Айналайын, “Ақбұлақ”, су сұраймыз шапқылап...

    Ақтөбедегі Ақжар-2 ауданында екі аптадан бері ауыз су тоқтап қалған. Он мың адамды сусыз қалдырған АҚ «Ақбұлақ» кәсіподақ ұйымы аудан тұрғындарының наразылығын тудырды. Осымен екінші рет жиналып реніштерін білдірген тұрғындар ауыз су 4 күн ішінде берілмесе басқаша әрекетке көшеміз деп отыр.

    “Қанша жыл өтсе де сусыз қалған күндеріміз болған жоқ еді” дейді ауыл тұрғындары. Бір апта сусыз отырған тұрғындар наразылыққа шыққан кезде әкімдіктегілер мен “Aқбұлақтан” келген адамдар суды “әне береміз, міне береміз” деп алдаған. Бір апта шыдаған, екінші апта да үнсіз отырған. Ауыз суды күте-күте шаршаған тұрғындар наразылыққа шықты. “Ақбұлақ” пен Алматы ауданының басшылығынан арнайы адамдар келіп ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізді. Ал, ауыл тұрғындары олардың сөзіне сенуден қалған. Олар бұл жағдай үшінші рет қайталанса да таңқалмайтындарын жасырмады.

    Құрғақ уәделері шаршатты
    Ауыл тұрғындары мына аптап ыстықта сусыз отыр. Олардың айтуынша, екі апта су берілмеген.
    - Кейбір көшелерге беріледі, кейбіреулерінде мүлдем тамшы да ақпайды. Ақжар тұрғындары осымен екінші рет жиналып тұрмыз. Осыдан бес күн бұрын жиналғанымызда «бүгін ауыстырып жатырмыз, кешке толтырылады» деп айтып кетті. Халық соған сеніп оны күтті. Су тұрғындардың 20 пайызына барғанымен 80 пайызына жете қоймады. Өткенде де жиналған да ауыстырамыз, толтырамыз деп бос уәдемен ауыз толтырып кеткен еді. Осы жолы да солай айтып тұр. Құрғақ уәделер шаршатты. Бүгін соңғы рет жиналып тұрмыз. Қорытынды шықпаса басқа әрекет жасайтын боламыз. Жаппай көтеріліске шығамыз. Тіптен керек болса жолды жабамыз. Ең болмағанда водовозбен су әкелу керек еді. Халықтың сусыз екенін біледі. Түнде төрттерге таман су келеді. Үлгергендер суларды толтырып алып қалады. Үлгермегендер сусыз отырады. Қазір дүкендегі сулардың бағасы соған орай көтеріліп кетті,-дейді он жыл бойы Ақжарда тұрып келе жатқан Жұмагүл Меңдіғалиева.

    Төрт күн ішінде су толығымен берілетін болады
    -Халықпен кездесіп, қолдан келгенше барлығын істеп жатырмыз. Бұл жерге су құбырын салған біз емеспіз. Оның бәрі менің құзырымдағы зат емес. Бізге әкімдік барлығын дайындап береді. Сосын барып су жібереміз. Ақжардағы су құбыры 2008 жылы жасалынған. Қазір үш насос су айдап тұр. Басында бұл насостар 90 текше метр ғана су айдайтын. Ол жетпегендіктен, насостардың қуаттылығын 170 текше метрге дейін жеткіздік. Соның өзінде халыққа ауыз су жетпейді. Жос-пар бойынша, Ақжарға айына 20 мың текше метр су берілуі керек болатын. Тұрғындар одан екі-үш есе көп тұтынып отырғандықтан резервуарлар толып үлгермейді. Біз ертең халыққа берілетін суды толық тоқтатып, әрқайсы 500 текше метрлік үш резервуарды толтырып, қор жасап алмақшымыз. Мәселе шешілмесе, үшінші насостың қуаттылығын арттырамыз. Енді бір күн толығымен суды тоқтатып резервуарды толтырамыз. Толығымен толса төрт күннен қалмай су берілетін болады,-дейді АҚ «Ақбұлақтың» жалпы және коммерциялық істер жөніндегі вице-президенті Жұлдызбек Бисембин.

    Бір апта ішінде бірнеше жедел жәрдем келді
    Су тоқтап қалғандықтан тұрғындар ауыз суды дүкендерден, жолдағы көліктерден сатып алуға мәжбүр болған. Сол себепті де үйдегі балалары ауырып, жедел жәрдемді бірнеше рет шақыртуға тура келген.
    -Бір апта ішінде бірнеше жедел жәрдем келді. Кей көшелерде көше аттары жоқ болғандықтан, жедел жәрдем көлігі мекен-жайдан біраз адасты. Кез-келген суды сатып алып балаларымыз ауырып жатыр. Қол жуған сумен еден жуамыз. Бас жуған сумен қол жуатын дәрежеге жетіп қалдық. Одан қалды, еден жуып болғаннан кейін ауладағы бау-бақшаны қалған қалдық сумен суарамыз. 40 градус ыстықта сусыз күн көру мүмкін емес. Қаншама бала іш ауруымен ауырып жатыр,-дейді ауыл тұрғыны Жамал Төлеубаева

    “Сапарбаев
    уәдесінде тұрмады”
    Төрт күн ішінде су беріледі дегеннен кейін тұрғындар үнемі мазалайтын сұрақтарын Алматы ауданы апаратының басшысына қойды. Су мәселесі шешілетін болса, 6-7 мәселелерін шешіп беруін өтінді.
    -12 жыл болды жол мәселесі шешілмей келеді. Сапарбаев келген кезде «жол салынады» деп уәдесін беріп еді. Салып бергені қайда? Бос уәде берді. Көше дұрыс болса автобуста дұрыс болатын еді. Жоғары жақта қаншама халық бар. Автобус кіре алмайды. Басқа көшелерге бара алмайды. Себебі батпақ. Бір көшемен келеді де кетеді. Халық жұмыстан шығатын уақытта таксимен жүруге екінің бірінің қалтасы көтермейді. Үшіншісі аялдамалар. Халыққа ешқандай жағдай жасалмаған. Көлеңкеде емес, күн көзінде тұрамыз. Қоқыс жәшігі мүлдем жоқ. “Таза қала” кеткелі қоқыстар төгіліп жатыр. Кеш батса, көше тас қараңғы болады. Көшеде жарық жоқ. Өзіміз қалтамыздан ақша шығарып жарықты жөндедік. Қайтадан өзіміз қалтамыздан ақша шығарып жол салып едік, ол жолды бір бульдозер сол қалпында көтеріп алып кетті. Ол жол жоқ енді. Жедел жәрдем шақырсақ үйлерді таба алмайды. Көше жоқ. Осыдан екі жыл бұрын сәулетшілер келіп “мынау сүмбіле деген, анау парасат деген көше болады” деп еді. Өтіріктерін айтып тағы жоғалды. Автобусты “автопарктен”, “12 минут сайын жібереміз” дейді. Бірақ ол өтірік. Бір сағат, бір жарым сағат күтеміз. Көшедегі су келетін құбырларды алып тастады. Барлық арыздарымызды айтып жатырмыз. Тым құрығанда біздерге тротуар салып беріңдерші. Батпақ кешіп шаршадық. Жыламаған балаға емшек жоқ дейді ғой. Осы жақсылықты ешқашан ұмытпас едік,-дейді ақжарлықтар.

    Барлық мәселені шешуге тырысамыз
    Халық өтінішін тыңдағын Мақсат Зейноллаұлы тұрғындар айтқан өтініштердің барлығын Алматы ауданының әкіміне жеткізетінін айтты. ”Aвтопарк”, “Қазақтелеком”, қоқыстың басшыларын жинап екі-үш күн арасында халық арасында жиналыс өткіземін деп хабарлады.
    -Бір келіп қалғаннан кейін тұрғындар өздерінің қосымша сұрақтарын айтып жатыр. Осы мәселелерді талқылап барлығының шешімін табуға тырысамыз. Аудан әкімімен сөйлесіп, жақын арада тұрғындармен бірге жиналыс өткіземіз. Өзім хабарласып ескертетін боламын,-дейді Алматы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Мақсат Зейноллаұлы.

    Тұрғындарға водовозбен су әкелінеді
    Төрт күн уақыт ішінде тұрғындарға су жіберілгенше Ақжардағы көше бойымен су әкелінеді. Әр үй шамамен 15 литрдей су ала алады деп хабарлады «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы. Олардың мәліметіне сүйенсек, қазір Ақжар-2 елді мекеніндегі абоненттердің 50 пайызы ауыз сусыз отыр. Бұл елді мекенде акционерлік қоғамның 1470 абоненті бар. Ауыз су мәселесі шешілгенше «Ақбұлақ» тұрғындарға суды арнайы көлікпен тасып бермек. Ал тұрғындар 1470 абонемент бар дегенге келіспейді. 2000 үй бар дейді тұрғындар. Бір үйде 6-7 адамнан деп есептегеннің өзінде 10000 тұрғын осында тұрады дейді ақжарлықтар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде екі кәсіпкердің жанжалынан халық сусыз қалды
  • Ауыз судың азабы
  • Бұлақтыкөлдің халқы май аралас су ішіп отырғандарын хабарлады
  • “Ақтөбе облысындағы 5 ауыл ауыз суды тасып ішіп отыр”
  • Ауыз су қымбаттайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге