Ақтөбеге Еркін Ізбасарды қолдау үшін Олимпиада чемпионы келді

    Ақтөбе сотында мұнай ұрлау ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті сот процесіне Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко қатысты.

    Грек-рим күресінің өкілі Юрий Мельниченко сотқа “Төрт ағайынды” қылмыстық тобының серкесі Еркін Ізбасарды қолдау үшін келген. Ол сотталушыларды тек жақсы жағынан ғана білетінін айтты.
    -Мен Еркін Ізбасарды Кеңес үкіметі кезінен бері білемін. Ол кезде мен Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан шыққан палуан Есенгелді Батырғаринмен бірге құрама қатарында өнер көрсетіп жүрдім. Еркінмен сол кезде таныстым. Ол Есенгелдімен жақын дос болатын, жаттығу жиындарына жиі келіп жүрді. Өзін спортқа жанашыр ретінде, жанкүйер ретінде көрсетті. 8-9 жыл бұрын Гуанчжоудағы Азия ойындарында кездестік. Еркін бір топ жанкүйерлермен бірге келіп, спортшыларға қолдау көрсетті. Еркін Ізбасар мен Аухат Қалиевті тек жақсы жағынан ғана білемін. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Ақтөбе облысында грек-рим мен еркін күрестің жағдайы нашарлап кетті. Меценаттардың қаржылай қолдауы қажет болды. Еркін бұл тұрғыда көп көмектесті. Тек Ақтөбе облысында ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерде де оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Соның нәтижесінде Ақтөбе облысының палуандары 2015 жылдан бастап жақсы нәтиже көрсете бастады. Қазақстан құрамасына енді,- деді ол.

    Оның айтуынша, Еркін Ізбасар Азия чемпионы Нұрислам Санаевты Қазақстанға әкелген. Оның жаттығуына бар жағдайды жасап, демеушілік көрсеткен.
    - Нұрислам Санаев осыдан үш апта бұрын Бішкекте Азия чемпионы атанды. Алдағы уақытта ол әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан қатыса алады. Бұл тұрғыда Еркін Ізбасар мен оның жақтастарының көп үлесі бар,-деді ол.
    Сотта Юрий Мельниченко Еркін Ізбасардың тек Қазақстан емес, Ресей Федерациясы спортшыларының арасында да кеңінен танымал екенін айтты.Судья Ахметқали Молдағалиев спортшыларға қолдау көрсетіп жүрген Еркін Ізбасардың қаржыны қайдан алатынын сұрады.

    -Еркін Ізбасар спортшылардың Ресейдегі жаттығу жиындарына барып-келу шығынын көтерді. Жақсы нәтиже көрсеткендерге сыйақы берді. Бірақ қаржыны қайдан алатынын білмеймін. Кәсіпкерлікпен айналыспаймын. Тек жарыстарда кездесіп тұрамыз. Одан бұл туралы сұраған емеспін. Меценат болып жүрген жалғыз ол емес. Елімізде спортты қолдап, демеушілік жасап жүргендер жетерлік,-деді ол.
    Сонымен қатар сотқа Дағыстаннан келген спортшы Тимур Гадисов та қатысты. Ол Еркін Ізбасарды қолдау үшін бір топ спортшы қол қойған талап-арызды ала келіпті.

    - Еркінмен халықаралық деңгейдегі жарыстардың бірінде таныстым. Оның арбаға таңылғанына қарамастан, спортшыларға қолдау көрсетуін ерлікке балаймын. Ол -Қазақстан спортын дамытып жүрген адам. Спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп тұрды. Мен Еркінді қолдап, ол туралы айту үшін Дағыстаннан Қазақстанға келіп тұрмын. Қажет болса Камчатка, Африка мен Америкаға да жаяу, не велосипедпен барар едім,-деді ол.
    Сотқа 40 жылдан астам грек-рим күресінен жаттықтырушы болған ақтөбелік Мұхамбетжан Зарлықов та келді. Айтуынша, Еркін Ізбасар спортқа қосқан үлесі үшін ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын да алған.

    - Ақтөбеде спортшы Есенгелді Батырғаринді еске алуға арналған турнир өткізіліп тұрады. Бір жарыста Федерация тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді.Жеме-жемге келгенде қаржы бөлінбей қалды. Сол кезде Еркін спортшыларға қаржылай қолдау көрсетіп,медаль мен кубок алып берді. Ол Алматыда бокс федерациясын басқарды. Шәкірттерінің жеткен жетістігі үшін ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды. Спорт мектебінде жасөспірімдерді жаттықтырды. Ресейден келген спортшы Нұрислам Санаевтың тек атын емес, дінін өзгертуіне ықпал етті,-деді ол.

    Бұдан бөлек сотта ҰҚК тергеушісі Дәулет Әбубәкіровтен де жауап алынды. Осыған дейін сотталушы Қартжан Қалдымұрат құқық қорғау органдарының Еркін Ізбасарға қарсы куәлік етуге мәжбүрлегенін айтқан еді. Ол тергеу кезінде өзін ұрып-соғып, қол қоюға мәжбүрлегенін айтқан.
    Айта кетелік, қазір Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында “Төрт ағайынды” қылмыстық тобының ісін қарау жалғасып жатыр. Оларға 2003-2016 жылы жасаған қылмыстары үшін айып тағылуда.

    “Мені әр он жыл сайын соттай бересіңдер ме?”
    Қоғамда резонанс тудырған “Төрт ағайынды” қылмыстық тобының серкесі Еркін Ізбасар сотта осылай деді. Сондай-ақ ол сотталып жатқан жалғыз мүгедек өзі екенін мәлімдеді.
    - Менің мүгедек екенім ешкімге жаңалық емес. Жиі операцияға түсемін. Отадан кейін өз-өзіме келу үшін айлап-жылдап төсекте жатамын. Мен сонда қалай қылмыс жасап үлгерем? Менің бар айыбым – шындықты бетке айтам және турасын жеткіземін. Қазір өтірікшілердің заманы болды ғой. Бір рет құрбандыққа шалды, жарайды, кеттім. Екінші рет тағы өтірік соттады. Міне, үшінші рет. Сонда мені он жыл сайын соттай бере ме? Он жыл сайын бір қылмыс болса, соның бәрін маған тели бере ме? Бір шындықтың болатыны рас шығар деп сенемін,- деген Еркін Ізбасар өзінің жағдайын 37 жылғы қуғын-сүргінге балады. Соттың алдында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін оқыған ол мүгедек адамның қалай қылмыстық топ құрғанын түсіне алмайтынын айтты.

    - Қайталап айтайын, мүгедек екенім ешкімге жаңалық емес. Осы жағдайымда менің қасымда үнемі адамдар жүреді. Өйткені, мен өздігімнен басқа адамдардай қимыл-қозғалыстар жасай алмаймын. Ал мені көтеріп-түсіріп жүретін ер кісілердің болатыны заңдылық. Еңгезердей қылып мені әйелдер қалай көтереді? Ал оларды енді қылмыстық топтың мүшелері деп отырғызып қойды. Мен бұған түсіне алмаймын,- деді ол.
    Еркін Ізбасар үйінен тәркіленген қару-жарақтың да өзіне тиесілі емес екенін айтты. Айтуынша, қару-жарақ табылған бөлмеде анасы ұйықтайтын болған.

    - Мен күрделі отадан кейін шалқамнан жата алмай, етпетімнен төргі бөлмеде жаттым. Ал менің бөлмемде анам ұйықтайтын. Тексеріс кезінде сол бөлмеден бір көлік қару-жарақ табылды. Ол қалай сонда? Мылтықты атып, қашып кете алмайтын болсам, неменесіне қару ұстаймын? Мен ешуақытта қару ұстаған емеспін,- деді ол.
    Ал қарудан табылған саусақ іздерінің себебін абақтыға келгесін өзін ұрып-соғып, күштеп қолына қару ұстатқаны мен түсіндерді.
    - Басыма қапшық кигізіп, ұрып –соқты. Тепкіледі. Солай қолыма қару ұстатып, саусақ іздерін түсіріп алды,- деді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Төрт ағайынды ісі”: Сотталушылардың бірі жауап беруден бас тартты
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Сотталушы; “ҰҚК қызметкерлері басымды жарды”
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Судья Еркін Ізбасарға ұйықтағаны үшін ескерту жасады
  • Еркін Ізбасар: “Менен жасанды бандит жасап отыр”
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге