Ескі үйдің мәселесі қашан шешіледі?

    Ескі үйдің мәселесі қашан шешіледі?

    Ақтөбедегі 80 жылдары гео-физиктерге арналып салынған екіқабатты үйде қазір адамдар тұрып жатыр. Салынғанына 40 жылға жуық уақыт болған үйдің әбден тозығы жеткен. Тұрғындар ағаштан салынған үй өртеніп кете ме деп қорқады.

    Ағаштан ғана тұрғызылған үйдің қаңқасы қалғандай шіріп тұр. Қолдағы қаражат тапшы болғандықтан осындағы 40-қа жуық отбасы апатты жағдайда тұрған баспанада тұруға мәжбүр. Бұл үйдің құжаттары да дұрыс емес. Кезінде геолог мамандар арнайы іс-сапармен келген де ғана аялдап, қысты күндері жабық тұрған. Қазір екі бірдей барақты бала-шағасымен қосқанның өзінде 150-ден артық адам тұрады. Байқаусызда шырпы тисе үйдің күлі де қалмайтын тәрізді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған тұрғындар қашанғы осылай жүреміз деп реніштерін білдірді. Мұндағы әр отбасы үш-төрт баласымен 10-20 шаршы метр бөлмелерде тұрады. Күн қатты ысып кетіп ағаш тұтанса, барақтан шыға алмай жанып кететін болармыз дейді тұрғындар. Апатты үйдің тұрғыны Назина Бисембинаның айтуынша, бір бөлмеде екі отбасы күн кешіп жатыр екен. Тұрғын талай есіктің табалдырығын тоздырған. Ешкім жауап бергісі келмейді екен.
    -Сыртынан қарап-ақ бәрін көруге болады. Тек қана ағаштан
    салынғандықтан жазда ыссы тартады, қыста ызғарлы суығы өтеді. Қазір жаз болғандықтан күннің ыссылығына қызып тұр. Үйде тіптен газ қолдана алмаймыз. Газ қолдансақ, ағашпен бірге жарылып кетерміз. Бізде бары салқын су мен жарық. Көктемде төбемізден су тамшылайды. Әкімдіктен көмек болмағасын тұрғындар өздері ақша жинап, екіқабатты үйді тексерткіздік. Тәуелсіз сараптаманың қорытындысы үйдің 70 пайызға жуығы апатты жағдайда тұрғанын көрсетті. Түнде жатар кезде құдайымызға сыйынып жатамыз. Тіптен еденді басқанның өзінде құтыр-құтыр етеді. Бір шырпының ұшы тисе, бес-ақ минутта жанып кетері анық. Өртенсе біріміз өлерміз, біріміз далада қалып қаңғырып кететініміз анық. Әкімдіктен де ешқандай көмек берілген жоқ. Осы бір кішкентай жарық пен судың ақшасы төленбей қалса “қырам да жоямын” деп жетіп келеді. Жарықтың өзіне айына екі жарым мың теңге төлеймін. Газ қолданбағанның өзінде ұшып тұр. Әжетханаға кіруден қалдық. Далада бес-алты әжетхана қазылған. Барсақ толып тұрғаны соншалық бетіңе лақтырады. Иісі қасына адам жолатпайды. Оңып тұрған ештеңе жоқ,-дейді аудан тұрғыны Назина Бисенбина.
    Жағдайларын айтып талай есікті қаққан тұрғындардың қала билігінен үміттері үзілген.
    -Телеарналар келіп түсіріп кетеді. Сөйлейміз де қаламыз. Ертеңіне келетін әкімдіктегі адамдардың да өтіріктеріне сенбейтін болдық,- дейді тұрғын.
    Басында бұқаралық ақпарат құралдары келген кезде далаға атып шығып шағымданатын тұрғындар да үйінен шықпай отыр. Әлі де үміт үзгісі келмеген барақтағы үш-төрт тұрғын бұл мәселеде шешіліп қалар деп сенеді.
    -Тұрғындардың барлығы шығып сөйлеуімізге болар еді. Осыған дейін де қанша рет айтқанымызбен ештеңе жасамады. Тұрғындар көмектің болатынына сенбейді. Үкімет бізге жаңа үй бере қоймас. Қирасақ осы екіқабатты ғимаратпен бірге қираймыз. Балаларымызға обал демесек, әйтеуір жалдаған пәтер емес деп көніп отырмыз. Төбемізде бір шатыр барына шүкір етудеміз. Жақында қытай тарақандары қаптап кетті. Осының барлығы түбімізге жетіп тынбаса болды. Бұрынғы аудан әкімі келіп қарап, тұрғындармен сөйлесіп кететін. Қазіргі ауданымыздың әкімі сөйлеспек түгілі, келіп тексерген де жоқ. Өзіміз барып өтініш білдіргенде «менің қолымнан ештеңе келмейді» деп жауап берді. Енді әкімдіктен келіп сараптама жасайын десе үйдің құжаттары жоқ. Техпас-порты мен жер актісі болмаса, сараптама жасамаймыз деп отыр. Жақында хабарласқанымызда қалалық тұрғын үй инспекциясы жетекшісінің міндетін атқарушы Ақнұр Қазыбаева үйдің техпаспортының көшірме қағазы табылды деді. Енді жер актісі қашан табылады деп күтіп отырамыз ба?! Біз күтеміз дегенше үйсіз далада қаларымыз анық. Тым болмаса бір бөлмелі пәтер берілсе екен деген тілегіміз бар,-дейді аудан тұрғыны Сәуле Алдиярова.
    Үй жанында орналасқан дәретхана жанына жақындау мүмкін емес. Иісі мұрын жарады. Барақта тұратындардың көбісі қазақтар. Ең сорақысы, тұрғындар көршілерімен дәретхана үшін бір-бірлерімен ұрысып жатады екен. Себебі айналаның барлығын бүлдіріп кеткен. Тұрғындардың қажеттілігі үшін де кәріз құбыры қарастырылмаған. Кейде тіпті шіріп тұрған үйлерін емес, иісі мұрын жаратын дәретханаларын күзетіп отырады. Аулада ойнап жүрген ойын баласы түсіп кетеді ме деп қорқады. Мемлекет үйді сараптамадан өткізіп, апатты екенін растаса, тұрғындар да үй кезегіне тұра алар еді. Бастапқыда бұл үйді геологтар 3-4 жыл пайдаланып, артынан бұзылады деп жоспарланған. Не бәрі 3-4 жылдық ғұмыры бар жатақханаларда 40 жыл бойы тұрғындар тұрады деп ешкім ойламаған. Сондықтан ешқандай құжаттар да толтырылмаған. Қалалық тұрғын үй инспекциясына хабарласқанымызбен телефон тұтқасын көтермеді. Осыған дейінгі бұқаралық ақпарат беттеріне жауап берген қалалық тұрғын үй инспекция жетекшісінің міндетін атқарушы Ақнұр Қазыбаеваның жауабы да көңіл көншітпейді. Маманның айтуынша, үйдің құжаттары жоқ.
    -Ол үйдің тұрғындары бізге хабарласты. Олар құжаттарын
    заңдастырулары керек. Ол үшін тұрғындар үйдің техпаспортын, жер актісін әділет басқармасына кондоминиум нысаны ретінде тіркеу керек. Яғни құжаттары реттелгеннен кейін, комиссия ресми түрде апатты деп таныса, тұрғындар баспанасыз қалмауы тиіс. Жалпы қалада 300-ге жуық ескі үй бар. Оның жиырмасы – апатты жағдайда тұрған үйлер. Жақында сондай бір үйдің проб-лемасы шешілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде тұрғын үй салатын компания ескі үй апатты деп танылса, орнына жаңасын тұрғызатын болды,-дейді Ақнұр Қазыбаева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үйі суға кеткендерге жер беріледі
  • Ақтөбеде көпқабатты үй құлағалы тұр
  • Ойылда 37 үй тұруға жарамсыз болып қалған
  • Ақтөбеде сегіз отбасы баспанасыз қалды
  • Пәтер бөлудің “байғанинше” тәсілі түсінбеушілік туғызды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге