Ақтөбеде екпе алмаған балалар жұқпалы ауруға шалдығып жатыр

    Ақтөбе облысында 2600 балаға екпе жасалмаған. Дәрігерлер жұқпалы аурулардың жаппай көбеюіне алаңдап отыр. Сол себепті үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.

    Ақтөбе облысы екпеден бас тартқандардың саны жағынан елімізде бірінші орында тұр. Бүгінгі күні 2597 баланың ата-анасы түрлі себеппен вакцина алмай отыр. Әсіресе олардың саны Ақтөбе қаласы мен Темір, Алға Мұғалжар, Байғанин, Шалқар аудандарында көп. Сол себепті ақтөбелік дәрігерлер мен имамдар №1емханада екпеден бас тартқандардың басын қосып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар бала дер кезінде егілмесе, жұқпалы аурулардың таралып кету қаупі бар екенін айтады.
    -Қазақстанда бала дүние келгеннен 1 жасқа толғанға дейін 11 екпе салынады. Кішкентай сәби дифтерия, сіреспе, туберкулез, гепатит В, қызылша, көкжөтел, паротит және т. б ауруларға қарсы егіледі. Егер уақытылы алмаса, мұның соңы жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін. Өйткені ол балалар бір балабақшаға, бір мектепке барады. Ақтөбе облысында өткен жылы вакцина алмаған балалар туберкулез жұқтырды. Сарбаздар мен курсанттардың арасында паротит ауруы тіркелді. Бұл ауру кезінде сілекей безі ісініп, ұйқы безі қабынады. Аталық безі де қабынады. Ер балалар ұрпақсыз қалады. Жұқпалы ауру есейе келе білінеді. Ол екпе алмағанның салдарынан туындайды,-дейді М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің доценті Галина Жұмағалиева.
    Ал қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, уақытылы екпе алмаса, соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Бір ғана мысал, өткен жылы Ойыл ауданында құтырмаға шалдыққан ер адам қайтыс болған. Оған науқастың дер кезінде вакцина алмай, денсаулығына салғырт қарауы себеп болған. Дегенмен мамандар екпеден кейін кейбір балалардың дене қызуы көтерілетіндігін жасырмайды. Сондықтан вакцина алмас бұрын баланың денсаулығын мұқият тексеріп, невропотологпен кеңесу қажеттігін айтады. Ал туа бітті сал ауруы, аутизм дертіне шалдыққандарға екпенің кері әсері жоқ.

    Ата-аналар діни сенімдеріне байланысты екпеден бас тартады

    Мамандардың айтуынша, екпе жасатпағандардың 64 пайызы діни ұстанымдарына байланыс-ты бас тартқан. Ал қалғандары түрлі әлеуметтік желіден алған кері ақпарат пен жеке пікірлеріне сүйеніп отыр.
    - Ислам дінінің екпеге еш қарсылығы жоқ. Өйткені денсаулық –Алланың берген аманаты. Ал екпе - ауырмайтын жолды іздеудің бір жолы. Мұсылмандар бес парыздың бірі -қасиетті қажылық кезінде де менингитке қарсы екпе алады. Содан кейін ғана Меккеге бара алады. Пайғамбарымыз жаңа туған баланың таңдайын құрмамен сүртіп, тахник рәсімін жасаған. Бұл баланы аурушаңдықтан, әлсіздіктен қорғайды. Яғни, шариғатта екпе егудің еш қарама қарсылығы жоқ. Мұсылман бауырларымыздың арасында қате түсінік бар. Кейбіреулер екпе алуды “Алланың бұйырған тағдырына қарсы шығу” деп түсіндіреді. Кейбірі “екпе құрамына шошқаның еті, майы қосылады”дейді. Алайда бұл- ақпарат құралдарынан алынған қате пікір. Алдымен мамандармен кездесіп, олардың пікірін білу керек,-дейді“Нұр Ғасыр” мешітінің наиб имамы Асылхан Темірханов.
    Кездесуге келген қала тұрғыны Ахмет Муталиев өзінің вакцинадан бас тартуын діни сенімімен байланыстырмайды. Айтуынша, екі жастағы баласының вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар.
    -2012 жылдан бері өзім де, әйелім де дін жолында. Алайда вакцинадан бас тартуға ол себеп емес. Екі жастағы ұлымның айранға, сүтке аллергиясы бар. Ата-ана ретінде екпеден бас тартуға құқымыз бар. Сол себепті қолхат жазып, екпеден бас тарттым. Қазір көп адамдар қорқып қалды. Екпе алғаннан кейін денсаулығына кінәрат келгендерін айтады. Оның шыны да, өтірігі де бар. Баламда аллергия болғандықтан, вакцинаның қандай әсер беретіндігін білмеймін,-дейді ол.
    Дәрігерлермен кездесуге екпеден бастартқандардың барлығы бірдей келген жоқ. Сол себепті мамандар үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті. Бірі үйлерінде болмаса, енді бірі екпенің пайдасы туралы ғылыми дәлелдемелерді тыңдаудан бас тартты. Солардың бірі Светлана Верич вакцинаның аурудың алдын алатындығына күмәнмен қарады. “Қазір туберкулез секілді неше түрлі ауру көбейіп кетті. Екі бірдей қызым кішкентайында екпе алды.Қазір қиындықпен бала көтеріп, ана атанып отыр. Барлығы вакцина алғаннан болды. Сондықтан екпе алудан бас тартамыз”,-дейді ол.
    Кездесуге келгендер екпе жасайтын мамандардың оның маңыздылығын жете түсіндіре алмайтындығына шағым айтты. Тіпті кейбірі вакцинаның құрамын қоса беруді сұрады. Әрі балаларға кері әсері болған жағдайда дәрігерлердің жауапкершілігін күшейтуді талап етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 2500 бала діни сеніміне байланысты екпеден бас тартқан
  • Ақтөбеде 2,5 мың бала екпе алмаған
  • Ақтөбеде 2538 ата-ана екпеден бас тартқан
  • Туберкулезге шалдыққан 7 адам дәрігерлерден қашып жүр
  • 738 бала мүлдем екпе алмаған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге