Ақтөбеде тегін нан таратылып жатыр

    Ақтөбеде тегін нан таратылып жатыр

    Ақтөбе мешіттері «Тегін нан тарату» акциясын ұйымдастырды. Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес, Қасиетті Рамазан айының құрметіне орайластырылған шараға кәсіпкерлер де қуана ат салысып жатыр дейді ұйымдастырушылар.

    Бастамаға барлық қала мешіттері, сондай-ақ, аудан, ауыл мешіттері үлес қосуда. Мешіттердің атынан әр дүкенде күніге 20-30 нан тегін таратылуда. Қасиеттi Рамазан айының оразасын ұстау — мұсылманның бес парызының бiрi. "Ей, иман келтiргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етiлгендей, ораза парыз етiлдi" ("Бақара" сүресi, 183-аят) деп Құран Кәрiмде анық көрсеткендей, мұсылмандарға ораза Пайғамбарымыздың Мәдинаға һижратынан бiр жарым жылдан соң Шағбан айының оныншы күнi парыз етiлдi. Оразаның сөздiк мағынасы — бiр нәрседен алыстау. Шариғат тiлiмен түсiндiрсек, ораза ұстауға ниет етiп, таңның атысынан күннiң батуына дейiн оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болып, нәпсiнi тыю. Рамазан — Құран, сабыр және ораза айы. Ораза мұсылманның сабырына сын. Адам баласы Аллаһ Тағаланың тыйымдары мен парыздарын сабыр сақтау арқылы жүзеге асыра алады. Өйткенi, сабыр — иманның жартысы. Құранда: "Аллаһ сабыр еткендермен бiрге", — делiнсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Рамазан — сабыр айы. Сабырдың сауабы — жұмақта", ʺӘр нәрсенiң зекетi бар. Дене мүшенiң зекетi — ораза!" дейдi. Дәулеттi адам кедей-кепшiктiң жағдайын, аштықтың не екенiн түсiну үшiн оны өз басынан өткеруi қажет. Бұны ораза ұстау арқылы сезiне алады. Кейде адам байлыққа кенелген соң, айналасын ұмыта бастайды. Нәпсiге берiлген ауқатты адамдар қол астына жұмыс iстегендерге төбеден қарап, алауыздық туады. Адам аш қалғанда, айналасын түсiне бастайды. Ашыққанда нәпсi де әлсiреп, жүректерде мейiрiм оянады екен. Ораза әлеуметтiк тұрмыспен қатар, адам денсаулығына да өте пайдалы. Ораза адам ағзасын аштық пен шөлге шыдамды болуға тәрбиелейдi. Сабыр мен төзiмдiлiк өмiрдiң ұзаруына септiгiн тигiзедi. Ораза жұмыс iстейтiндер үшiн тiптен пайдалы. Тамақ iшпейтiн уақытта адам ағзасы сергек, жұмысқа қабiлеттi боп келедi. Ораза тұтқан мұсылман күнiне екi рет — ауыз ашарда және сәресiде тамақ iшедi. Қазiргi заманғы медицина да күнiне екi рет тамақ iшудiң пайдалы екенiн айтады. Түс мезгiлiнде тоя тамақ iшу ағзаны ауырлатып, ұйқы басып, жұмыс қабiлетiн нашарлатады екен. Жаратқан Иемiз рақымына бөлер Рамазан айына бiздi аман-есен, иманды қалпымызда жеткiзiп, ораза ұстау құрметiне бөлей гөр! Он екi мүшемiздi сау, ақыл-есiмiздi дұрыс, ораза ұстауға шамасы келетiн құлдарыңның қатарынан, оны асыға күткендердiң санатынан еткенiңе сансыз шүкiр айтамыз. Мұндай мүбәрак Құран маусымына жетпегендер қаншама?! Аурухана төсегiнде сал болып, мүгедек боп, аурудың зардабын тартып, бiр қадам жүруге, өздiгiнен тамақ iшiп-жеуге зар боп жатқандар қаншама?! Ойлай бiлгенге сау жүрiп, Алла әмiрлерiн орындауды қиынсыну күпiрлiк емес пе? Жалпы акция барлығы 20 дүкендер мен мешіттерде жүзеге асуда. Игі іс Рамазан айы бойы жалғасатын болады. Соның ішінде, бастамаға жергілікті кәсіпкерлер де үн қосуда. Мәселен, Хромтау ауданындағы «Сәнді» дүкенінің иесі жұма сайын 100 нанды тұрғындарға тегін үлестіреді. Дәл солай Дөң ауылының кәсіпкер азаматы да халық үшін қайырымды іс қылуда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қасиетті Рамазан айы басталды
  • Биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады
  • Ақтөбеде Ораза қарсаңында жаңа мешіт ашылды
  • Рамазан айы басталды
  • Имамдар ақтөбеліктерді ішімдіксіз той өткізуге шақырды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге