Ене мен келін қайтсе тату болады?

    Ене мен келін қайтсе тату болады?

    Ене мен келін туралы түрлі өсиет әңгімелер мен анекдоттар жеткілікті. Біріне күлсек, енді бірі еріксіз ойландырады. Не десек те, ене мен келін арасындағы қатынас түйткілді мәселенің бірі деп жазады ikerim.kz.

    Ене мен келіннің араздығы, отбасының беріктігіне әсер етпей қоймайды. Сондықтан, бүгін енеңіздің көңілін табудың қарапайым бес қағидасын айтамыз.

    Өзіңді жақсы көруін талап етпе!

    Жас келіндердің басты кемшілігі - енесі өзін жақсы көреді деп үміттенуі. Бірақ бұл өте сирек болатындықтан, оның «махаббатын» күтпеңіз. Себебі енелердің көпшілігі балалары «жақсырақ» келін табуы мүмкін еді деп ойлайды.

    Енеңді анаң деп қабылда!

    Әрбір адам өз анасын жақсы көреді. Егер күйеуіңіз өз анасын жақсы көрсе, демек жақсы тәрбиелеген. Әрбір адамның анасы өзі үшін -«бірінші адам», ал келін оған бақталас бола алмайды. Сен-сүйікті әйелісің, ал ол - сүйікті анасы. Еркек екеуіңізді де сүюі мүмкін және екі махаббат екі түрлі.

    Өз шекараңа өткізбе!

    Дұрыс қатынасты қаласаң, енеңнің сенің жеке өміріңе, қалай өмір сүру керектігін шешуге жол берме. Әрине жаға жыртысып, ұрыс-керістің қажеті жоқ. Бастысы - өз отбасыңыз өзіңіздікі болуы керек.

    Анасы мен баласының
    шаруасына
    араласпа!

    Ешқашан анасы мен баласының ісіне килікпегенің дұрыс. Олар да өз мәселесін өздері шешсін. Күйеуің қай кезде анасына баруын және қанша уақыт болатынын өзі шешкені жөн.

    Енеңе қамқор бол!

    Қамқорлық - келіннің бас-ты қаруы. Әрбір адам өзіне көңіл бөлінгенін жақсы көреді, сондықтан оның мереке мен туған күндерде ескерусіз қалмауын қадағала! Жәй күндері де қуантып тұрсаң болады.
    “Қыз бала жат жұрттық” дейді.Қыз бала тұрмыс құрып, бөтен босағаны аттағанда "барған жерінде бағы ашылсын","барған жеріне тастай батып, судай сіңсін" деген сияқты тілектер айтылып жатады.Осының бәрі жайдан жай айтылмайды. Кейбір отбасында қалыптасқан әдет бөтен отбасынан келген жас келінге ерсі болып көрінуі мүмкін. Жас келіннің де кейбір қылықтары, сөздері, жүріс тұрысы түсіп отырған үйінің көңілінен шықпауы мүмкін. Бөтен үйде өскен, бөтен үйдің тәрбиесін көрген жас келінге, күйеуінің үйіне келіп, сол үйдегі адамдардың қалыптасқан әдеттеріне, мінез құлқына, үйреніп, бірден сіңісіп кету оңай шаруа емес. Осыны түсінетін ене болады, және түсінгісі келмейтін ене болады.Кейде ене түсінгенмен, «тек қана менікі дұрыс» дейтін қырсық келіндер де болады және тура осы жағдайды "келін емес, келсап түсіріппіз" деп жатады."Келінің жақсы болсын десең, бірінші өзің келініңе келін бол" деген сөз де бар. Бұл сөз, бар үйдің тұрмыс шаруасын жаңа түскен келініңе ысырмай , келінің үйренісем дегенше өзің тындыр деген мағынада. Кейін үйрене келе, ақылды келін бәріне өзі иелік етіп, "апа шаруаны өзім бітіре аламын , оданда сіз демалыңыз" дейтін болады. Ене келінді тәрбиелеуі керек деп жатамыз. Жалпы жас келінді көп нәрсеге үйретуге болады. Мысалы: дәмді тамақ жасау, қонақ күту, ұқыптылық,тазалық т.с.с.бірақ, тәрбиені яғни имандылық,әдептілік, инабаттылық,ізгілік сияқты асыл қасиеттер қыз балаға туған анасы арқылы сіңеді. Жалпы келін мен ененің арасындағы карым- қатынас сол үйдегі ер-азаматқа, яғни келіннің күйеуіне де тікелей байланысты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Енем туған анамдай...
  • “Күшік күйеу болғым келмейді”
  • Келін мәдениеті қандай болу керек?
  • “Анам да, күйеуім де мені жақтамады”
  • «Біздің шаңырақта «ене мен келін» деген ұғым жоқ»
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге