Ақтөбеліктер автобусқа наразы

    Ақтөбеліктер автобусқа наразы

    Ақтөбедегі Заречный-3 ауылының тұрғындары №5 автобустың бұрынғы схемасымен қайта жүруін қалайды. Осыған дейін ЖШС «Автопарк» директоры мен қала әкіміне де арыздарын түсірді. Дегенмен қоғамдық көліктің жүру сызбасы әлі күнге дейін өзгертілмеген.

    -Күнделікті қатынап жүретін №5 автобустың жүру бағыты өзгергелі үлкен жыр болды. Ауыл тұрғындары автобустың бұрыңғы схемасымен жүргенін қалайды. Өйткені ауыл тұрғындарының нақты қозғалыс орталығы Заречный-3 ауылы мен қаланың көне бөлігі. Орталық базар мен темір жол вокзалы болып табылады. Ал қазіргі жаңа схема бойынша қаланың орталығына дейін жүрудің қажеттілігі жоқ. Қаланың орта бөлігіне дейін пайдаланып жүрген 6-8 адам. Оның өзінде де ертеңгілік уақытта. Есесіне №5 автобус қаланың орталығына бару үшін көп уақытын жоғалтады. Ауылдың жолаушылары шоғырланған темір жол вокзалы мен орталық базарға келгенде сыймай жатамыз. Осыған дейін автобустың жүру бағытына ешқандай шағымымыз болған жоқ. Тек Заречный үш және төрт ауылының арасындағы байланыс жолдары болды. Дегенмен Заречный-3
    ауылы мен Заречный-4 ауылының арасындағы автобус мәселесі шешілмеді. Керісінше 8-9 адам ауыл атынан қол қойған хаттың негізінде осы жаңа схема енгізілді. Біз осындай арыз-қолдау хаттарын қала әкіміне де жолдадық. Хатымыз қабылданғанымен жауап келген жоқ,-дейді ауыл тұрғыны Тана Кабимуллина.
    Автобустың жаңа бағыттағы сызбасы енгізілгенімен, ауыл тұрғындары өздерінің ой-пікірлерінің есепке алынбағанына наразы. Осыған дейін де әлеуметтік желіде жолаушылар бұрыңғы сызбамен жүруге ұсыныс тілектерін білдірген еді.
    -Сонда халықтың ұсынысы қолдау таппайтындай қандай мүдде көзделгені белгісіз. Қала әкімінен де ешқандай жауап келген жоқ. Егерде осылай бола берсе, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевқа шағымданатын боламыз,-дейді Тана Кабимуллина.
    Автобус бағытының бұрынғы схемасымен жүруін қалаған Заречный-3 ауыл тұрғындары қол жинаған. 52 тұрғын қол қойылған парақ қала әкіміне де ұсынылды. Дегенмен автобус бағыты әлі де өзгертілмеді. Бұл жағдайды «Автопарк» ЖШС-нің заңгері Руслан Жылқаманов та растап отыр.
    -Ауыл тұрғындарының шағымданғаны рас. Бұл жағдайды қарастырып жатырмыз. Автобус схемасынын әкімшілік өзгертетін болғандықтан жа-уап күтіп отырмыз. Қашан, қай уақытта өзгертілетіні белгісіз. Нақты айта алмаймын. Жүру бағыты өзгертілмейінше осы жаңа бағытта жүре беретін болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жол ақысы қашан қымбаттайды?
  • Ақтөбеде жаңадан 40 автобус іске қосылды
  • Автобустарға электронды төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
  • Қурайлы халқы қоғамдық көлікке зар болып отыр
  • Кей автобустардың қозғалыс сызбасы өзгерді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге