Ақтөбені қоңыз жаулады

    Ақтөбені қоңыз жаулады

    Ақтөбедегі “Болашақ” шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде адам үрейін ұшыратын тарақандар пайда болды. Үш-төрт ай бұрын пайда болған жәндікті қанша жерден улағанымен кетер емес. Ауру тарататын тарақан адам өмірі үшін аса қауіпті.

    Салынғанына 6 жыл болған болашақ шағын ауданындағы үйлерде инфекциялық ауру тарататын тарақандар кезіп жүр. Тұрғындар қанша жерден улағанымен тарақандар азайатын емес. Ұзындығы 3 см-дей болатын тарақанның адам өміріне зияны бар. Кәріз жүйесі арқылы тараған тарақандар кеш батар сәтте қаптап кететін көрінеді.
    -Өмірімізде көрмеген тарақандарды көріп шошып жатқанымыз рас. Мұндай тарақандар негізінде болған емес. Қайдан шыққанын білмейміз. Ылғалды жерлерде көп жүреді. Жапқыштардың шетінде тұрғанын байқаймыз. Әжетхана, қол жуатын жерде үйіліп жүреді. Өлтіреміз, улаймыз, сонда да азаймайды. Қайта одан сайын толып барады. Көршілерімнің балалары қатты қорқады. Денелерінен тауып алса, қышып қызарып кететін көрінеді. Бір ауруға шалдықтыра ма деп уайымдаймыз,-дейді шағымданушы тұрғын Серік Баймурзин.
    Болашақ ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстауға бүгінде "МидасГрупп" ЖШС-і жауапты. Өткен сенбі күні үйлердегі жәндіктерге қарсы күрес жұмыстарына байланысты ғимарат ішін улаған. Дегенмен қанша жерден улағанымен жәндіктер сол қалпы толып жүр.
    -Бір-ақ рет улап қою жеткіліксіз. Бір ғана улағаннан ештеңе тынбайды. Міне сол жәндіктердің салдарынан баламның үсті қышып жүр. Бірақ нақты себебін білмеймін. Баламның үстінен тарақан тауып алғасын қорқып кеттім. Түнде ұйықтамаймыз. Тарақандарды өлтірумен боламыз,-дейді тұрғын Гүлмира Қуанышева.
    Тіптен кейбір тұрғындар жалға бермек болып отырған пәтерлерін өткізе алмай отыр. Келген адамдар тарақандарды көріп бірден бас тартатын көрінеді. Ендігі кезекте тұрғындар зиянкес жәндіктен түбегейлі құтылу үшін екінші рет жүргізілетін залалсыздандыруды күтіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде құрылыстан адамның бас сүйегі табылды
  • Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қайтыс болды
  • Зәулім үйдің иесі Сапарбаевтан көрпе-көпшік сұрады
  • Ақтөбелік балабақшада 3 жастағы баланың тісі сынып, ұрты жыртылды
  • Ақтөбеде жыл басынан тұрғын үйлерде 150-ден аса өрт болған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге