Ақтөбелік қайыршылардың “крышасы” кім?

    Ақтөбелік қайыршылардың “крышасы” кім?

    Ақтөбедегі орталық базар маңында Рамазан айы келгелі бері қол жа-йып, қайыр тілейтіндер саны артты. Олардың қатарынан дене мүшесі сау жас ананы да, қартайған қарияны да кездестіруге болады. Қайыршылардың не себепті мұндай жолға түскенін білмек болып, журналистік зерттеу жүргізіп көрген едік. Сөз арасында олардың кейбірі тіленшіліктен жинаған ақшаларын бәзбіреулердің қолына ұстататындықтарын да жасырмай, жайып салды.

    Бұрындары көшеде жүрсең, қайыр сұрап жүретін қаптаған сығандарды кездестіретін едік. Бес-алты баласын артына шұбыртып алып, “ақша берші” деп соңыңнан қалмайтын. Кейде қашсаң да құтыла алмайтын сәттер болады. Тіпті оған қалтаңдағы бірер тиынды ұстатсаң да, үсті-басыңның барлығын аластап, жөніңе жібере қоймайды. Ақша бермей, қаша жөнелсең, неше түрлі қарғыс сөздерді айтып, қорқытатыны тағы бар еді.
    Ал қазір сенделіп жүрген сығандарды емес, қазақтың қаракөз баласы мен қартайған қариясын көреміз. Орталық базарға бара қалсаң, бес-алты қадам жасаған сайын қолын жайған қайыршыны кездестіреміз. Рамазан айы басталғалы олардың саны артып, қайыр сұрауға әбден машықтанып алған. Ең басты жаныңды жегідей жейтін сұрақтардың бірі “бұл жандар не себепті қайыр сұрайды екен, шынымен де жоқшылықтың қиындығын тартып жүр ме?”-деп ішімізден ғана уайымдап қоямыз.
    Міне, сол себепті де көптің көкейінде жүрген сұрақтың жауабын іздеп “Керек.info” тілшісі журналистік зерттеу жүргізіп көрді.
    Олардың не үшін қайыр сұрап жүргенін білмек болып, көп шоғырланған жері орталық базардан бір-ақ шықтық. Дүйсенбі күні болса да адам қарасы көп. Баспалдақ жанында, кафе алдында отырған үш-төрт тіленшіні кездестірдік. Көз жасын көрсетіп, еңкілдеп жылап отырғандар бізді көріп қаша бастады. Олар шын мәнінде қайыр сұраса, қашпас еді ғой ?! Баспалдақ жанында қолын созған арбада отырған егде жастағы қарияның жанына жаймен ғана жақындадым. “Сізге көмектескім келеді, не себепті қайыр сұрап отырсыз?”-деп әңгіменің төркінін ашығынан бастап кеттім.
    Басында ашыла сөйлемеген қария ұзақ әңгімелесуден кейін ашыла түсті. Тіпті суретке түсуге де қарсылық білдірмеді.
    -Мүгедекпін. Қолымнан ештеңе келмейтін болғандықтан, қайыр сұраймын. Ешкім мына түріммен жұмысқа алмайды ғой. Арбаға таңылған жан кімге керек дейсің?! Ешқандай тумаларым, балаларым жоқ. Асыраушым да жоқ. Осылай базар жанын жағалап жүргеніме үш жыл болды. Халық көмектесіп, тиындарын беріп жатады. Таңертеңнен кеш батқанша осы жерде отырамын. Аттан құлап, аяғымды сындырып алдым. Одан кейін инсульт алып,екінші аяғым мен бір қолым жұмыс істемей қалды. Қазір бір қолым ғана жұмысқа жарамды. Күнделікті табатын табысым бүгінгі кезде 3500 теңгеге дейін барады. Жағдайым осы,-деп қысқа қайырды 59 жастағы Қадыр Бектұрлин.
    -Ата, шыныңызды айтыңызшы осындай жағдайға қалай тап болдыңыз? Мен сізге шын мәнінде көмектескім келеді. Сіздің өміріңізді халық оқиды. Бәлкім олар да көмектесіп қалар. Сіздің бүгінгі жағдайыңызды болашақ жастардың қайталағанын қаламайтын боларсыз,-деп дегенімде ол өзін ғана оны бір адамдар ұстап отырғанын айтты.
    - Өзім негізі Мәртөктенмін. Осында жүргеніме біраз уақыт болды. Ешқандай жақынымды білмеймін. “Туысыңмын” деп ешкім келген емес. Кезінде ат бағумен айналыстым. Жақсы үйде тұрдым. Үйім өртеніп кетіп, қайыршылық жолға түстім. Кейін денсаулығым жұмысқа жарамай қалды. Қазір базар жанындағы Нариманов көшесінде пәтерде тұрамын. Сол үйде тұратын адамдар таңертең мені осында өздері әкеліп тастайды. Ақшаны жинап болғаннан кейін кері алып кетеді. Мен секілді қайыршыларды ұстап отырған үш-төрт адам бар. Бізді бағып отырғандай көрінеді. Бірақ қайдағы баққан?! Тапқан ақшаны өздеріне алып, бізді ұстап отыр. Олардың біреуінің аты - Раушан. Кешкісін өздері келіп алып кетеді. Күніне 3000 теңгедей ақша табамын. Қайыр сұрап тапқан ақшамның бір тиыны да өзімде қалмайды. Барлығын солар алады. Үстімде киер басқа киім де жоқ. Астымда тұрған бір-ақ түйір көрпе бар. Басқа ештеңем жоқ. Өздері тамақ береді. Қарным ашатын сәттер өте көп болады. Жұрт сияқты өмір сүру де маңдайымызға жазылмаған. Құжаттарымның барлығы солардың қолында. Қарттар үйіне барайын десем, бара алмаймын. Мені кім жетектеп апарады?! Қабылдамайтын да болар. Туысына керек емес адамды біреу келіп бақпайды ғой?! -дейді мұңын айтқан қария.
    Үш жыл бойы Қадыр атаны қайыр сұратып жүрген адамдар біздің келгенімізді білсе қарияға қиын түсері анық. Ол кісіні ұруы, тамақ бермей қоюы да мүмкін. Тіптен ол кісіні жуындырмайтыны да көрініп тұр. Құлағы да дұрыс естімейді. Жақынырақ келіп, сөйлескенде үстінен тердің иісі шығып тұрды. Дегенмен ол көше кезіп, алқаш болғаннан, жерде құлап жатқаннан осыны дұрыс көретінін айтты. Қариядан болған жағдайды анықтап, артқа бұрылғанымызда толып отырған қайыршылардың бірі де қалмады. Көзді ашып-жұмғанша қайда кеткенін білмей де қалдық. Бір айналып қайта келдік. Іздегенімізді таптық. Бірақ сөйлескен тіленшілерден бір ауыз сөзді ауызынан жұлып ала алмадық. Ештеңе айтпады. “Балам ауру, Рамазан айында сауапты іс жасаңыз” деген тақтайшаны ұстап алған жас анаға жақындай берген сәтте бізді жаман сөздерімен балағаттап тастады. Айтқан сөздерінен өзге ұлт өкілі екенін байқап қалдық. Суретке түсіріп жатқанымызды көріп қаша жөнелді. Біраз уақыт қала тұрғындарының “садақа” деп қанша салатындарын бақыладық. Көбінесе жасөспірімдер келіп, 20-50 теңгелер тастап жатты. Тіптен қалтасынан 500 теңгелік шығарып беріп жатқандары да болды.
    “Астана” сауда орталығына қарама-қарсы бетте отырған әжейге барып “көмектесуге болады ма?! ” деп сұрадым. Алыстан бақылағанымызда қарт кісіге тамақ ұсынып жатырған адамдарды да көрген едік. Қарт кісі көзіндегі көзілдірігін түсіріп, ешқандай көмектің керек еместігін жеткізді. Көзіндегі жасын сүрте оты-рып, журналис-термен тілдесуге қорқатынын айтты.
    -Қызым, маған ешқандай көмектің қажеті жоқ. Осы күніме ризамын.
    Ақшам өзіме жетеді. Сен көмектескеніңмен, үй кезегін жылжытып бере алмайсың. Зейнетақы аламын, бірақ ол ақша пәтер мен алатын дәрілерімнен ауыс-пайды. Тамақ алуға ақша қажет болғандықтан, көшеге қайыр сұрап шығамын. Күніне бір-екі сағатта 700 теңгедей ақша түседі. Сол ақшаға шекерімді, күрішімді аламын. Жалғызбастымын, туыстарым жоқ. Көп жыл бұрын ажырасқан, балалары бар адаммен бірге тұрдым. Жолдасым өмірден өткеннен кейін оның балалары мені керек етпеді. Қазір зейнетақыма 38 мың теңге түседі. Оның 20 000 теңгесін пәтер иесіне беремін. 18 000 теңгесі алатын дәрілеріммен кетіп қалады. Қол жайып отырсам, халық көмектесіп ақша беріп жатады. Басым ауырса, үйге барып демалып шығамын. Күннің ыссылығы шыдатпайды ғой?! Мейрам күндері адамдар көп болады. Міне , сол кезде 1000-2000 теңгедей ақша табамын,-дейді 72 жастағы әже.
    Есімін айтпаған қарт кісі бұл газетті пәтер иесі көрмесе екен дейді. Басына артық проблема болғанын қаламайтынын айтып, көзіне жас алды. Жалдап отырған тым жақсы пәтерінен айырылып қаламын деп қорқады. Садақа салып жатырған адамдардан не үшін ақша саласыңдар деп сұрағанымызда “сауап жинаймыз” деп жауап берді.
    -Рамазан айының соңғы 10 күнінде садақа беріңдер деп естіп жатамыз. Әлеуметтік желіде “Мұқтаж жандарға 50-100 теңгеден беріңдер” деген хабарламалар жиі келеді. Соларды оқып, барынша садақа беруге тырысамын, -дейді есімін жасырын ұстаған қала тұрғыны.
    Ойлап қарасақ қайыр сұрайтын адамдар да жеке бір тұлға. Олардың өміріне ешкім араласа алмайды. Оларды осылай қайыршы қылған қазіргі заман да емес, қатыгез өмір де емес. Осындай жолды таңдаған олардың өздері. Бізге сұхбат беруден бас тартқан дене мүшесі сау жастарды көріп налитынымыз тағы бар. Дегенмен көпке топырақ шашудан аулақпыз.Бәлкім, кейбіреулер үшін бұл жан қинамай, ақша табудын бір жолы болар?! Кім білсін?! Мүмкін, аяқ-қолы сау, тепсе темір үзетін жастар садақа сұрамай, жұмыс істесе қайыршылардың саны да азаяр ма еді?! Әлде оларға мемлекеттің көмегі керек пе?! Сіз не дейсіз, оқырман?!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көпбалалы аналар көмек сұрайды
  • Ақтөбелік қария баласына берген ақшасын ала алмай жүр
  • Ақтөбелік қайыр сұрағаны үшін қамауға алынды
  • Сұйық газға кезек келесі аптада азаймақ
  • Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге