Соғыс жалмаған балалық

    Соғыс жалмаған балалық

    ...Біз соғысты көрген жоқпыз, естідік,
    Соғыстан соң туғандармыз,
    Етек жауып, ес біліп.
    Соғыс үні жетім болып, жесір боп,
    Тұратындай әлі бізге естіліп…

    ...Осыдан сәл ғана аз уақыт бұрын соғыс тақырыбына әлдеқандай мақала жазу керек болса, ол оңайға түсетін. Кез келген үйден, кез келген мекемеден соғыс ардагері табылатын. Біздің ұрпақ көрмеген сұмдықты дауыстары дірілдеп, иектері кемсеңдеп отырып әңгімелегенде... сол соғыстың ортасында өзіміз жүргендей... немесе соғыс кино көріп отырғандай әсерде қалатынбыз. Жазу-сызудың айналасында жүрген аз-маз өтілімізде талай соғыс ардагерінің есімін тасқа басылған сөзбен қашап, талай соғыс жесірінің сарғайған сағынышын, үміті мен арманын естелікке айналдырғанымыз көңілімізге сәл мақтаныш сыйлайтындай.
    Биыл да сол әдетімізбен ауданымыздан соғыс ардагерлерін іздедік. Олардың жоқ екенін, Жұмыр жердегі өздерінің ерлік жолдарын аяқтап, мәңгілік мекендеріне аттанып кеткенін білетінбіз. Көңілдің бір түкпірінде « ең болмаса соғыс жесірлерінің біреуін табармыз» деген үміт оты жылтыраған... «Кешікпей жарым келер деп, төрінен орын сайлап» батысқа сарғайған соғыс жесірлері де, сол боздақтарымен ақиретте кездесуге ниеттенгендей... олар да қалмапты. Соғыс естеліктері санада сарғайып, өшіріле бастағандай ма? Жоқ! Соғыстың «төлдері», соғыс жылғы балалар бар екен. Өздері де сексенді иектеп қалған, соғыстың сұрапыл жылдарында, одан кейінгі қоңторғайлау заманда «арқа еті арша, борбай еті борша» болып жүріп ерте есейген, соғыстан кейінгі ел еңсесін көтеруге ересектермен бірге иық тіресе еңбектенген ұрпақ- соғыс жылдарындағы балалар туралы болмақ бүгінгі әңгіме. Ал кейіпкеріміз- аудандағы елге сыйлы ақсақалдарымыздың бірі, Ырғыз тарихын терең білетін, өзі көп жыл ауданымызда абыройлы қызмет атқарған Асқар Қасымұлы Шәмиев.

    ...Сол балалық кезден Асқар ағаның есінде қалған әке бейнесі тіпті көмескі. Соғыс басталғанда бар болғаны төрт жасар сәби болғасын ба екен, әлде Ырғыз военкоматының буфетінен әкесі әперген мәмпәсидің дәмі таңдайында ұзақ қалды ма екен, Асқар аға әкесінің соғысқа қалай кеткенін де білмей қалды. Әйтеуір, маңдайынан сыйпайтын асқар тау әке ұзақ уақыт көрінбеген. Ойын баласының санасында оның бейнесі тіпті ұмытыла бастағандай да еді.
    Алты жасар кезі. Өзі сияқты аш құрсақ, жылаулы көз балалармен, айран-асыр балалық өз дегенін жасатып, көшеде шуылдап ойнап жүрген. Қайдан, қалай келгені белгісіз, өзіне қарай бір аяғы жоқ солдаттың екпіндей басып жақындай бергені есінде. Қасындағы ересектеу балалар «Асқардың әкесі соғыстан келді!» деп шаба жөнелгенде ғана, Асқар есінде еміс-еміс бейнесі қалған, өзіне соншалықты жақын бір жанның-Әкесінің өз өмірінде қайта пайда болғанын сәбилік түйсікпен ұқты.
    -Бір аяғын Воронеж түбінде көміп келсе де, мен әкесі бар бақытты бала едім,-деп әңгімелейді сол бір жылдар туралы Асқар аға бізбен әңгімесінде.- Бұл 1943 жыл еді. Мен де жетіге аяқ басып, есімді біліп қалғам. Елдің жағдайы аса қиын болатын. Қазір орны қалды, Ырғызда үлкен балалар үйі болды. Баудияров Төлен деген Ырғыздың мықты азаматтарының бірі сол балалар үйінде меңгеруші еді. Дос-жарандығы бар ма, әлде менің әкемнің соғыс көріп келгендігі ме екен, әйтеуір сол балалар үйіне менің әкемді де қызметке алды. Несін жасырайын, қызым, менің сол жылдары аштан өлмей қалғаным, болмаса аурудан өліп қалмағаным сол детдомның арқасы болатын. Ылғи Үрім-қырымнан жиналған көгенкөздерге ауыл әйелдері қол диірменмен талқан тартып, быламық жасап беретін. Бірақ құр талқан талғажау болсын ба, көбі қабырға сүйектері ырсиып, өте жүдеу көрінетін. Тіпті, қазір су жағалаудағы орны да тегістеліп кеткен жерге талай баланың өлігі көмілгенін де білемін. Оларды әспеттеп көміп, басына белгі қойып жатқан кім бар дейсің, әйтеуір бетін жасырған ырымын жасайтын.
    Әлгі баяғы аты шулы екі ашаршылықты айтып жүрміз ғой қазір, ал соғыс кезінде тылда аштық болмады деп кім айтты? Болды, бірақ оны кешегі кеңестік идеология айтқызбады. Бұрын Татарская атанған, қазіргі Жангелдин көшесінде аштықтан бұратылған адамдардың өліп жатқанын өз көзіммен көрдім. Енді «топырлап қырылып жатты» деп айта алмаймын, бірақ алыс ауылдардан Ырғызға нәпақа іздеп келген адамдардың бірнешеуінің солай өлгенін көрдім.
    ...Арасында, әлденелерді есіне түсіріп, аздап кідіріңкіреп қалғаны болмаса, Асқар аға сол соғыс кезінен бергі Ырғыз тарихын өте жетік біледі. Қай жылдары кім ауданда бірінші хатшы болды, елге келген белгілі тұлғаларды күні кеше болғандай әңгімелейді. Аса бір жылылықпен еске алған кісісі- Ырғызды соғыстан кейін басқарған Нұрқасым Бердіқұлов. Сұр галифе киіп жүретін Нұрқасым Бердіқұлов бейнесі ырғыздықтарға жақсы таныс. Сол хатшының екі ерлігін ел әлі күнге тамсана әңгімелейді. Бірі- қол күшімен, елді жұмылдырып, Ырғыздан бөгет салғаны болса, екіншісі- соғыстан кейінгі жылдары сол кезде мектеп бітірген 71 түлекті Қазақстанның әр түрлі қалаларына оқуға аттандырып, оларға аудан есебінен шәкіртақы төлеп тұрғаны.
    Ал біз Асқар аға әңгімесінен тағы бір тың тарихтың бетін аштық. Нұрқасым Бердіқұлов ағамыз партия билетін атақты Бәймен Алмановтың қолынан алған екен. Кейін Бәймен Алмановтың басына бұлт үйрілгенде, ол кісі Алмановтың ақылымен, Баянауыл асып, бас сауғалаған. Өзі Алматы облысының тумасы болса да, Ырғызға Баянауыл жағынан келген. Ал Асқар ағадан білген тағы бір қызық мәлімет- сол Нұрқасым Бердіқұлов басы дауда жүрген, атын атасаң өз басың бәлеге қалатын Алаш арыстарының ұрпақтарына, нақтырақ айтсақ, Орынша Қарабалина (Ұ.Құлымбетовтің ағасының қызы) мен Байғали Алмановқа (Бәймен Алмановтың інісі), сол кездің өзінде-ақ қорықпай қол ұшын берген. Мысалы, Орынша Қарбалинаны біз жоғарыда айтқан 71 студенттің арасына қосып жіберген, ал Байғали Алманов сері, жырау адам болған екен, оған көшпелі клубтан қызмет беріпті. Малшы-қойшыларды аралап әнін айтып, жырын жырлап жүретін болған.
    (Біз ауданымыздың білікті, білімді азаматтарының бірі Ерік Суханберлин ініміздің көмегімен жырау тұрған үйді тауып алдық. Суретте)
    -Жеңіс тойы болғаны есімде,-деп әңгімесін жалғастырды ақсақал.- Мен 1 класқа барып жүрген кезім болатын. Әркім қолындағы барымен ұлан-асыр той жасады. Бәйге болды. Бәйгеге тігілген атан түйенің, қазіргі тілмен айтқанда, аудан бюджетінен алынғанын, әлде қайдан алынғанын білмеймін, бірақ мына Қалалыкөлден ат жіберіліп, бас бәйге -түйені «Кедей торы ат» деген ат жеңіп алғанын білем.
    Асқар ағамыз ауданның арғы-бергі тарихын көп біледі екен. Тіпті қазақтың атақты әншісі Сара Тыныштықұлованың Ырғызға келін болып түсіп, тойында ән шырқағанына дейін есінде.
    Соңғы бір-екі жылда аздап көзі сыр бергені болмаса, Асқар ақсақал әлі күнге дейін ауданның бар өмірінен хабардар. Кейбір көңілі толмайтын жәйттерді де кейбір балалары қызметтің құлағын ұстап отырғасын күлбілтелейтін қариялар құсамай, ашық айтады.
    Жалпы біз Асқар ағаға Ырғыздың соғыс жылдарындағы жағдайын білу үшін ғана барған едік. Алайда, қоржынымызды өзіміз білмейтін, бірақ келешек ұрпақ үшін тасқа басып жазып қалдыруымыз керек көп жәйтпен толтырып қайттық.
    Ырғызда алғаш рет комсомол хатшысы болған қыз Бекенова Мәскуда, Сталинград шайқасына қатысқан Әжібаева Қазен, Меккеде мешіт салдырған Нұрманов Жұмабай деген ырғыздық азаматтың әкесі (атын есіне түсіре алмады), атақты әнші жерлесіміз Геннадий Шульганың біз білмейтін өмірбаян беттерін де Асқар аға әдемі әңгімелеп берді.
    Әр түрлі қызметтерде болған, білімді, білікті ел азаматтарының бірі-Асқар аға Шәмиев қазіргі көзі тірі шежірелердің бірі. Өзі де апамыз Жамал екеуі ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. Көңілі әлі сергек, көзі көрмесе де теледидарды қағыс қалдырмайды. Елдің жақсысына сүйсініп, жаманын сынайтын қыршаңқы мінезі әлі қалмаған.
    ... «Ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген халық даналығын іштей тағы бір мо-йындап, Асқар ағамыздың үйінен бәленбай тарих арқалап шықтық. Енді оны жазып, тасқа басып, келер ұрпақтың алақанына шып-шарғасын шығармай жеткізу- айшықты міндетіміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мереке қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
  • Ешкім де ұмытылмайды!
  • Ақтөбелік ардагерге 71 жылдан соң “Қызыл Жұлдыз” Ордені табысталды
  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Соғыс жылдарындағы Ойыл
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге