Ақтөбеде былтыр суға кеткен отбасы тағы да үйсіз қалды

    Қурайлы ауылында бүтіндей бір отбасы далада қалды. Айтып келмейтін апат олардың жиған-тергенін былтырдан бері осымен екінші рет тас-талқан етті. Көктемгі су тасқынынан қираған үйлері енді өрттен зардап шекті.

    Сарбековтер отбасы Ақтөбенің іргесіндегі Қурайлы ауылына былтыр көшіп келген. Осыған дейін олар Қисық өзенінің бойында орналасқан саяжайда тұрған еді. Алайда былтырғы су тасқыны кезінде үйлері қирап, жарамсыз болып қалған. Далада қалған отбасыға жергілікті билік Қурайлы ауылынан 8 сотық жер мен 1 млн теңге көлемінде қаржы берген еді. Кейін олар қолындағы азын-аулақ ақшасын қосып, үйлерін қайтадан тұрғызды. Алайда кенеттен басталған өрт олардың бар жиған-тергендерін қас-қағым сәтте күлге айналдырды.
    - Оқиға 12 мамыр күні күндізгі сағат 3-тердің шамасында болды. Түскі тамағымызды ішіп, бәріміз ұйықтап жатқан едік. Өрт кезінде үйде төрт адам болған еді. Көршілер үйдің өртеніп жатқанын байқап, бізге көмекке келді. Олар терезені сындырып, бізді далаға шығарды. Былтырғы су тасқыны кезінде үйімізді су шайып, қирап қалды. Әкімдік жер беріп, құрылыс материалдарын алуға көмектесті. Үйді толықтай бітіріп, биыл қыстап шықтық. Банктен несие де алған едік. Енді бәрі түгі қалмай жанып кетті. Өрттің неден болғаны белгісіз. Үйдің сыртқы қабырғасы пенопластпен қапталған еді. Көргендер бас-аяғы 20 минуттың ішінде барлығының жанып кеткенін айтады,-дейді ұлы Еркебұлан Сарбеков.
    Баспананың түгі қалмай жанып кеткен. Үй ішіндегі жиһаздар, киім-кешек пен құжаттар да отқа оранған. Қазір әп-сәтте барлығынан айрылған отбасы мүшелері оларды қалай қалпына келтірерін білмей дал.
    -Мен осы үйдің келінімін. Өрт кезінде жолдасым екеуміз үйде болмаған едік. Жұмысқа кеткен едік. Біздің үйіміз де былтыр суға кеткен. Қисық өзенінің бойына салынған еді. Бірақ құлаған жоқ. Әкімдіктен 170 мың теңге ақшалай көмек көрсетіліп, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бірақ әлі күнге дейін ылғал тартып тұр. 4 жастағы қызымның денсаулығына алаңдап, оны осы үйге әкеліп тастаған едік. Жолдасымыз екеуміз келіп-кетіп жүрдік. Сол күні қызымды өрт арасынан алып шыққан. Қазір шошып жүр. Былтыр су тасқыны кезінде оны қайықпен құтқарған еді. Биыл мынадай жағдай болып отыр... Екі үйдің құжаттары да өртеніп кетті. Түгі қалған жоқ. От тұтанғанда абдырап ештеңе алуға үлгере алмай қалыпты. Жолдасым екеуміздің жеке құжатымыздан басқасының бәрі жанып кетті. Неке куәлігі, туу туралы куәлік пен әскери билет те бар. Саяжайдағы үйдің құжаттары да кетті.Енді оның барлығын қайтадан қалпына келтіру керек, - дейді Ләззат Қаскенова.
    Оқиға кезінде үйде Еркебұланның зейнет жасындағы әке-шешесі де болған. Ерлі-зайыпты Шамшия мен Шора Сарбековтер қазір ауруханада жатыр. Оларды қан қысымы көтерілгендіктен, жедел жәрдем көлігі алып кеткен көрінеді.
    -Жақында ғана үйге жөндеу жүргізіп, ішін жиһазға толтырған еді. Енді рақатын көрем дегенде, осындай жағдай болып отыр. Әкем мен шешем банктен 1 млн теңгеден астам несие алған еді. Болған оқиғадан кейін олардың денсаулығы да нашарлап кетті. Әкем 2 рет инсульт алған, мүгедектігі бар. Бұл оқиға оған тағы соққы болып отыр. Былтыр суға кеткенде бар көмегімізді аяған жоқпын. Өзімнің де жағдайым мәз емес. Жолдасыммен бірге пәтерде тұрамын. 4 балам бар. Бізге көмек керек. Үйді қайтадан қалпына келтіру үшін құрылысшылар қажет, -дейді қызы Ақсұлу Айдосова.
    Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасы мұңдарын айтып, жергілікті әкімдікке де барған. Шенеуніктер қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын айтыпты. Әзірге өрттен қалған қирандыларды жинауға жұмыс күшін бөлген. Ал бір күнде баспанасыз қалған отбасы үй маңындағы лашықты паналап отыр. Зардап шеккен отбасыға көмек қолын созамын деушілердің ұялы телефонның 87059700523 нөміріне немесе төмендегі есепшоттарға ақша аударуына болады:

    Шамшия Сарбекова
    “Каз пошта” бөлімшесі
    KZ825630399AA0082740

    Айдосова Аксулу Шораевна
    АО Kaspi Bank
    CASPKZKA
    KZ09722C000019862394

    Ұқсас жаңалықтар
  • Былтырғы су тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болды
  • Ақтөбеде суға кеткен үйлер қысқа дайын ба?
  • Хромтауда төрт бірдей отбасы баспанасыз қалды
  • Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды
  • Үйі суға кеткен жалғызбасты ана көмек сұрайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге