Психикалық науқас палатадағы көршісін ұйқы бермегені үшін өлтіріп тастады

    Ақтөбеде 28 жастағы әйел адам өзімен бірге тұратын науқасты орамалмен буындырып өлтірген. Қазір бұл қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

    Оқиға биыл қаңтар айында жүйке аурулары интернат үйінде болған.Ақыл есі кем Марина С. өзімен бір бөлмеде жататын науқасты түнде ыңырсып, ұйқы бермегені үшін өлтірген.
    -2018 жылдың 29 қаңтарында ақыл есі кем Марина С. өзімен бір палатада жататын көршісін өлтірген. Өйткені науқас түнде ыңырсып, ұйқы бермейді. Осыны желеу еткен ол Жазира С.-ның үстіне отырып, екі қолымен денесінің әр бөлігінен ұрғылай бастайды. Кейін марқұмның аузына шүберек, майлық пен жөргек тығады. Сол кезде көршісі тұншыға бастайды. Алайда оның өлмегенін көріп, марқұмды керуеттен құламау үшін байлап қойған орамалмен буындырып өлтіреді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болған, -дейді прокурор Дидар Әбубәкіров.
    Сот отырысында өз көршісін өлтірген науқастың жүйке аурулары интернат үйінде 2015 жылдан тұратындығы айтылды. Мекеме қызметкерінің айтуынша, ол өз әрекетіне жауап бере алмайды. Аяқ астынан науқастың көңіл күйі өзгеріп, қасындағыларға тиісуі мүмкін. Соңғы кезде қимыл-қозғалысында агрессия байқалған.
    -Оқиға жексенбі күні болды. Науқастың палатадағы көршісінің үстіне отырып, буындырып жатқанын санитарлық қызметкерлердің бірі көріп қалған. Ол дереу сол күні кезекшілікте болған медбикені шақырады. Сол жерде науқасқа алғашқы көмек көрсетіп,жасанды жолмен тыныс алдырады. Алайда Жазира С. сол жерде қайтыс болады. Бірақ бұл туралы санитарлық қызметкер бізге бірден айтқан жоқ. Өзінің қорқып кеткенін айтады. Алғашында марқұмды сіңірі тартылып, денесі құрысқандықтан өліп кеткен шығар деп ойладым. Кейін науқастың қайтыс болғанын туыстарына хабарладық. Олар полиция шақырды. Тек сонда ғана санитарлық қызметкер болған жағдайды тергеушіге айтып берді. Менің психиатр-дәрігер ретіндегі еңбек өтілім 23 жылға жуық. Бұл мекемеде жұмыс істегеніме 15 жыл болды. Бірақ мұндай кісі өлтіру өмірімде бірінші рет болып отыр. Бұған дейін мекемедегі науқастар тек өз ауруынан қайтыс болған еді,-дейді мекеме директорының орынбасары Гүлбаршын Базарбаева.
    Белгілі болғандай, сотталушы бала кезінен психоневрологиялық диспансерде болған. Жақын туыстары да жоқ. Анасы ішімдіктен қайтыс болған. Үлкен апасы да психикалық жүйке аурулары интернат-үйінде тұрып жатыр.Ал ақыл-ойында кемістігі бар марқұмды бұл мекемеге осыдан 5 жыл бұрын туыстары әкеп тапсырған. Сотқа жәбірленуші ретінде қатысып жатқан Жазира С.-ның апасы алғашында бұл қылмысқа санитарлық қызметкерді кінәлағанын айтады.
    -Сіңілімді көргеннен кейін жылап, соңғы кезде келмей кеткенім үшін кешірім сұрай бастадым. Сол кезде оның мойнында қызыл іздер бар екенін байқадым. Бірақ ол денесі құрысып, өзін-өзі тырнағанда алған жарақатқа ұқсамайды. Кейін не болғанын сұрастыра бастадым. Тіпті қызметкерлерді кінәлап, сіңілімнің өлімін санитарлық қызметкерден де көрдім. Өйткені жүйке ауруына шалдыққан адамға күтім жасаудың қандай екенін білемін. Науқасқа ашуланып,оны буындырып өлтірді деп ойладым. Бірақ кейін ойым өзгерді. Мен бұл мекемеге сенген едім. Өйткені оны бағып-қаға алмадым. Өзімнің отбасым, кішкентай балаларым бар. Ал анам 2012 жылы инсульт алып, өз-өзіне қол жұмсады. Жазираға ерекше күтім керек болды. Ол жүре алмайтын, Содан кейін сіңілімді интернатқа тапсырдық,-дейді апасы Мариям.
    Сотта психикалық жүйке аурулары интернат-үйінде қазір 400 адамның тұрып жатқаны айтылды. Әлі 141 науқас өз кезегін күтіп тұр. Қылмыстық іске куә болған мекеменің санитарлық қызметкері мен медбикесінен де жауап алынды. Сот отырысы жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • Ақтөбеде “сақалдылар” үшін сөзге келген ер адам көршісін пышақтап тастады
  • Ақтөбелік ер адам әйелін қызғаныштан қылғындырып өлтірді
  • Жүйке ауруына шалдыққан қария жұбайы мен өзін өлтірді

  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге