Ақтөбеге “өрмекші адам” келді

    Ақтөбеге “өрмекші адам” келді

    Оралдық тұрғын Азамат Суйнишев Ақтөбедегі 25 қабатты тұрғын үйдің шатырына өрмелеп шықты. Алғашқы 10 қабатты трюкші 3 минуттың ішінде бағындырған.

    Азамат Суйнишев паркур өнерімен оқушы кезінен айналысып келеді. Ол өзінің бала кезден бір орында тұра алмайтын әдеті барын айтады. Мамандығы бағдарламашы болғанымен, қазір вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Қолы қалт етсе, камерасын алып тау-тас аралап, көзіне түскен биік жерлерге “құстай” ұшады. “ Youtubе”-тен жеке канал ашып, өз роликтерін салып жүр. Сондай роликтердің бірі Ақтөбеде түсіріліпті. Ол былтыр Ақтөбеге сапары кезінде 25 қабатты тұрғын үйге өрмелеп шыққан. Өзінің айтуынша, бұған дейін де бірнеше рет көпқабатты тұрғын үйдің шатырына көтерілген.
    -Мені бұл спортқа ешкім баулыған жоқ. Осыдан жеті жыл бұрын белімді сындырып алғаным бар. Дәрігерге бармадым. Бірден емшіге қаралдым. Үш ай бойғы жатыстан бүкірейіп қалған белім түзеліп, омыртқаларым орнына түсті. Аяққа тұрғасын жаттығуыма қайтып оралдым,- дейді Азамат.
    Азаматқа көпқабатты үйге өрмелеу еш қиынға соқпаған. Себебі, онда демалып алуға балкондар мүмкіндік береді екен. Өзінің мұндай әрекеттерін трюкші тәуекел деп есептемейтінін айтты. Паркуршының тым қауіпті трюктерін тамашалағандардың арасында бірге қызметтесуге ұсыныс тастағандар болыпты. Тіпті “youtubе”- тен де шақырту түскен. Ал ресейлік каскадерлер Азаматтың паркурді өзгеше стильде орындайтынын байқап, ерекше қызығушылық танытқан. Алайда Азамат өзіне келіп түскен ұсыныстардың біріне де келіспеген. Өйткені оның өз арманы бар.
    -Арманым - көпсалалы спорт кешенін салу. Бұл 7 сыныпта алға қойған мақсатым еді. Спорт кешенінде күрес, гимнастика, жаттығу залы, трюк жасайтын бөлме, бассейн және кинотеатры да ашылады. Мен мұны баюдың жолы емес, халыққа арнаған тартуым деп есептеймін. Осы мақсатқа жету үшін еңбек етемін,- деді Азамат Суйнишев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көпқабатты үйлердің қас беті жаңартылады
  • Ақтөбеде “Нұрлы жер” бойынша арзан үйлер сатылып жатыр
  • Ақтөбеде көпқабатты үй құлағалы тұр
  • Ақтөбеде көпқабатты үйде шыққан өрттен 4 сәбиге иіс тиді
  • Ақтөбеде көп қабатты үйде шыққан өрттен 4 сәби уланып қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге