Ақ лайнерге үміт артқан қос ғашық

    Ақ лайнерге үміт артқан қос ғашық

    2005 жылы Болат пен Айнұр туралы БАҚ-та жазды, ақындар да жырлады, халық та тебіренді. Жүрегі қатты адамның өзін езіп жіберетін 13 жыл бұрынғы оқиға ата-ананы естерінен тандырып, күллі қазақ халқының қабырғасын қайыстырды. Шынашақтай қыз бен батыр тұлғалы жігіттің есімдері тарихта алтын әріптермен жазылды. Сол ма еді керегі?...

    “Айнұрдың әкесімен отасқаныма 50 жылдан асты”
    Ең бірінші әсер – Айнұр аумаған анасы Шолпан екен. Шолпан апай мен Елемес ағаның жас кезіндегі суреттеріне қарап, Айнұрды таныдым. Сөреде Айнұр мен Болаттың да суреттері тұр. Үстел толы газет қиындылары, суреттер, естеліктер. Шолпан апай жаны қалмай, әр газеттегі ақпараттарды ауызша айтып, суреттерді бірінен соң бірін қолыма ұстатып жатыр. 70 жасынан әлдеқайда жас көрінсе де, апайдың бетіндегі әжімдерде қызының мезгілсіз қазасының ізі сайрап жатыр. Мықтылығы шығар, жиі күлімсіреуге, жиі күлуге тырысады. Дегенмен, көңілі көз жасының дариясына толы. Айнұр, Болат деген сайын алқымына өксік тығылып, көз жасы ыршып шыға берді. Әңгіме ауанын басқа арнаға бұрып, Елемес ағамен танысқан кезін әңгімелеп беруін сұрадым. Отбасы күніне орайлас кездесу, қанша дегенмен. Шолпан апай ағайдың есімін сирек атап отырды. «Азаматым» деп қолын жүрегіне қойып сөйлеген сайын, жарына деген махаббатының, құрметінің сол қалпында екенін байқайсың. Байқайсың да сүйсінесің. Ол үшін оның абыройы – бірінші орында. «Қалай таныстыңыздар» деп сұрадым. «Жолдасыммен танысқанымды айтайын ба?» деп апай лезде күлімдеп шыға келді. Айтуынша, екеуі 60-жылдары кездейсоқ қонақта танысыпты. Қолаң шашы белінен түскен, аққұба өң, талдырмаш қызды жас жігіт бірден ұнатып қалады. Қыз да іштей жақсы көріп тұрады. Бірақ ибалыққа салынып, емеурін білдіртпейді. Бір жылдан соң әлгі жігіттен «Шолпан, мен сені сүйемін!» деген хат келеді. Шолпан Сүлейманова ол кезде бар-жоғы 18 жаста. Белсенді, пысық, еркек шора боп өскен, бір үйдің жалғыз қызы. Анасының «еш уақытта сен туралы жаман сөз естімейін» деген ақылын санасына түйген зерек қыз 1967 жылы тұрмыс құрады. Жары Елемес Нұғыманұлы ол кезде қазіргі М.Оспанов атындағы БҚММУ-дің емдік факультетінің 3-курс студенті болатын. Жастықтың, махаббатқа мастықтың желеуімен жауапкершілігі мол өмірге аяқ басқан ерлі-зайыптылардың басында үйі болмаса да, күйлері мәз болмаса да, шәй деспей өмір сүреді. Отағасы – әлі студент. Балалар бірінен соң бірі дүниеге келіп жатыр. Шолпан апай – кітапханашы. Сонда да «қиындыққа мойымадық» дейді. Шолпан апай бір сөзінде он құрсақ көтергенін айтты. «Тоғызын өрбіттік» дегеніне қарап, оныншы баласы Айнұр болар деп ойладым. Сөйтсем Айнұрымен тоғыз екен. Ана жүрегі Айнұр қызын әлі күнге қазаға қимайды.
    -Өзім туып-өскен Әлия ауылына келін боп түстім. Келін боп түскен әулетімнің босағасы алтын екен. Қолаң шашым атамның көзіне түссе керек, «орамалыңды шешіп жүре бер» деп ықылас танытты. Сонда да басымнан ақ орамал тастамадым. Енемді «әже» дейтінмін (күлді-ред.). Тату-тәтті өмір сүрудің сыры не дейсіз бе? Кешірімшіл болдым. Ыдыс-аяқтың сылдырлаған уақытында тез басылып, сөйлесіп кететінмін. Дәрігерлік жұмыстың қиындығы мың есекке жүк. Ғұмырының 45 жылын медицинаға арнаған ағаң екеуміз Әйтеке би, Қобда аудандарының біраз ауыл-бөлімшелерінде тұрдық. Күн-түн демей, тереземізді тарсылдатып, отағасын шұғыл алып кететін. Ол өзі бас фтизиатр, окулист, эндикринолог, терапевт, пси-хиатр, нарколог, тіпті гинеколог та болды. Ауданнан 70-80 шақырым қашықтықта жатқан малшы ауылдарда он күн, жарты ай жататын кездерінде анам «қызым Елеместі күтпей, өзің айыр-күректі алып малды жайлай бер» деп айтатын. Өмірі қораға кіріп, қидың иісін иіскеп көрмеген басым малды да жайғап, сиырды да сауып, үйге де қарап, үлгеріп жүрдім. Таңғы 6-да тұрғаннан қол-аяққа дамыл жоқ. Хатшы, кітапханашы, мұғалім боп қызмет істегенім тағы бар. Жеті баламды анам бағып берді. Азаматыммен отасқанымызға былтыр 50 жыл толды. «Алтын тойға» абыроймен жеттік. Он құрсақ көтердім. Біреуі кішкентай кезінде шетінеп кетті. Көп балалы ана ретінде айтайын: ұл-қыздарым бір-бірін бағып өсірді. Балаларымның бәрі шетінен тәртіпті, оқуда озат болды. Арасында қатал ұстадым. Әкесі тоғыз баласын бөліп-жармай, бәрін бірдей жақсы көрді. Айнұр – әкесінің қызы болатын, мойнынан түспеді. Өзі кіп-кішкентай, әппақ, пысық. Әкесі шақыртуларға барғанда қызын өзімен бірге алып кететін,- дейді ол.

    “Айнұр жұмысқа да, білімге де бірдей еді”
    Айнұр түрлі конкурстарға қатысқанды жақсы көріпті. Қызмет ете жүріп, журналистік қырынан да танылады, «Қазақстан Аруында» «Ең сүйкімді ару» номинациясын жеңіп алады. Алғыр, жолы болғыш. Үнемі анасына «мен 7-тамыз күні, 1977 жылы дүниеге келдім. 7 саны қасиетті, мен бақыттымын, мама» деп жиі айтады екен. Алдында қандай сынақ тұрса да, өтіп кетеді. «Мұнайтас» компаниясында қызмет істеп жүріп, Болатпен танысады. Лондондағы Еуропалық бизнес мектебіне оқуға кеткен Айнұрдың соңынан Болат та барады. Екеуі Англияның Кардиф университетінің магис-тратурасында оқиды. Болат оған дейін «Мұнайтас» компаниясында, Ақтау халықаралық теңіз-сауда портында еңбек етіп жүрген болатын. Болаттың арманы – Ақтауда халықаралық дәрежедегі порт салу болса, ал Айнұр Астанада Еуропалық бизнес мектебі сынды оқу орнын ашуды көздеп жүрді. Екеуі де «Болашақ» бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі. Айнұр Қобда ауданы бойынша ең бірінші боп «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға аттанған қыз екен.
    -Әкесінің қызы кітапты көп оқушы еді. Өте қайырымды болды. Жүрген жерінде елге көмектесіп жүретін. Қайырымдылық пен конкурстар – оның өмірінің айнымас бөлшегі еді. Шетелде ерлі-зайыпты ағылшындардың үйінде жатқанда тамақтарын істеп, үйлерін тазалап береді екен. Олар таң қалады дейді. Қызым ақ саусақ боп өскен жоқ. Кірді де жуды, үйді де ақтады, арасында мал жайғауға да көмектеседі. Қара жұмыс пен білімге бірдей болатын,- дейді анасы.

    “Біз Болатжанды, олар Айнұрды көріп үлгерді”
    Шолпан апай Айнұр десе сөйлей алмай қаламын» деп кібіртіктеп, әңгімесін әрі қарай жалғады. Уақыт емдеуге шарасыз бір жағдай болса, ол бауыр еті баласының қазасы. Шолпан Сүлейманова солай дейді. Амалсыз өткен күндерін еске түсіріп, аз сөйлеп, көп тоқтап, жиі қозғалақтап отырған анаға жап-жас боп басу айту да ерсі. Үнсіздікке үнсіздікті жалғап оты-ра бердім. Демін ішке тартып, серпілгендей болды.
    -Қыздарымнан “Айнұрдың жігіті бар ма?” деп сұрайтынмын. Олар Болат туралы ауыздарын толтырып, мақтай жөнелетін. Біз кезінде Болатты көріп қалдық. Алматыға тісімізді емдетуге барғанда өзі бізбен танысуға келіпті. Жігіттің төресі еді Болатжаным... Алып денелі, кең иықты, батыр сомдас, қазақтың қара торы, әдемі жігіті екен. Клиникаға кіріп келгенімізде ұшырасып қалдық. Сосын Айнұр өзі таныстырды ғой. Айнұрымды Болаттың ата-анасы бір рет көріп үлгеріпті. Жамбылға тойға барғанда қызым құдамның көзіне түссе керек. Ұлын шақырып алып «мынадай қызға неге үйленбей жүрсің» деп айтқан екен. Болашақ келіні екенінен хабары жоқ. Сондай бір қызық оқиға болыпты. Тағдырға шара бар ма?! Екеуі қыршын кетті. Қайғылы оқиғадан он күн бұрын Айнұрым «Мама, бізді күт. Жақында жолға шығамыз» деп хабарласты. Таразда жігіттің әкесі киіз үй құрып, келін түсіруге дайындалып отыр екен. Біз де тойдың қамына кірісіп кеткенбіз. Екеуі толтырып сыйлық алған. Англиядан Бакуге сәтті ұшып келіп, Бакуден Ақтауға кемемен келулері керек еді. Билеттерін өткізіп, дайын тұрған ұшаққа мініп кетеді. Үйге асығып тұрып, ажалға асыққандарын қайдан білсін?! 20 минуттан кейін лайнер атылып, өртеніп, қақ айырылады. Екеуі ұшақ теңселіп жатқанда бір белдікпен өздерін байлап үлгеріп, құшақтасқан күйі көз жұмыпты. Сүңгуірлер құшақтары айқасқан мүрделерді көріп...(сөзін аяқтай алмады – ред.). 2005 жылдың 23 желтоқсаны жүрегіме жазылмас жара қалдырды. Біз Айнұрдың қазасын көршімізден естідік. Ол үйге телефон соғып, «Айнұр ұшақ апатынан өлді» деп қойып қалған. Кір жуып жатқанмын. Үлкен ұлым Марат қасыма келіп, қалш-қалш етіп тұр. «Не дейсің? Құдай сақтасын!» деп екеуміз жүгіріп, үйге кірдік. Апат туралы бір күннен соң естіп тұрмыз ғой. 15 минут сайын жаңалықтан айтып тұрған екен. Әуеліде Болат Кәрентаев деп айтып жатты. Қасындағы сүйектің кімдікі екенін білмей жатқан көрінеді. Күндіз болатын. Кешкі жетідегі жаңалықтан «Айнұр Сүлейманова» деп хабарлады... (үнсіздік – ред.) Айтатыны жоқ. Есеңгіреп мен талып қалдым. Есінен ауып әкесі талды. Кешкісін үйдің іші азан-қазан болды,- дейді анасы.
    Тараздан Болаттың ағасы, Ақтөбеден Айнұрдың ағасы шұғыл Ақтауға бет алып, мүрделерді бөлместен осы жаққа алып келеді. Экспертиза жұмыстары аяқталған соң, ағасы Болаттың мүрдесін Таразға алып жүргелі отырады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»
  • Дәрігерлер жас босанған келіншекті “мүгедек” қылды
  • “Аққайың болсын есімің...”
  • АЙНҰР БОЛГАРИЯДАН БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • Ақтөбелік әйел «терроризмді насихаттады» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге