“Күйеуім тоқал алды...”

    “Күйеуім тоқал алды...”

    Менi 21 жасымда ауылдың баласы алып қашты. Үйдегiлер “барған жерiңде қал” деген соң қалдым. Өзім қаланың қызы болған соң ауылға үйрену оңай болмады,"уақыт емшi" дейдi ғой бәрiнеде үйрендiк,таңертең бесте тұрып сиыр сауу,қазан-ошақ бәрi менің мойнымда болды,сол шаңырақтың жалғыз келiнi болдым, себебi жолдасым жалғыз ұлдары. Бір жылдан кейiн қызыма жүктi болдым. Қызымды кесір тілігімен босанған едiм,ота кезiнде жатырыма қатты зақым келiп, алып тастапты. Қызым айнымаған өзім. Енді сәби көтере алмайтыныма қатты қиналдым, жолдасым,енем барынша менi жұбатты. Қызым 2 жасқа толған соң қалаға көшіп келдiк.

    Бiр күні енем бөлмесiне шақырып алып "қызым, сенi түсiнемiн, саған оңай емес, бiрақ ұлыма тоқал әперуiм керек. Сен қыз тудың әрi ендi бала көтере алмайсың,ұлымның артында ұрпағы қалу керек" дедi. Дәл сол сәтте жүрегiм қарс айырылды. Түнімен жылап енемнiң сөздерiн ой елегiнен өткiздiм, енемнiң сөздерiнiң жаны бар екенiн ұқтым. Енеме оның сөздерiн құптайтынымды айттым. Жолдасыма енем өз ойын айтып едi, басында қарсы болды, бiрақ ақыры енем көндiрдi. Бір айдан кейiн жолдасым тоқалын алды, тоқалы жап-жас, әдемi екен. Қанша дегенмен әйелмiн ғой, iшiм күйіп, жолдасымды қатты қызғанып жүрдiм. Тоқалмен басында ара-қатынасымыз жақсы болды, кейiн ол ұл баланы өмiрге әкелдi. Қайын жұртым қатты қуанып ұлан-асыр той жасады. Барлығының көңілi соларға ауды, қызым екеумiзге ешкiм қарамайтын. Жолдасымның тоқалы да сол сәттен бастап мінез көрсете бастады. Мен жұмысқа кеткенде қызымды ұрып, ұрсады екен. Енем де мұны бiлмейдi екен, ол қайын әпкемнiң балаларын бағуға кететiн. Мен ештеңеге қарамай жолдасыма барлығын айтып бердiм. Ол басқа қалаларға iс сапармен жұмысқа баратын, сол үшін ештеңеден хабары болмады. Жолдасымның тоқалы барлық iсi үшiн жазасын алды,сонда да қоймады. Жолдасым екеумiздің арамызға ол от салғысы келетiн. Себебi жолдасым менi оған қарағанда қатты жақсы көрiп, сыйлайтын, ол осыны көре алмайтын. Бiрақ онысынан түк шықпайтын. Уақыт өте келе ол әйел шектен шыға бастады. Мен жолдасыма қызымды алып бөлек шығатынымды айттым. Себебi күнде ана әйелмен ұрыс болатын. Мен жолдасыма осының бәрi қызыма керi әсер етiп жатқанын, әрi қатты шаршағанымды айтып бөлек шықтым. Сол кезден бас-тап барлығы дұрыстала бастады тұйық қызым бұрынғыдай еркелеп, мiнезi де ашыла бастады. Әр демалыс күндерi жолдасым бар уақытын бiзге арнайтын. Жолдасым бар жағдайымызды жасады үй, машина барлығын әпердi. Бәрiне Аллаға шүкір, әрине. Қазiр мен 39 жастамын,қызым 16 жаста. Қызым өте әдемi, ақылды, тәрбиелi қыз болып өстi.Астана қаласында тұрамыз. Келесi жылы қызым мектебiн бiтiредi. Жолдасым тоқалы екеуiнiң екі ұлы,бір қызы бар. Қызым бауырларымен жақсы араласады, бiрақ жолдасымның тоқалы қызымды ұнатпайды. Кейде әдейi aнау әйел жолдасымен қызымның арасына от салады. Қызымды әкесiне жаман атты қылып көрсеткiсi келедi. Қызым әкесiмен ұрысқан күндерi жылап келедi. Aнау әйелге қатты жыным келедi. Жасаған жақсылықты түк түсiнбейдi. Жолдасым негiзi менiмен тұрам деген, бiрақ менiң балам әкесiнен бөлек тұрса да сол әйелдiң балалары әкесiмен тұрсын дедiм. Жолдасымды сол әйелмен тұруға көндiрдiм,ол әйел ешбiр жақсылықты түсiнбейдi. Ол әйел де бiреудiң обалына қалып бақытты бола қоймас. Қызым мен әкесінің арасына үнемі от салып, үнемі қызым ұрыс естіп келеді. Қазір тіпті әкесінің үйіне барғысы келмейді. Есейіп қалды ғой. Әкесімен арасы суып кете ме деп қорқамын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандай қиындық болса да сабырмен жеңе білу керек
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Алмагүл Ізбасарова: “Осы дәрежеге жеткенім отбасымның арқасы”
  • Ақтөбеде лаңкестердің бірі әйелін ұрып, баласын ұрлаған
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге