Ақтөбенің суға кету қаупі төмендеді

    Ақтөбенің суға кету қаупі төмендеді

    Аптаның соңына қарай Қазақстанның 8 өңірінде су деңгейінің көтерілуі және өзен суының арнасынан асу қаупі күтіледі. Арасында Ақтөбе де бар. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

    Жауын жауып, өзендер арнасынан асу қаупі бар. Былтыр Қарғалы өзені арнасынан асып, суға кеткен жерлердің бірі осы - "Эко" бау-бақша ұжымы. Кірпішті ауылындағы мына үйлерді түгел қызыл су басқан еді. Үйлерінен дүниелерін алып үлгермеген халық еңбегіміз еш кетті деп еңіреген болатын. Биылғы жағдай қалыпты. Былтыр қорқынышты түске айналған күндер ұмытыла бастағанымен, су кірген үйлер әлі толық кеппеген. Кеше ауа райын болжаушылар алдағы екі күнде жаңбыр жауып су тасу қаупі бар деп хабарлаған болатын. Осыған орай, өзендерде қар еріп, мұз кептелістері пайда болып, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Мұндай жағдай Ақтөбеден өзге Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да болады деген болжам айтылды. Дегенмен, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің сөзінше, өңірде ауа райы тұрақты. Төтенше жағдайлар штабына күнделікті өзендердің жағдайы туралы 4-6 сағат сайын ақпарат түсіп тұрады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе су тасқынына дайын ба?
  • Ақтөбеліктер мобильді қосымша арқылы қыстыгүні жылыту орындарын таба алады
  • Былтыр суға кеткен аудандар бақылауға алынды
  • Ақтөбе облысында нөсер жаңбыр әлі жалғасуы мүмкін
  • Божко: Тағы 20 елді мекенді су басуы мүмкін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге