Ақтөбеде ғұн дәуірінің зираты табылды

    Ақтөбеде ғұн дәуірінің зираты табылды

    Ақтөбе қаласының іргесінен ғұн дәуірінде жерленген жауынгер мен оның атының сүйектері табылды. Тарихи жәдігерлер сары түсті металмен көмкерілген.

    Археологиялық ескерткішті 3 маусым күні Қурайлы ауылындағы карьерде құм қазып жүрген жұмысшылар тауып алған. Олар күтпеген жерден адамның басы домалап түскенін, кейін алтын түсті бұйымдардың төгілгенін айтады.
    -Карьерден құм қазып жатқан едік. Күтпеген жерден тиегіштен адам сүйегі құлап түсті. Кейін алтынның бөлшектері төгіле бастады. Сол бойда жұмысты тоқтатып, полицияға хабар бердік. Археологтар қазба жұмыстарын жүргізді,-дейді “Ақтөбекристал су” ЖШС қызметкері Данат Бақыт.
    Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғалидің айтуынша, ежелгі қорым ғұн дәуіріне тиесілі.
    -Жер қазу жұмыстары кезінде ескі зираттың табылғаны туралы ақпарат жетті. Жергілікті полиция қызметі, әкімшілік өкілдері мен музей қызметкерлерін шақырды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ескерткіштің біздің заманымыздың ІІ-ІV ғасырларына жататын зират екені анықталып отыр. Ол жерге беделді адам жерленген. Адам сүйектері табылған жерде бағалы металдан жасалған бұйымдар табылды. Аттың әбзелдерін сары түсті металмен әшекейлеген. Адамның бас киімі мен киімінде де сары түсті әшекейлер бар. Қазір бәрін жинақтап, музей қорына сақтап отырмыз. Тіркеу жүргізіліп, бәрі қалпына келтіріледі,-дейді ол.
    Бұл -Ақтөбе өңірі үшін өте құнды жәдігер. Тарихшылар бұрын- соңды ғұн дәуіріне жататын археологиялық қазбаның табылмағанын айтады.
    -Бір өкініштісі, жер қазу кезінде оның бастапқы қалпы бұзылған. Оны нақты қалпына келтіру қиынға соғады. Металдың сыртқы кейпі сары түсті, алтынға ұқсайды. Салмағы да белгісіз. Оны Алматыдағы сынама жасайтын зертханаға жібереміз. Барлығы содан кейін белгілі болады. Жа-уынгер атымен, оның әбзелдерімен және қару-жарақтарымен бірге жерленген. Ғұн дәуіріндегі жерлеу ғұрпының дәстүрі сақталған. Әрі ғұн дәуірі деп атауымызға полихромдық стиль себеп болды. Яғни, металл мен бағалы тастарды жапсырып, инкрустация жасаған. Сонымен қатар аттың ерінің ең алғаш жасалып, пайдаланылған кезеңі ғұн дәуірі болып саналады. Ол кезде мұндай бай зираттарды тонаушылықтан қорғау үшін жасырын көмген. Ескерткіштің назардан тыс жатып, кездейсоқ табылуына осы себеп болып отыр,-дейді Мейрам Дүйсенғали.
    Ал тарихшы Дәулет Әбеновтың болжамынша, табылған жауынгер тайпа көсемі болуы мүмкін.
    -Бұл аумақтан жауынгердің сүйектері, оның аты мен әбзелдері, әшекейі ғана табылды. Бірақ өзге ештеңе таппадық. Садақтың ұштары, қыш құмыралар мен ыдыстар да көрінбеді. Жылқының ер –тоқымы ағаштан жасалғандықтан, шіріп кеткен. Алайда алтынмен көмкерілген болуы мүмкін. Өйткені алтын фольгалы пластинаның бөліктері жиі кездеседі. Жүгені де алтынмен көмкерілген. Бірақ нақты айта алмаймыз. Барлығы арнайы зерттеуден кейін белгілі болады. Қорымнан қылыштың сынық элементі табылды. Ол темірден жасалған, ал сабының ұшы өңделген сүйектен жасалған. Сүйектің басына түрлі-түсті
    тастар жапсырылған, алтыннан дөңгелек, түймешесі бар. Соған қарағанда жерленген адам тегін адам емес. Ол тайпаның көсемі болуы мүмкін, -дейді ол.
    Алайда археологтар құнды жәдігердің бүлінгеніне наразы. Облыстық тарихи мәдени мұраларды қорғау және қалпына келтіру орталығының басшысы Аслан Мамедов жерді пайдаланудан бұрын тексертіп алудың керектігін айтады.
    -Жерді қазбас бұрын оны археологтар зерттеуі керек еді. Өйткені мамандар ол жерде ескерткіштің бар-жоғын алдын ала анықтауы тиіс. Тек содан кейін ғана оны қазуға не жыртуға рұқсат береді. Мұны қала әкімдігінің жанынан құрылған арнайы комиссия бақылауы тиіс. Оның құрамында жер қатынастары бөлімінің мамандары, экологтар мен эпидемиологтар бар. Алайда біздің мекемені бұл комиссияға кіргізбей отыр. Бұл туралы Жер Кодексінің 127 бабында және тарихи мұраларды пайдалану және қорғау туралы заңның 39 бабында көрсетілген. Қазір Ақтөбе өңіріндегі археологиялық ескерткіштердің көпшілігі бүлініп жатыр. Әсіресе, мұнай өңдейтін аймақтарда көп. Жер қойнауын пайдаланушылар өз иелігіндегі жерде тарихи ескерткіш бар екенін білмейді.Ақтөбе облысында нақты қанша ескерткіштің бүлінгені белгісіз. Облыс аудандары түгелдей игерілген жоқ. Бүгінгі күні Қарғалы , Мәртөк аудандарын түгендеу жұмыстарын жүргіздік. Бұл өңірлерде де бүлінген, қираған тарихи жәдігерлер табылды. Қорғандар егістік алқаптарды жыртқан кезде бұзылып жатыр. Бұрын жерді игеруге бермес бұрын ғылыми зерттеу жұмыстары жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен жүргізілетін еді. Қазір заңда бұл мәселе нақтыланбаған. Яғни, қаржыны жер иесінің не мемлекеттің төлейтіні белгісіз. Заңға енген өзгеріс археологтардың жұмысына кедергі келтіруде. Кінәлі адамдарды жауапқа тарту да қиын,-дейді ол.
    Ал құнды жәдігер алдағы уақытта жаңа музейдің алтын немесе бағалы металдар залына қойылмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ескерткіштерді жою жағынан Ақтөбе алдыңғы орынға шықты
  • Бейіттің үстіне жерленген белгісіз әйелдің мәйіті табылды
  • Қызыл әскерлердің сүйегі қайта қазып алынуы мүмкін
  • Мұғалжарлық сарбаздың сүйегі табылды
  • Палеонтолог: Ақтөбеден табылған тас динозаврдың жұмыртқасы емес
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге