Ақтөбеде тегін жер алғандардың құрылысы жүрмей жатыр

    Ақтөбеде мемлекеттен 10 сотық жер телімін алып, баспана салғандар үйлеріне қоныстана алмай отыр. Өйткені әлі күнге дейін инженерлік желілер жүргізілмеген көрінеді. Тұрғындар құрылыс материалдарының ұрлануынан қауіптеніп, күндіз-түні үйлерін торуылдап жүр.

    Ақтөбе қаласының тұрғыны Сағындық Ибраев жер кезегін 12 жыл күткен. Көптен күткен арманына былтыр ғана қол жеткізіп, үй құрылысын жүргізе бастапты. Алайда көп ұзамай қуанышы су сепкендей басылған. Өйткені оған жер учаскесін берген қала іргесіндегі Бекқұлбаба ауылында не су, не газ жоқ. Тіпті әлі күнге дейін жарық та берілмеген.
    -2005 жылы жер кезегіне тұрғанмын. Өткен жылы 10 сотық жер телімін алып,баспана тұрғыза бастадым. Екі айдың ішінде үйдің іргетасын қалап, қабырғасын көтеріп қойдым. Төбесі де жабылды. Ішкі жұмыстары да бітіп, терезелері де салынды. Бірақ инженерлік желілерге қосылмағандықтан, құрылыс жұмыстары кешеуілдеп жатыр. Былтырдан бері үйге көше алмай отырмын. Ауылға газ, су мен жарық желілері тартылса да, оны қоса алмай отырмыз, -дейді ол.
    Зейнеткер осыған дейін құрылысқа қажетті электр энергиясын генератордың көмегімен алып келген. Суды да сатып алуға мәжбүр.
    -Құрылысқа қажетті электр энергиясын алу үшін генератор пайдаландым. Оны тәулігіне 4 мың теңгеге жалға алып отырмын. Ал суды бөшкемен сатып алып келемін. Үш күнге жетеді, бағасы 6 мың теңге тұрады.Былтыр 9 метр тереңдікте құдық қазып, су шыққан. Ол да биыл тартылып қалды. Жұрт секілді ағаш егіп, бау-бақша да салған едік. Енді не істерімізді білмейміз?! Адамша өмір сүргіміз келген. Бірақ әзірге ол қолдан келмей жатыр. Енді үйімнің сыртын кірпішпен қаптағым келеді. Оған бетонараластырғыш керек. Бірақ қазір қолымдағы матордың оған күші жетпейді,-дейді тұрғын.
    Қазір Сағындық Ибраев Ақтөбеден 25 шақырым жерде орналасқан ауылға күн са-йын көлігімен қатынап жүр. Қас қарайғанша жолдасымен бірге үй маңын торуылдайды. Өйткені осыған дейін баспана иесіз жатқандықтан, құрылыс мате-риалдары ұрланып кеткен.
    -Құрылыс материалдарының жартысы үйде, қалғаны сыртта тұрды. Қыста салқын болғандықтан, көшіп келе алмадық.Сол кезде біразы ұрланып кетті. Көршілердің де бөшкелері қолды болды.Сондықтан қазір күндіз-түні үй маңын күзетіп жүрміз. Түнгі сағат 3-4-ке дейін жүреміз. Содан кейін қалаға қайтамыз. Қазір уақытша қызымыздың үйінде тұрып жатырмыз. Қазіргі жағдайымыз қиын. Не күлерімізді, не жыларымызды білмейміз?!Кімге шағым айтып, баратынымыз да белгісіз?! Егер екі жылдың ішінде үй салмасақ, жерді қайтарып алатын көрінеді. Бұл жерде су мен жарық жоқ екеніне ешкім қарамайды. Бар мәселеге халықты кінәлайды ғой?! Біз де жерден айрылып қалудан қорқып, құрылысты бастап кеткен едік. Енді азапқа түсіп жүрміз,-дейді ол.
    Зейнеткер мәселенің шешімін сұрап, былтырдан бері талай табалдырықты тоздырған. Алайда түк нәтиже шықпаған. Тіпті “Нұр Отан” партиясының Ақтөбе қаласындағы филиалына да хат жазып, арызданыпты. Ондағылар тұрғын үй коммунальдық шаруашылық бөлімінің жауа-бын жолдаған. Шенеуніктер бар кінәні қалалық құрылыс бөліміне аударған көрінеді. Яғни, электр энергиясы объектісі өз меншіктеріне өткеннен кейін ғана ауылдың жарыққа қосылатындығын айтқан. Амалы таусылған қария енді биліктен жауап күтеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде суға кеткен үйлер қысқа дайын ба?
  • Ақтөбеліктер мемлекеттен алған 10 соттық жерді интернет арқылы сатып жатыр
  • Ақтөбеде мүгедек жан 10 жылдан бері үйін заңдастыра алмай жүр
  • Үйлерін су басқан ақтөбеліктер жаңадан баспана сала бастады
  • Ақтөбеде жер қанша тұрады?
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге