Ақтөбеде жоғалған азамат бір жылға жуық құлдықта болғанын айтты

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Жанкелді Мыржақыпов шаруа қожалығында «еркінен тыс жұмыс істеген». Бір жылға жуық құлдықта болған ол өзін ұрып-соғып, қабырғасын сындырғанын айтады. Алайда бұл айыптауды кәсіпкер жоққа шығарып отыр.

    48 жастағы ер адам Темір ауданының Кеңқияқ елдімекеніндегі шаруашылықта бір жылға жуық жұмыс істеген. Кәсіпкер оған мал баққаны үшін ай сайын 30 мың теңге бермек болып келісіпті. Алайда кейін жасаған жұмысына ақы бермек түгілі, таяққа жыққан.
    -Шаруа қожалығының басшысы мені өткен жылдың мамыр айында алып кетті. Ол кезде Ақтөбедегі орталық базар маңында ішімдік ішіп жүрген едім. Қожалықта жұмыс істейтінімді, ай сайын 30 мың теңге жалақы алатынымды айтты. Сөйтіп, Кеңқияқтан 6 шақырым жердегі шаруа қожалығына апарды. Ол жерде менен бөлек ұлты орыс, ерлі-зайыптылар да жұмыс істеді. Бір айдан соң мені Қанат кез-келген нәрсені сылтауратып, тепкінің астына алды. “Сенің сұрауың, іздеуің жоқ” дейтін. Екі рет жаяу қашып шықпақ болдым. Бірақ жолда қолға түсіп қалдым. Ұрып-соқты. Енді қашсам, сотталатынымды айтты. Қатты соққыдан қабырғам да сынды,-дейді ол.
    Бұл кезде туыстары із-түссіз жоғалып кеткен оған іздеу
    жариялапты. Полицияға хабар беріп, суретін бұрыш-бұрышқа ілгізген көрінеді. Аяқ жетер жердің бәрін ақтап, аралап та шыққан. Бақсы-балгерді де жағалапты. Алайда еш хабар болмаған. Жәбірленушінің жақындары жоғалып кеткен туыстарының хабары тек 11 айдан кейін жеткенін айтады.
    -25 сәуір күні төбелес болған. Міржақыпты қорадағы қой мен қозыны ажырата алмағаны үшін таяққа жыққан. Өзімен бірге жұмыс істеген ерлі-зайыптылар оны ажыратпақ болыпты. Сол кезде біреуі ұялы телефон арқылы полицияға хабар берген. Бірақ учаскелік инспектор келген кезде шаруа қожалығының басшысы көлігіне мініп, қашып кеткен. Ал Міржақыпты Темір ауданындағы ішкі істер бөліміне әкеліп, тексерген. Полицейлер оның құжаттары жоқтығын, іздеуде тұрғандығын анықтаған.Сөйтіп, бізге хабар берді,-дейді күйеу баласы Серік Жұмабаев.
    Туыстарының айтуынша,әлі күнге дейін бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Олар жақындарын соққыға жыққан кәсіпкер жазасыз қала ма деп алаңдайды.
    -Темір ауданының ішкі істер бөлімінде оны бір күннен астам уақыт бойы ұстады. Бірақ ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Себебін сұрасақ, прокуратураның рұқсат бермегенін айтты. Міржақыпқа бір қағазға қол қойдырып алыпты. Оның не екені белгісіз.Бізді прокурор қабылдаған жоқ. Ол қылмыскер емес, жәбірленуші ғой?! Неге туыстарымен ашық сөйлеспей, тығылып, қол қойдырып алады.Ол бір жыл бойы іздеуде жүрген, зардап шеккен адам ғой?! Шаруа қожалығының иесі оны ұрып-соққан. Жарытып тамақ та бермепті. Құлдықта ұстаған. Біз бұл істің жабылып қалуынан қорқамыз,-дейді туыстары.
    Әділдік іздеген туыстары енді облыстық прокуратураға және қаржы полициясына шағымданды. Ал шаруа қожалығының басшысы Қанат Базарғалиев бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.
    -Жанкелді өткен жылдың 15 мамырынан бастап біздің шаруа қожалығында жұмыс істеді.Өз еркімен келді. Ешкім күштеп, ұрып -соққан жоқ. Ешкім қорлық көрсеткен жоқ. Егер құлдықта ұстасам, осыған дейін ебін тауып, қашып кетпей ме?! Өзі бір жыл жұмыс істейтінін айтты. Ал 25 сәуір күні асау тайды бас білдіріп, үйретпек болған едік. Жангелді атқа мініп, жығылып қалды. Бетіндегі жарақатты сол кезде алған. Қашып кеткеннен кейін Ақтөбедегі үйіне іздеп бардық. Ондағы ойым кешірім сұрау емес еді. Өйткені оны ұрғаным жоқ. Ол мал бағып жүріп, 7 қойымды жоғалтып алды. Сол кезде де қолымның ұшын тигізген емеспін. Жанкелдіге жалақысын бермек болған едім. Бірақ оны үйінен таппадым,-дейді ол.
    Кәсіпкер бұрынғы жұмысшысының өзіне жала жауып отырғанын айтады. Өзінің кінәсіз екенін айтқан ол қарсы шағым жазуға дайын екенін айтты. Әзірге бұл оқиға туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі ешқандай ресми ақпарат берген жоқ. Дегенмен қазір бұл оқиғаның тексеріліп жатқандығын және кейінірек мәлімет берілетіндігін айтты. Айта кетелік, соңғы кезде Ақтөбеде құлдыққа түскенін айтып, шағымданатындардың қатары көбейді. Осыған дейін ақтөбелік Есенбол Дүйсенов өзінің құлдықта болғанын айтқан еді. Ол Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеген. 48 жастағы азамат құлдықтан қашып құтылғанмен, екі аяғынан бірдей айрылып қалған. Дәрігерлер оны үсіп кеткендіктен, тізеден төмен кесуге мәжбүр болыпты. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қылмыстық топтың мүшесі адамдарды құлдықта ұстаған
  • Ерлі-зайыпты шопандар мал ұрлаған
  • Шаруа қожалығының басшысы туысының жылқысын ұрлаған
  • Облыстың екі тұрғыны жарты жыл құлдықта болған
  • Алты жыл құлдықта болғаны үшін 500 мың теңге алды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге