Бізде 153 “Алтын белгі” бар!

    Бізде 153 “Алтын белгі” бар!

    ҰБТ аяқталды. Сынақ кезінде ақтөбелік түлектердің бірде біреуі ең жоғарғы 125 ұпайды жинай алған жоқ. Үш түлек 124 ұпай жинаған. Олар: Хромтау қаласындағы №2 мектеп-гимназия түлегі Рахима Тулина, Благодарный орта мектебінің түлегі Назкен Үмбетова және Алға ауданы Бестамақ ауылындағы орта мектеп түлегі Айдана Тәңірберген.

    Жетістік құпиясы
    Үздік үш оқушының бірі Назкен Үмбетова Ақтөбе қаласындағы Благодар орта мектебінің түлегі. Назкен сынақ кезінде төрт пәннің сұрақтарына бас-аяғы 10 минутта жауап беріп үлгергендігін айтады. Ал математика пәнінің сұрақтарына бір сағаттай уақытын жұмсаған. Назкен жоғары ұпай жинайтындығын бірден сезгендігін айтады. Осылайша ол өзі білім алған мектептің тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд жасады.
    “Керек.info”тілшісі Назкеннен жетістігінің құпиясын сұраған болатын. Түлек бірінші сыныптан үздік оқығандығын айтты. Тест тапсыру кезінде ойлау қабілетін жақсарту үшін аудиторияға шоколад алып барған. Алайда, аудитория ыстық болып, шоколады еріп кетіпті. Яғни, сәттілік пен біліміне ғана сенуіне тура келіпті.
    - Басында қандай сұрақтар келеді екен деп қатты қобалжыдым. Бір көз жүгірткеннен кейін барып, мектеп бағдарламасының сұрақтары екенін көріп, өзімді еркін ұстадым.Меніңше, адам ең алдымен өз күшіне және біліміне сенуі керек. Сонда ғана барлық армандары орындалады,-дейді “Алтын белгі” иегері Назкен Үмбетова.
    ҰБТ тапсырған бес мыңға тарта баланың арасынан оза шауып, үздік үштікке ілінген қызын Ажар да мақтан тұтады.Назкен отбасындағы үш баланың кенжесі. Алдындағы екі ағасы да орта мектепті үздік аяқтаған.
    - Балам тестке дайындалу үшін бар мүмкіндікті пайдаланды.Ақылы курстарға да барды. Әкесі қызының таксисі, мен қаржылай демеушісі болдым. Опытныйдан қалаға жеке көлігімізбен күн құрғатпай таситынбыз. Ақылы сабақтарға барғанда ең соңғы партада қызымды сырттай бақылап отыратынмын. Қысты күндері түнгі 10-ға дейін баламның сабағы аяқталғанша бар шаруаны ысырып қойып, күтіп отыратынбыз. Шүкір, еңбегіміз ақталды,-дейді Ажар Жабағина.
    Благодар орта мектебінің директоры Нұрылла Пенаев Назкеннің байқау сынақтарында 119-122 балл жинап жүргенін айтып өтті. Назкен болашақта елшіліктің қызметкері болғысы келеді. Алматыдағы ЖОО бірінде халықаралық қатынастар бөлімінде білім алсам деген арманы бар.

    153 түлек “Алтын белгіні” ақтап шықты
    8 маусым күні 153 түлектің “Алтын белгіні” ақтап шыққандығы мәлім болды. Алайда, бұл нақты мәлімет емес. Толыққанды ақпарат апелляция қортындысынан соң белгілі болады. 8 маусымда басталған аппеляцияға мыңнан астам түлек қатысуға ниет білдірген. Бұл туралы ҰБТ нәтижесіне байланысты брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Самұратова айтты.
    Облыстық білім басқармасын-дағылардың айтуынша, үш үміткер 1 балл жетпей қалып, аппелияцияға өтініш берген. Республикалық аппелияция 15 маусымға дейін болады.Қортынды 20 маусымнан кейінде жариялануы мүмкін. Өткен жылы 2үміткердің “Алтынбелгіні”ақтап шыққаны 21 маусым күні белгілі болған.
    Биылғы түлектердің қолына аттестат 20 маусым күні тапсырылады. Ақтөбе облыстық білім басқармасы түлектердің қымбат мейрамханаларға барып, той тойлауына тыйым салған. Сондай-ақ, мектеп пен мұғалімдерге қымбат сыйлықтар алып беруіне рұқсат жоқ.

    ҰБТ алғашқы күнінде 1 оқушы шпаргалка пайдаланғаны үшін аудиториядан қуылған. Ол енді мектепте емтихан тапсырып, аттестатын алады. Оқу орнына түсу үшін келесі жылы кешенді тест тапсыруға мүмкіндігі бар.
    Жанат Самұратованың айтуынша, биылғы ҰБТ кезінде ең төменгі ұпай саны 18 болған. Бірақ, облыстық білім басқармасының басшысы оның қай мектеп оқушысы екендігінайтудан бас тартты.
    30 үміткер 1 балл жетпеуіне байланысты “Алтын белгіге” ие бола алмады. Ал мектептер арасында Хромтау ауданы Бөгетсай гимназиясы 112,3 балл жинап,ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген. ҰБТ нәтижесінде облыс түлектерінің орташа баллы- 82,68 пайызды құрап отыр.
    -Жылда жоғары балл жинаған мектеп түлектеріне автокөліктер тарту етілетін. Ал, биыл ше?-деген журналистердің сауалына Жанат Самұратова “Автокөлік болмағанымен бағалы сыйлықтар ұсынамыз. Балаға авокөліктің қажеті қанша?” деп жауап берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстанда ҰБТ-2015 аяқталды: Оқушылардың үлгерімі өсті
  • Аян Жәрдемовке өзі оқыған мектеп ұжымы көмектеспекші
  • Білім басқармасы: Үш түлек 124 ұпай жинады
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
  • ҰБТ-ның басты төрт жаңалығы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге