Құтырма ауруы көбейді

    Құтырма ауруы көбейді

    Ақтөбе облысында жан-жануарлар арасында құтырма ауруы өршіп тұр. Жыл басынан бері жұқпалы аурудың 5 қолайсыз ошағы анықталды.

    Құтыру ауруы облыстың Ырғыз, Қобда, Шалқар аудандарында тіркелген. Індетке шалдыққан жан-жануармен қарым-қатынаста болған 17 адамға антирабиялық екпе егілді. Құтырған ит пен мысық өлтіріліп, ауру шыққан ошаққа зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, өңірде қаңғыбас ит талаған тұрғындардың қатары да артып барады. Биылдың өзінде 325 адам иттен зардап шеккен. Дегенмен құтырма ауруы адамдар арасында тіркелмеген.
    -Жыл басынан бері 471 адам ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Олар жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейленуінен зардап шеккен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 жағдайға артық. Емделушілердің 325-і иттерден, 100-і мысықтан зардап шеккен. Ал қалғандары ірі қара малдан, жылқыдан, түлкіден және басқа да жануарлардың әрекетінен жарақат алған,-дейді департаменттің бөлім басшысы Туғанай Нұрғалиева.
    Дәрігерлер жануарлар тістеген жағдайда дереу жараны сумен, әсіресе сабынмен жууға кеңес береді. Бірден медициналық көмекке жүгініп, уақытылы екпе алу қажет. Өйткені дұрыс ем-дом жүргізілмесе, адам өліп кетуі мүмкін. Әрі үй жануарларын бірден ветеринарлық дәрігерге көрсету қажет. Ауыл тұрғындарының көпшілігі індетке шалдыққан малдарын өз бетімен өртеп жіберетін көрінеді. Бұл ауру себебін анықтауды қиындатады дейді мамандар. Құтырма ауруының алдын алу үшін қаңғыбас жануарларды аулап, көзін жою жұмыстары жүргізіледі. Биыл 7 мыңнан астам иттің көзі жойылған. Сондай-ақ 300 –ден аса мысық пен 2 түлкі ауланған. Бұл мақсатқа биыл бюджеттен 52 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда құтырған мысық үш адамға шабуыл жасады
  • Ақтөбеде құтырған мысық өз иесін тырнап алды
  • Ақтөбеде мың адамды ит талаған
  • Ақтөбеде құтырма ауруынан 1 адам қайтыс болды
  • Биыл 11 мыңнан аса иттің көзі жойылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге