Екі ақтөбелік терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

    Ақтөбеде 20 жастағы жігіт терроризмді насихаттағаны үшін абақтыға қамалды. Аян Сауанаев қала тұрғындарын өзін-өзі жарып, құрбандыққа шалуға шақырған.

    Тергеу органдары Аян Сауанаевқа екі бап бойынша айып тақты: Қылмыстық Кодекстің 256 бабының 1-бөлігі бойынша ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру")және 287 баптың 2 –бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" .
    - Сот отырысы кезінде Аян Сауанаевтың 2017 жылдың 24 тамызында Ақтөбе қаласының тұрғындарын өзін-өзі жару арқылы террористік акт жасауға шақырғаны анықталды. Бұған қоса ол 2009 жылдан 2017 жылдың қараша айына дейін "ТОЗ-БМ" модельді шолақ аңшы мылтығын үйінде сақтаған. Кейін қаруды А. Жұмабековке берген,-деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
    №2 Ақтөбе қалалық сотының үкімімен, ол 6жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда үкіммен келіспеген адвокаты аппелияциялық шағым түсірмек.
    Естеріңізге сала кетелік, өткен жылы қараша айында Аян Сауанаевпен бірге тағы үш ақтөбелік ұсталған еді.Кейін “терроризмді насихаттағаны ” үшін қамауға алынғандардың аты-жөндері де белгілі болды. Олар- 27 жастағы Ерлан Сарқұлов, Асхат Мырзакәрімов пен Азамат Дәулетияров. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті олардың елімізде ты-йым салынған "ДАИШ" ұйымын насихаттағандығын хабарлаған еді. Тінту кезінде олардан аңшы мылтығы, оқ-дәрілер, газды және травматикалық тапаншалар, деструктивті діни мазмұндағы кітаптар табылды. Осыған дейін сот үкімімен Асхат Мырзакәрімов 5 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Ол ақтөбеліктерді құқық қорғау органы қызметкерлеріне қастық жасауға, дін жолында адам өлтіруге үндеген. Сот үкімі заңды күшіне енді. Ал қалған екеуінің ісі сотта әлі қаралып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Терроризмді насихаттаған ақтөбеліктер қамауға алынды
  • 18 жастағы ақтөбелік терроризмді насихаттағаны үшін айыпталуда
  • Ақтөбе облысының 11 тұрғыны теракт жасамақ болған
  • Терроризмді насихаттаған әйелдің анасы да сотталды
  • Ақтөбеде алғаш рет әйел адам “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге