Қасиетті Рамазан айы басталды

    Қасиетті Рамазан айы басталды

    Адамдар үшiн тура жолды түсiндiрiп, ақ пен қараны, сауап пен күнәні, ақиқат пен жалғанды, жақсы мен жаманды айырушы, жаман қылықтан сақтандырушы, Құран Кәрiм түсiрiлген қасиеттi Рамазан айы да келіп жетті. Бұл қасиетті айда күллi мұсылман үмбеті Алла Тағала алдындағы парызы саналған Рамазан оразасын ұстайды.

    Иә, Рамазан iшiнде барша мұсылмандар Алла Тағаланың шапағат, рахымына бiрiнен-бiрi артық бөлену үшiн қолдарынан келгенше мүбәрак айды тиiмдi өткiзуге, қасиеттi айда дұға-тiлектерiнiң қабыл болуы үшiн мүмкiндiгiнше қайырлы iстердi көбейтiп, жүрегi, тiлi және iс-әрекетiн де құлшылыққа арнауға тырысады.
    Ардақты Алла Елшісі (c.ғ.с.) Рамазан туралы өз хадистерінде: «Рамазан Мүбәрак ай. Ол айда Алла тағала сендерге ораза ұстауды парыз етiп, жәннат есiктерiн айқара ашып, тозақ есiктерiн тарс жауып, жын-шайтандарды кiсендеп қойды. Ол айда мың айдан қайырлы түн бар» (Имам Насаий), - делінген. Сондай-ақ, басқа хадисте: «Кiмде-кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса және Қадір түнін шын иман және ықыласпен сауап үмітінде өткізсе, оның бұрын iстеген күнәлары кешiрiледi», - делінеді.
    Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.
    Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, Шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», – деген.
    Демек, мұсылман жұртшылығы Рамазаннан бұрын болатын Шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған Шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – Рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі.
    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты. Аталмыш мекеме 16 мамырда астрономиялық құралдар көмегімен жаңа айды көруге болатынын мәлімдеді.
    Осыған орай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «17 мамыр – Рамазан айының бірінші күні», – деген шешім қабылдады. Демек, биыл, яғни 2018 жылы Рамазан айы - 29 күн. 16 мамыр күні барлық мешіттерде тарауих намазы басталады. Ал маусымның 11-нен 12-не қараған түн - қасиетті Қадір түні деп жоспарлануда. 15 маусым - Айт мерекесі. Ақтөбенің барлық мешіттерінде Айт намазы 15 маусым күні сағат 07.00-де оқылатын болады.
    Сағына күтіп, қимай қоштасатын ораза – араб тіліндегі «саум» сөзі. Мағынасы «бір нәрседен алшақ тұру, адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу». Ал, терминдік мағынасы – арнайы ниет ете отырып таңның атысынан кештің батысына дейін ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Ораза құлшылығы Мәдинада хижраның ІІ жылы мұсылмандарға парыз етілген. «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді», - делінген.
    Ақтөбе қаласы бойынша алғашқы күннің таң намазының уақыты - таңғы сағат 03:15. Осы уақытқа 10 минут қалғанға дейін сәресін ішіп біту керек. Әр күннің оразасы үшін жеке-жеке ниет ету қажет. Ораза ниеті: «Алла ризалығы үшін таңнан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
    Ал, алғашқы күнгі ауызашар уақыты Ақтөбе қаласы бойынша 20:59. Ауызды құрма немесе сумен ашуға болады. Ауызашар дұғасы: «Иә, Алла! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Өзің берген ризықпен ауыз аштым. Саған иман етіп, Саған тәуекел еттім. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келер күнәларымды кешіре гөр!».
    Пітір садақа мөлшері – ҚМДБ-ның төралқа жиналысында Қазақстан бойынша 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы – адам болып жаратылғанымызға шүкіршілік ету және мол сауапқа кенелу мақсатында берілетін Рамазан айына тән садақа. Оның шарттары: мұсылман болу, еркін болуы және нисап мөлшеріндегі байлыққа ие (85 г. алтын) болу. Пітір садақасы дүние-мүліктің емес жан басының садақасы болғандықтан, зекеттегі сияқты негізгі қажеттілігінен артық дүние-мүлікке бір жыл толуы шарт емес. Пітір садақасы Рамазан айы алғашқы күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беріледі. Алайда, Рамазан айының соңғы күндерінде бергені абзал. Пітір садақасы зекет берілетін адамдарға беріледі. Пітір садақасын жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға және білім жолындағы студенттерге де беру үлкен сауап болып саналады. Сондай-ақ, ауылдық, аудандық және қалалық мешіттерге беріледі. Десе де, аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде халықтың пітір садақасынан түскен қаражат оның коммуналдық, басқа да шығындарын өтеу мақсатында жұмсалатындығын ескерсек, тұрғындардың пітірді жергілікті жеріндегі мешіттерге бергені абзал.
    «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешіті қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Нақтырақ айтқанда, қала мешіттерінде қазақи дәстүр бойынша киіз үйлер тігіліп, ауызашар дастархандары жайылады. Рамазан айына тән тарауих намазында Құран хатым түсіріліп, ораза айы рухани үгіт-насихат жұмыстарының алаңына айналмақ. «Отыз күнге – отыз
    сауап» деген атаумен қайырымдылық шаралары қолға алынып, қасиетті айдың әр күнінде мұқтаждың қажетін өтеп, қарнын тойдыру, қаржылай көмек беру сынды бір ізгі амал іске асырылады.
    «Жақсылықта жарысайық!» деген ұранмен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілу жос-парлануда. Құранда Алла Тағала: «Жақсылықта жарысыңдар!» деп бұйырған. Сондықтан барша ақтөбелік жұртшылықты қасиетті Рамазан айында әр түрлі бағыттағы жақсылықта жарысуға шақырамыз.

    Ақтөбе облыстық орталық
    «Нұр Ғасыр» мешітінің
    баспасөз қызметі

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады
  • Рамазан айы басталды
  • Имам: Қадір түнінде Қыдыр ата келмейді
  • Имамдар ақтөбеліктерді ішімдіксіз той өткізуге шақырды
  • Қош келдің, Рамазан!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге