Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді

    Ақтөбелік әйел дәрігерлерді сотқа берді

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Эльмира Кульманова 10 айлық баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отыр. Ол сау баласын мүгедек еткен медицина қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым түсірді.

    Ақтөбелік Эльмира Кульманова “дәрігерлер сау баламды сал қылды” деп әділдік іздеп жүр. Айтуынша, ұлы Самғат Қолбайдың бойында алты айлығына дейін ешқандай ауытқу мен ауру белгілері байқалмапты. Нәресте екпені де уақытылы алып отырған. Алайда биыл қаңтар айының басында кенеттен қолы құрысып, аузы дірілдей бастаған. Сол арада жедел жәрдем көлігін шақырып, баланы қалалық балалар ауруханасына жеткізеді. Кейін баланың аузында ұшық болғандықтан, оны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызады.
    -Жаңа жылдың кезі болғандықтан, дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетпеді. Баланың денесі құрысып, денсаулығы нашарлады. Дене қызуы көтеріліп, ембей қалды. Аузына шприцпен су тамызып отырдым. Медбикелер тек тыныштыратын дәрі егумен ғана шектелді. Невропотолог дәрігер де уақытында келмеді. Тек келесі күні ғана баланы жансақтау бөліміне жатқызды. Біраздан соң дәрігерлер “жұлыннан сұйықтық аламыз”деді. Маған оның салдары туралы ештеңе түсіндірместен, сыртқа шығарып жіберді. Палатаға кірген кезде баламның одан са-йын әлсіреп қалғанын көрдім. Дәрігерлер оған энцефалит диаг-нозын қойды. Баламның мұндай жағдайға ұшырайтынын білгенде жұлынынан сұйықтық алдырмайтын едім. Алдын-ала жолдасыммен, ағайын-туыспен ақылдасар едім ғой, -дейді ол.
    Қазір 10 айлық Самғаттың қолы салбырап, белі ұстамай қалған. Бір кездері дені сап-сау болған баланың қазір жүріп-тұруы, тамақ ішуі де мұңға айналған. Сол себепті анасы оны уақытша “Үміт” cәбилер үйіне тапсырыпты.
    -Ауруханада ұзақ емделіп, үйге шықтық. Cодан кейін де баланың денесі дірілдеп, құрысып қалады.Дене қызу көтерілді. Жедел жәрдем көлігін қанша шақырсақ та,алған жоқ.Оған ерекше күтім керек. Баламның ауруын асқындырып алудан қорықтым. “Нұр Отан” партиясына көмек сұрап бардым. Ондағылар мемлекет есебінен балаға тегін медициналық көмек алу үшін “Үміт” сәбилер үйіне уақытша тапсыруға кеңес берді. Ұлым 20 ақпаннан бері сол жерде ем алып жатыр. Аптасына бір рет барып тұрамын. Бірақ әзірге ешқандай оңалуды байқаған жоқпын. Жақында ол жерден баламды кері алып кетемін,-дейді Эльмира.
    Әділдік іздеген ана Ақтөбе қаласының прокуроры Рүстем Салкеновтың атына арыз жазған. Осыдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызмет көрсету сапасын тексеру үшін арнайы комиссия құрғанға ұқсайды.
    -Сіздің балаңыз облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 2018 жылғы қаңтар айының 1-і мен 12-сі аралығында “Герпесті менингоэнцефалиттен кейінгі жағдай” диагнозымен ем қабылдаған. Сонымен қатар балада мимикалық бұлшық еттерінің құрысу синдромы болуына байланысты невропатолог маманмен қаралған. Оған “Токсикалық энцефалопатия. Фокальды құрысу ұстамасы”диагнозы қойылып,бас миына компьютерлік томография жасауға және жұлын сұйықтығын тексеруге кеңес берілген. Комиссияның шешімі бойынша, ҚР ДСМ-нің клиникалық хаттамаларына сәйкес “Токсикалық энцефалопатия”диагнозында жұлын сұйықтығын зерттеу міндетті диагностикалық тексеру түрі болып табылады. Сондықтан дәрігердің диагностикалау тактикасы дұрыс болған. Баладан жұлын сұйықтығын алу алдында дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізген, алайда жазбаша келісім алынбаған,-делінген басқарма басшысы Әсет Қалиевтің берген жауабында. Облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев дәрігерлердің жұмысты ұйымдастыру барысында қателік жібергенін мойындайды. Әйтсе де бұдан баланың денсаулығына зиян келмеген көрінеді.
    -Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері тарапынан жұмысты ұйымдастыру барысында жіберілген қателіктер баланың денсаулығына зиян келтірмеген. Және көрсетілген медициналық көмек сапасына әсер етпеген. Дегенмен жіберген қателіктері үшін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің 29.03.2018 жылғы №75-к бұйрығымен қарқынды ем бөлімінің дәрігер-реаниматологы Т. А. Жылқыбаевқа қатаң сөгіс жарияланды. Баланың қазіргі жағдайы менингоэнцефиалиттен кейін болып отыр. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Самғатқа өз құзыры көлемінде және тегін кепілді медициналық көмек көрсету көлемінде жан-жақты тиісті медициналық көмектер беруге әзір,-дейді ол.
    Алайда ашынған ана ақхалаттылардың бұл шешімімен келіспейді. Оның сөзінше, балаға дұрыс ем-дом жасалмағандықтан оның ауруы асқынып кеткен. Сондықтан ол жазықтылардың заң жүзінде жауапқа тартылғанын қалайды. Бұл аурудың емі Кореяда бар. Баланы толықтай денсаулығынан айықтыру үшін қомақты қаражат қажет. Алайда жолдасының азын-аулақ жалақысына ғана күн көріп отырған отбасының мұны қалтасы көтермейді. Сол себепті дәрігерді сотқа берген ол баласын шетелде емдетуді талап етіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік келіншек дәрігерлерді сотқа бермек
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • 15 мың балаға бір невропатолог немесе бір айлық нәресте тексеруден өту үшін орталыққа келу керек
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Ақтөбенің дәрігерлері қайтыс болған адамды “емдеген”
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге