“Халықтың алдында ұяттымыз!”

    “Халықтың алдында ұяттымыз!”

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбев Ақтөбені қоқыс полигонына айналдырған кінәлілерді атап, халықтан ұят болғанын айтты.

    -Қоқысқа қатысты түскен арыз-шағымдар өте көп. Биліктің бұл мәселені шеше алмай отырғаны ұят, қоқысты жинай алмай отырмыз,-деді 19 сәуір күні қалалық актив жиналысында сөз бастаған әкім.

    Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, «Ақ Жол LTD» ЖШС бірнеше айдан бері қоқыс контейнерлерінің қасында үйілген боқтықты жинай алмаған.
    -Қала әкіміне тапсырма бердім: кім жинаса да бәрібір, қала таза болу керек деп. Халық «не үшін төлеп отырмыз?» деп ашуланады. Осы жерде бақылайтын мекемелер кінәлі. Сіздер көпсіздер: ТЖД бар, санэпидемстанция, экология. Сіздер неге шара қолданбайсыздар? ТЖД-нің басшысы кім? Бауыржан Сыздықов! Неге «Ақ Жол» мұндай нәрселерге жол берді?-деді Сапарбаев.- Барлық нысандар тексерістен босатылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес немесе тұрғындардан шағым түссе ғана тексере аламыз,-деді Сыздықов.
    -Ал, егер өрт шықса ше? Қасында әлеуметтік нысандар толып тұр. Беркімбева (қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің басшысы – ред) қайда? Мынау барып тұрған антисанитария! Эпидемия өршіп кетсе не істейміз? Кім жауап береді? Неге біз азаматтардың арыз-шағымына құлақ аспаймыз?
    -Тексерістен босатылғаны есепті біз де тексере алмаймыз,-деп жа-уап берді Нұрсұлу Беркімбаева.
    -Ендеше мұндай мемлекеттік органның керегі не? Сіздің орган қалай аталады?
    Беркімбаева есіне түсіріп, өзі басқаратын органның атын атады.
    Қала әкімі Ілияс Испановтың түсіндіруінше, екінші қоқыс таситын «Ақтөбе Таза Қала» компаниясы таратылмақшы. Аталған мемлекеттік кәсіпорын бірнеше рет жеке адамдардың қолына өте жаздапты.
    -Бірінші ретте конкурс өтпеді. Екіншісінде сатып алушы міндеттерінен бас тартты,-деді Испанов.
    Осыдан кейін Бердібек Сапарбаев қала көшелеріндегі барлық қоқысты 30 сәуірге дейін жоюға бұйрық берді.

    Қоқыс таситын 10 компания белгіленді

    Қала әкімінің айтуынша, олар бұл мәселенің шешімін тез арада тауыпты.

    -Қоқыс тасу бойынша Ақтөбені 10 участікке бөлдік. 23 сәуірден бастап жаңа 10 компания жұмысқа кіріседі. Олар қатты тұрмыстық қалдық-тарды жинайтын болады. Ақша бюджеттен жұмсалған жоқ. Бұлар жекелей инвестициялар,-деді Ілияс Испанов.

    Облыс әкімі Ілияс Испановқа қатаң шара қолдануды талап етті

    Облыста қылмыс көбейген, шатырлардан су ағуда, су жиналатын арықтардың күл-талқаны шыққан, жарықтандыру жоқ.

    Ақтөбе облысының әкімі қол астындағы көмек-шілерінен ғана емес, әлеуметтік желілерге кіріп, қаланың жағдайы туралы ақпараттарға қанық екенін айтты. Арыз-шағымның тым көптігі Бердібек Машбекұлының шамына тиіпті.
    -Қала әкіміне қатаң шаралар қолдану керек шығар. Біз енді қала тұрғындарын құрғақ уәдемен тойдыра алмаймыз. Осынша автобус сатып алдық, өйттік-бүйттік деп. Тұрғындардың шағымы дұрыс.
    Сондай-ақ, облыс басшысы автожолдардың жөндеу жұмыстарын да қатаң бақылауға алуды талап етті және көшелердегі жарықтың жетіспейтінін де айтты.
    -Мемлекеттік орган ғимараттарының жарықтандырылуына келсек, мен оларға тапсырма бердім: жарықты өз қаржыларына орнатсын! Бұл сіздердің ғимараттарыңыз! Бірақ жұмыс жүргізілмеген!
    Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен көшелердегі су жиналатын арықтардың күйі де сөз болды.
    -«Батыс», «Нұр Ақтөбе» аудандарының тұрғындарынан көптеген сөгіс естіп жатырмыз. Су жиналатын арықтардың қазіргі күйін айтыпты. Тіпті салмағандары жақсы еді депті. Егер жаңа ықшам аудандардағы арықтар жұмыс істемесе, Ілияс Сапарбекович (қала әкімі – ред.), егер ондағы үйлердің шатырларынан су ақса, жарық болмаса, мұндай шаршы метрлер кімге керек?
    Былтырғы жылдан бері азаймай тұрған қылмыс деңгейі туралы да әкім айтып өтті.
    -Өкінішке қарай, бірінші жартыжылдықтың нәтижесі нашар. Қандай да бір өзгерістер бар ма?-деді ол полиция корпусына қарап.
    Жауап мардымсыз шықты.
    -Қазіргі күндері жақсарып келеді. Біз қылмыс деңгейін 18 пайызға төмендеттік. Ауыр, аса ауыр қылмыстардың көрсеткіштері азайды. Яғни, қылмыстың ашылуы. Негізі мәселе – ұрлықпен күрес. Телефон ұрлау, қалта тінту, пәтерді тонау қылмыстары азаймай тұр. Әрі қарай жұмыс істейтін боламыз.

    Шенеуніктер мен мектеп директорлары жаппай жұмыстан кетуі мүмкін

    Өңір басшысы жан-жақты тексеріс бастауды талап етті.

    Бердібек Сапарбаев жұмысын нашар атқаратын әкімдік бөлімшелерін атап өтті.
    -Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіпті спорт басқармасында темірдей мықты тәртіп жоқ. Медициналық мекеме ұйымдарының басшыларына пациенттермен адамша сөйлесіңдер деп қанша айтуға болады! Әлеуметтік желілерді ақтарсаң, өмірі бітпейтін кезек, бір-бірін таптау. Не бұл? Тәртіпке келтіруге болады ғой. Сондықтан қала әкімі мен облыс әкімінің орынбасары бұдан былай мекеме басшылары қызметіне сай ма, жоқ па соны тексеруді тапсырамын. Сәйкес келмесе – демалсын. Немесе басқа жұмысқа ауыссын.
    Облыс әкімі сондай-ақ, ақтөбелік оқушылардың сабақ үлгерімі деңгейі үшін де ұялатынын айтты. Аталған мәселе бұған дейін де мемлекет деңгейінде көтерілген болатын.
    -Оқу жылы аяқталуға жақын, Ляззат Аманжоловна (облыстық білім бөлімінің басшысы – Р.Т.), енді директорлардың мәселесін май шаммен қарауыңыз керек. Әсіресе, қала мектептеріне қатысты.

    Облыс әкімі бақылаушы органдардың басшыларын бір сыбап алды:
    -Нашар жұмыс істейсіңдер! Кейбіреулері тіпті жұмыстарын алып жүре алмайды,-деді де әкім қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваны орнынан тұрғызып.- Кімге бағынсаңыз да (Денсаулық сақтау министрлігі – Р.Т.), біз сол органға шығып, қызметіңізге қатысты арыз түсіре аламыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе ғимараттарын сынады
  • Тұрғындардан 7 мың арыз-шағым түскен
  • Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бұзылуы мүмкін
  • 25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды
  • Сапарбаев қаланың ең сасық жерлерін аралады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге