудандар ашылады,-дейді ол.
    Жаңадан құрылған аудандардың дербес бюджеті болмайды. Олар қала қазынасына тәуелді. Болашақта бұл жерлерде Астана мен Алматы қалаларының белгілері де пайда болуы мүмкін. Ал облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Сағыналин Астана мен Алматының әкімдерін Ақтөбеге шақырып түрде, жаңа аудандарды салтанатты ашуды ұсынды.
    - Қазақта бір дәстүр бар. Бала алғаш қадам жасағанда, табысты адамдарды шақырып, тұсауын кеседі. Алматы мен Астана әкіміне хабарласып, екі ауданға қамқорлық жасауды ұсыну қажет деп ойлаймын. Аудандардың бұлай аталуының өзіндік себебі бар. Қазақта “жұғысты болсын” деген тілек бар,-деді ол.

    Дегенмен екі ауданның Астана мен Алматы аталуына қарсылық білдіргендер де бар. Ақтөбеліктер Маресьев көшесі 105 мекенжайындағы 107 бөлмеде қол жинады. Олар жергілікті жерде ағатын Елек пен Сазды өзендерінің атауы берілгенін қалайды. Бұл мәселе тіпті әлеуметтік желіде де қызу талқыланды.
    -Бір күннің ішінде 20-ға жуық парақшаға қол қойылды. Мұндай белсенділікті күтпеген едік. Хат жіберілді, алайда әлі қоңырау түсіп жатыр. Адамдар қай жерде,қалай дауыс беретіндігін сұрап жатыр. Басқа қалада тұратын ақтөбеліктер де хабарласып жатыр. Әлеуметтік желіде электрондық нұсқада әлі де дауыс беруге болады. Кейбір адамдар қол қойып, суретке түсірді, кейін таныстарына таратты. Уақыт шектеулі болды. Біз мұнан да көп қол жинаған болар едік, алайда тездетуге тура келді. Кеш болып қалмаса... Тұрғындарға азаматтық ұстанымдары үшін көп рахмет,-дейді топ бастамашыларының бірі Көшкімбай Ахметов.
    Ақтөбеліктер қол қойған ашықхат облыс әкімдігі мен республикалық ономастикалық комиссияға жіберілді. Халық өз пікіріне билік құлақ асады деген сенімде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Әкімнің орынбасары ақымақ па?”
  • Ақтөбенің аудандары “Астана” мен “Алматы” деп аталады
  • Ақтөбе екіге бөлінеді
  • Ақтөбе қаласы екі ауданға бөлінеді
  • "Нұр Отанда" Ермегияевті партиядан шығару мәселесі қаралып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге