Өрістегі мал арам өле бастады

    Өрістегі мал арам өле бастады

    Ақтөбенің Әйтеке би, Ырғыз аудандарында жекенің малы арам өліп жатыр. Тиісті мекемелер бұл жайттың мейлінше дабыра болмауын қалайды. “Керек.info” тілшісі хабарласқан шенеуніктердің барлығы “алаңдайтындай ештеңе де жоқ” деп бір бірінің аузына түкіріп қойғандай сөйлеп отыр. Ал малы қырылып шығынға батып отырған шаруалардың даусы ащы.

    Ырғыздың Жайсаңбай ауылындағы “Дархан” шаруа қожалығының иесі Қонысбек Қоянбаевтың 7 бұзауы арам өлді. Жиырма шақты жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан шаруа бұрын-соңды мұндайды көрмегенін айтады.

    - 31 мамырда жайлауға көшкен болатынмын. Ертесіне өрістен келген бұзаулар көзі бозарып, әлсірей бастады. Тіпті енесін емуден де қалды. Ақыры арам өліп тынды. Ақ адал малымның арам өлгеніне ішім удай ашып барады,-дейді Қонысбек Қоянбаев.
    Бұл шығынға батқан жалғыз қожалық емес. Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Амантай Досекешовтің айтуынша, Қалалыкөл ауылындағы “Берекет” шаруа қожалығының да 4 бас жылқысы арам өліп қалды.

    Қазір Ырғыздың халқы малдарын жайылымға жіберуге қорқып отыр. Өйткені, өріске шыққан 25 бас мал арам өлген. Ырғызда малдың қырыла бастағандығын аудан әкімі де растады. Мейірхан Дуанбековтің айтуынша, мал өлу дерегі Дүкен, Қалалыкөл, Жайсаңбай және Аманкөл елді мекендерінде тіркелген. Ырғызда мал 20 мамыр күні қырыла бастаған.

    Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында да жекенің малы арам өліп жатыр. Құмқұдық елді мекенінде жеке қожалықтың 29 бас жылқысы қырылып қалған. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Құсайын Сәрсембай айтты.
    Ырғыз бен Әйтеке би аудандарында мал шығыны болып жатқаны жөніндегі хабар басқармаға
    1 маусым күні келіп түскен. Оқиға орнына жергілікті мамандармен бірге алматылық екі профессор аттанды. Мамандар ауырған және өлген малдарды қарап, сынама алған. “Сынамалар облыстық ветеринарлық зертханаға жіберілді”,-дейді Құсайын Сәрсембай.
    Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, малдың қырылу себебі әлі анықталған жоқ. Шығын мөлшері мен оның кімнің есебінен өтелетіндігі сараптама қортындысынан кейін белгілі болады.

    Мамандар Ырғыз бен Әйтеке би ауданындағы малға жаппай пастереллезға қарсы вакцина еге бастағандарын айтады.
    Өткен аптада Ырғыз ауданында 25 бас мал өлген болатын. Ал Әйтеке би ауданында қырылған мал саны елуден асып кетті.

    “Керек.info” тілшісі төрт түліктің қырылуына байланысты “Республикалық ветеринарлық зертхана” РМК Ақтөбе облыстық бөлімшесінің бастығы Сафиулла Зармановқа хабарласқан болатын.
    “Мал қырылып жатыр деп дабыра қылудың еш қатысы жоқ. Төрт түлік мал жылда өледі. Оған жаппай қырылған киіктердің де еш қатысы жоқ. Қайта бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда аз” деп жайбарақат жауап берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әйтеке би ауданында да мал қырылып жатыр
  • Ырғызда дала қояндары қырыла бастады
  • Киіктің лақтары жетім қалып жатыр
  • Әйтеке би ауданында да киік қырыла бастады
  • Ырғызда киік қырылып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге