“Өлеміз” деп жылайды...

    “Өлеміз” деп жылайды...

    “Керек.info” газетінің редакциясына хабарласқан келіншек аты-жөнін көрсетпеуді өтінді. Қ. А. – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Бұрын жеке кәсібіне байланысты бірнеше рет онлайн несие алып, соңғысын денсаулығына байланысты төлей алмайды. Барлығы осыдан басталған. Оның бастамасымен ашылған ватцап желісіндегі 300 адамнан тұратын топқа өзі сияқты онлайн несие алып, төлей алмай, басар тауы, барар жері қалмаған қарыз алушылар жиналған. Олардың барлығы онлайн несие рәсімдеп, өте жоғары пайызынан қарыздары бірнеше есеге өсіп кеткендер.

    “Бір-бірімізге басу айтумен отырмыз”
    Біреу кәсібі, біреу банктен алған несиені, енді біреулер ипотеканың ақшасын төлейміз деп онлайн несиеге жүгінеді. Жарнамасы интернетте де, көшелердегі билбордтарда да жарап тұр. Сондықтан қарыз алушылар саны Қазақстан бойынша күрт өскен. “Артық құжатсыз, 5-10 минуттың ішінде картаңызға ақша аударамыз” десе ақшадан қысылған жұрттың құлағына майдай жақпай қайтсын?! 2017 жылғы баспасөз беттеріндегі мәліметтерге сүйенсек, 130 мың қазақстандық онлайн режимде несие рәсімдеген. “Жалақыға дейінгі несие”, “жылдам ақша” аталып кеткен бұл жүйенің жалпы қоры былтыр 16,5 миллиард теңгеге жетіпті. Орташа алатын несие көлемі 33-55 мың теңгені құрайды екен. Қ. басынан өткен жайтты баяндап берді:
    -Тендермен айналысып жүргенде бірнеше рет онлайн несие алып, уақытында қайта жауып тастап жүрдім. Былтыр шілде айында алып, оны денсаулығыма байланысты төлей алмай, арасында па-йыздарын төлеп, ұзартып жүрдім. Оларға ауырып қалғанымды ескерттім, заңгер қызметіне де жүгіндім. Онлайн сот болып, онда да судьяға ол ұйымдардың жай ЖШС екенін, лицензиялары жоқ екендігін, салық төлемейтіндерін айттым. Сот менің жағыма шыққан соң, қаржы ұйымы да ымыраға келуімізді өтініп, бұл мәселені сотсыз шешейік деді. Келістім. Нәтижесінде “қарызды шамаңыз жеткенше төлеңіз” деп айтты. Кредит-жағдайым аман-есен шешілген соң, ендігі уақытта өзімнің тәжірибеме сүйеніп, басқа адамдарға көмектескім келеді. 60 мың теңге ғана алып, төлей алмай, қарызы 2 миллионға жеткен адамдар бар. Мен Ақтөбе облысы бойынша сол кісілердің басын қосып, ватцап желісінде топ аштым. Қазір топта 300-дей адам бар. Тыңдап отырсаң жүрегің ауырады. Коллекторлар звондаса, өз-өздерін ұстай алмай, қорқып, “асылып өлемін” деп жылайтын кісілер бар. Бір-бірімізге психологиялық көмек көрсетіп, қолдап, басу айтып отырмыз. Ол кісілерді де түсінуге болады. Ішінде жарақат алып, мүгедек болып қалғандары бар. Қайтпек керек?! Біз Ұлттық банктің бұл ұйымдарды қарауына алуын, қадағалауын сұраймыз. Пайызы көп,- дейді келіншек.

    “Коллекторлар қарыз алушыларды қорқытады”
    Алдағы уақытта Қ.А. несиеге баспана алуды жоспарлап отыр. Бірнеше айға созылған айқай-шудан кейін өзара келісімге келген екі тараптың көңіл-күйі орында. Қ. жиналып қалған соманы ай сайын шамасы келгенше жауып, біржола құтылуға ниетті. Содан кейін несие тарихын жаңарттырып, банктің қара тізімінен шығаруды ойластырып отыр. Бұны өзі несие алған онлайн ұйымнан талап етпек.
    -“Күйген ауыз үрлеп ішеді” демекші, ендігі уақытта мұндай қаржылық ұйымдарға жоламайтын боламын. Форс-мажорлық жағдайды басымнан кештім. Әке-шешем, туыс-туғандарым бұл жағдайдан хабарсыз. Қарызымды жабуға жағдайлары жетеді. Дегенмен, өз проблемамды өзім шешемін, өз мойныммен көтеремін,- дейді ол.
    Айтуынша, бұндай қаржылық ұйымдармен жұмыс істеудің бір қиындығы – олар клиенттерге ескертусіз коллекторлық компанияларға барлық мәліметтерін аударып, ақшасын өндіріп алады. Ал, коллекторлар болса, қарыз алушыдан бастап олардың бала-шағасы, туысқандарына дейін телефон шалып, қорқытатын көрінеді.
    -Ватцапта талай қиын жағдайларды естіп-оқып отырамын. “Олар үйге келе жатыр, мен қазір асылып өлемін” деп жылап, аудио жіберетіндер болады. Ондай кезде “өзіңді қолға ал, коллекторлармен қатты сөзге келмей, әдепті сөйлес, сөйлескеніміз жазылып жатыр деп ескерт” деп кеңестер айтамыз. Сол кезде олар да айылдарын жинап сөйлейді. “Келісімге келейік, осы проблеманы бірігіп шешейік” десе, олар да адам баласы ғой. Түсінеді. Ал, ондайға көнбей, қоқан-лоқы көрсетер болса, аудиожазбаны сақтап, ішкі істер органдарына, прокуратураға арыз түсірулерін естеріне салып отырамыз. Бұл ғана емес. Мәселе оң шешімін таппайынша, жоғарыдағы басшыларға қайта-қайта петиция жазып, арыздар жинап, көмектесулерін сұрайтын боламыз,- дейді онлайн несие рәсімдеп, одан зардап шегіп отырғандар.

    Халық талап етті, Үкімет не дейді?
    Күн сайын еселеніп қосылатын сыйақы мөлшерлемесі бар, қызметі арнайы заңмен реттелмеген осындай қаржы ұйымдарының мәселесі жақында Парламент отырысында қаралды. Талап біреу: онлайн несиенің шарты халыққа түсінікті, ашық болуы керек және несие бойынша артық төлемнің ең жоғарғы мөлшері 100%-дан аспауы тиіс. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Ұлттық банктің микро-қаржылық ұйымдардың қызметіне қатысты заңдық тұрғыдан қарау бастамасын қолдай кетті. Бір топ ақтөбелік қарыз алушылардың талабы – осы. Себебі жылдық пайыздық мөлшерлемесі 730-1300%-ға дейін жететін көрінеді. Бірінші несие бюросының дерегіне сүйенсек, 2017 жылы 248 мың адам онлайн несие алу қызметіне жүгінген. Бұл да “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсеткен дерек. Бірақ көбісі әр түрлі себептерге байланысты қарыздарын уақытылы қайтара алмаған. Ал, қазақстандықтардың 40%-ы ғана қаржылық сауаты бар санатқа жатады. “Талап” қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, қоғам белсендісі, экономист-сарапшы Рахым Ошақбаев қиын қаржылық жағдайда қалған адамдарды кредиторлардан қорғау үшін “Жеке тұлғалардың банкроттығы” туралы Заң қабылдауды жедел түрде талап еткені белгілі. Оның айтуынша, банкрот деп танылған адам жауапкершіліктен босатылады. Бір сөзінде Қ.А. өзіне және басқа да онлайн несие ұйымдарына қарызға кірген жеке тұлғаларға Рахым мырзаның тікелей көмегі тигенін айтып, (ақыл-кеңес, заңдық қызметтер – Ы.Г.) алғысын білдірді. Себебі ең алғаш қоғамға шарасыз қалған адамдардың жан айқайын жеткізіп, соның бірі - 60 мың несие алып, төлей алмай, қарызы миллионнан асқан қыздың оқиғасын жазған болатын. Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға бір күн өтпей-ақ, қаржылық ұйым оның қарызын 90 мыңға қысқартып тастаған еді. Фейсбук парақшасында да осы мәселені жиі көтеріп, шет елдердің тәжірибелерін алға тартып, билікке нақты ұсыныстар қойып жүргені тағы бар. Егер жоғарыда аталған ұсыныстар заң жобасымен бекітілетін болса, онлайн несие ұйымдарының жылдық пайыздық мөлшерлемесі ең көбі 100 пайыз ғана болуы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда 50 онлайн несие беру ұйымдары жұмыс істейді.
    -“Тұрғылықты мекені жоқ, қаңғыбас адамдарға да, студенттер мен оралмандарға (хабарландыруда солай жазылған – И.Г.) оп-оңай ақша береміз” деп жарнама жасайтын осындай қаржылық ұйымдардың жұмысын қадағалап, заңмен реттейтін уақыт жетті. Әр түрлі маркетингтік қитұрқы тәсілдерді қолданатын шағын несие ұйымдары адамдарды осылайша өзіне тартады, тәуелділікке соқтырады,- дейді келіншек.
    Келіншек енді көрмегенім онлайн несие болсын деп отыр. Екі ойлы боп жүрген адамдарға да осыны ескертеді.

    “Несие рәсімдемес бұрын келісімшартпен мұқият танысу керек”
    Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ерболат Сақұловтың айтуынша қазір онлайн алаяқтар туралы ақпарат жиі таратылады. Ал онлайн несие рәсімдемес үшін алдымен келісімшартпен мұқият танысып алу керектігін ескертеді.
    -Егер қандай да бір заң бұзушылық пен құқығы бұзылған жағдайда тұрғындар ішкі істер органдарына шағым түсіруге құқылы. Ең алдымен несие рәсімдемес бұрын келісімшартпен мұқият танысып алу керек. Біздер апта сайын халықты онлайн алаяқтар туралы хабардар етіп келеміз,- дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыссыз әйел несие алғысы келген ақтөбеліктерді алдап соқты
  • Несиенің комиссия төлемін қайтарып алуға бола ма?
  • Әскери прокуратура онлайн-қабылдау өткізеді
  • Қазақстан банктері клиентке несие беру үшін құжаттарды өздері жинақтайтын болды
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге