Жұбановтан шу шықты

    Жұбановтан шу шықты

    Ақтөбедегі Қ.Жұбанов университетіне жөндеу жұмысын жасаған 20 жұмысшы бір жыл бойы жасаған еңбек ақыларын ала алмай жүр. Жаз басталғалы университет алдын торуылдаған жұмыскерлер “ректор ақшамызды бермей отыр” деп шағымдануда. Келісім шартсыз жөндеу жұмыстарын жасаған оларға университет ректоры «біз оларға қарыз емеспіз» деп жауап қайтарды. Ақшасын алмаған жалдамалы жұмысшылар шарасыз отыр.

    Өткен жылдан бері Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте жөндеу жұмыстары жасалған. Жөндеу жұмыстарына «Амарант» деп аталатын жеке мекеме жауап берді. Бастапқыда келісімге отырып, уақытылы еңбек ақыларын алып жүрген олар “алданып қалдық” деп отыр. Келісім шарт бойынша жұмыс жасаған жұмысшылардан университет басшылығы оқу орнының басқа да жерлерін жөндеуін сұраған. «Амарант» жеке мекемесінің қызметкері Асқар Атыбаров жанындағы бірге жұмыс жасап жүрген жолдастарымен келісім шартқа отырмай, университетке жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Ақшаларын жұмыс аяқталғасын беретін болып келіскен. Дегенмен ауызша жасалған келісім шарт арқылы жұмысшылар ештеңе дәлелдей алмай отыр. Олар өздерінің ұялы телефондарына түсірілген суреттерді, видеоларды көрсетіп әлек болды. Университет ректорынан нақты жауап болатын шығар деп күтіп жүрген олардың шыдамы да таусылып ректоратты басып кіруге дейін барды.
    -Біздер жеке қызметкерлер болып осы университетте 9 ай жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Менімен бірге жұмыс жасаған ешқандай қызметкер жөндеу жұмысы аяқталса да жалақыларын алған жоқ. Олар бізге жалпы сомасы 16 млн. теңге қарыз. Осының барлығын ректордың өзі жақсы біледі. Би бөлмесін, музейді, шағын кабинеттерге жөндеу жасадық. Сонымен қатар, қосалқы жұмыстарын да жасап бердік. Біздің бір жеңілетін тұсымыз - келісім шартқа отырған жоқпыз. Бізбен Тимур Екібасов деген адам сөйлесті. “Жұмыс аяқталғасын ақшасын төлеймін” деген болатын. Онымен ақша бермек түгілі, өзі де жұмыстан шығып кетті. Қандай себеппен жұмыстан шығарғанын білмеймін. Университет ректоры Бауыржан Ердембековпен кездесе алмай жүрмін. Сылтаулары көп. “Тендер ұтып аласыңдар, төленетін болады” деп қашып жүр. Университетке облыс әкімі келген күні әдейіліп келдік. Барлығымыз жиналып әкім алдында бар шындығымызды айтқымыз келді. Дегенмен телефонмен хабарласып, «әкім кеткесін өзіңмен жеке сөйлесемін» деп ауызымызды жапты. Үміттеніп қалған бізді тағы да алдап соқты. Қаншама адам жүр. Үйлерінде бала-шағасы бар. Түнімен қонып жұмыс жасаған күндері де болды. Біреуге 100 мың. Екіншісіне 500 мың теңге қарыз. Олар үшін бұл ақша емес болып көрінер. Біздер үшін әр тиынның қадірі бар. Біздің күнде келіп жұмыс жасағанымызды осындағы күзетшілер де, тіптен еден жуушыларға дейін дәлелдей алады,-дейді жұмыс тобының жетекшісі Асқар Атыбаров.

    “Университет басшылығы үшін арнайы сауна салдық”
    Жөндеу жұмыстары барысында университетке еркін кіріп жүрген жұмысшыларды қазір табалдырығынан да аттатқызбайды. Бірнеше рет ақшасын сұрап барған қызметкерлерді арнайы күзет арқылы далаға шығарып жіберген.
    -Өз балаларымызға қарамай осы жұмысқа кірістік. Әкім келіп тексереді деп жөндеу жұмыстарын тездетіп бітіріңдер деді. Біз өздері қалағандай барлығын уақытында жасап бітірдік. Қазан айында жасалған жұмыстарымыздың ақшасы әлі берілмей жатыр. Еуро жөндеуге не қатысы бар, соның барлығын істедік. Ақшамызды сұрап барған кезде, бізді “полиция-мен алып кетеміз” деп қорқытты. “Ешқандай айқай болмасыншы” деп сыртта да күткен күндеріміз бар. Басқаның ақшасын емес, өзіміздің еңбегімізді сұрап жатырмыз. Қаңтар айында Түргенов, Алтынсарин көшелерінде орналасқан университеттің кабинеттеріне жөндей жасағанда қолма-қол ақша берді. Ректордың қолшоқпарларының айтуынша, “ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсыңдар” деп отыр. Қаржы департаментінің басшысының көмекшісі болған Тимурға телефон арқылы хабарлассақ жауап бермейді. Тіптен телефонын көтерген жоқ. Бізге тек университеттен ішінен бөлек өздеріне қажет саунаның ішінде жөндетіп алды. Шыны керек, ол саунаның бар екенін бізден басқа ешкім білмейді. Себебі ол жерге студенттер түспейтіні анық. Жоғарғы адамдар өздеріне арнап салғаны көрініп тұр,-дейді жөндеу жұмыстарын жасаған Әнуарбек Кенжеғұлов.
    Мемлекеттік университеттің ректоры мен кездесуге бір топ журналистермен жұмысшылар кірмек болды. Есікті ішінен кілттеп үлгерген күзетші бізді біраз күттірді. Ұзақ шудан кейін ғана есікті ашып тек журналисттерді ішке кіргізетіндігін айтты. Күзетшіні итеріп кірген жұмысшыларға «тәртіпке бағынбады» деп полиция қызметкерлерін шақыртты. Журналистермен тілдескен университет ректоры Бауыржан Ердембеков өзіне жала жауып отыр деп жеке жұмысшыларды сотқа беремін дейді.
    -Жұмыс тобы алдында бізге келді. Ол кезде Гришин көшесіндегі жатақхананың жөндеу жұмыстарына кеткен ақшалары туралы болған еді. Біздерге осыншама ақша қарыз екен деді. Біз қарыз ақшаларымызды қайтарып бердік. Сол кезде қарызымыз өтеліп, 59 миллион теңге төленді. Ал бірнеше дәріс залы, хореография жөнделді деп айтса, оның барлығын адамдар қарызға жасамайтыны анық. Бізді тексереді, жөнделсе бәрінің ақысы мемлекеттік сатып алу арқылы берілді. Қазір келіп отырған жұмысшылар сол жерде жұмыс істесе, оларды жалға алған адамдар ақысын төлеу керек еді. Оған мен жауапты емеспін. Олар заң аясында сотқа, прокуратураға, қаржы департаментіне шағым түсіре алады. Біздің барлық құжаттарымыз бар, ақысы төленген. Көшеден келіп, маған ақша бер деп айтқандардың бәріне төлей берсем не болады. Мен олардың сөзін жалған деп айта аламын,- дейді ректор Бауыржан Ердембеков.
    Университет ректоры Бауыржан Ердембеков жұмыс тобының жетекшісін танымайтындығын жеткізді. Өз сөзінде ректор жоғары оқу орнында саунаның бар екенін де растады. Дегенмен демалыс орны 10 жылдан бері жабық тұрғанын айтып өтті.
    -Сауна жабық тұр, жұмыс істемейді. Сауна жөнделген жоқ. Оны көрсете алмаймын, бұрындары жабылып қалды. Бұл ақша алудың, бізді бопсалаудың түрі деп білемін. Жұмысшылармен кездеспеймін. Олар жала жауып университеттің атын, менің жеке басымды кінәлап тұр. Мен оларды жала жапқаны үшін сотқа беремін,- деді
    Бауыржан Ердембеков.
    Еңбекақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар келісімшартқа отырмағандарына өкінеді. Егер іс сотқа кетсе ұялы телефондағы бейнежазбалары мен телефонда сақталған қоңыраулармен дәлелдейміз деп отыр. Мүмкіндіктері болса университетте орналасқан бейне бақылау камераларымен тексергендерін қалайды.
    Айта кетейік, жұмысшылар жарды сырлау, қабырға тегістеу, еден жөндеу, төбені жабыстыру тәрізді бірнеше жұмысты атқарған. Олар құрылыс жұмыстары кезінде барлық қажетті материалдарды сатушылардан қарызға алғандықтан сатып алған заттарының да қарыздарын қайтара алмай отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Таза қала» жұмысшылары жалақыларын әлі ала алмай жүр
  • Ақтөбеде жалдамалы жұмысшылар еңбекақыларын ала алмай жүр
  • Ақтөбеде клиентінің қымбат көлігін сатқан жігіт сотқа келді
  • Университет технопарк салмақшы
  • Ақтөбелік оқытушы бұрынғы әріптестерімен соттаспақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге