Жағажайлардың жағдайы қалай?

    Жағажайлардың жағдайы қалай?

    Биыл Ақтөбеде ауа-райы ерекше ыстық. Өткен жылға қарағанда қалалық жағажайларға асығатындар саны да көбейген. Бүгінгі жағажайлардың жағдайы қалай екенін арнайы көріп келдік.

    Осыған дейін қала әкімі Ілияс Испановтың тапсырмасына орай жұмыс комиссиясының тобы қалалық жағажайлар қызметін тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Қалалық кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, төтенше жағдай бөлімдерінің, салық жəне төтенше жағдай басқармалары басшыларының қатысқан тексеру барысында жағажай əкімшілігі тарапынан бірқатар ереже бұзушылықтар анықталған. Кейбір жағажайдағы құтқарушылар кеудешесіз, тіптен арнайы қайықтары да жоқ. Сонымен бірге бірнеше жағажайда кассалық аппараттар мен пост терминалдардың болмауы анықталған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, ережеге бағынбаған жағажайларға арнайы нұсқаулықтар рәсімдеген. Оларды жою үшін нақты мерзім белгіленді. Бүгінде қалада 14 жағажай бар. Оның екеуі коммуналдық.

    Жағажайлардың бағасы қымбат
    Тұрғындардың көбісі коммуналдық жағажайларға баратыны белгілі. Қараусыз қалған жағажайларға шомылу тегін. Әр отбасыдан 5-6 адамнан барса ақылы жағажайлар қалтаңда ақша қалдырмайды. Шатыр алсаң, кететін шығыны тағы бар. Жаз маусымында суға шомылу үшін бес-алты мың шығару шығын дейді тұрғындар. Жағажайларға кіру бағасы орташа 200-700 теңге аралығында болса, коммуналдық жағажайларға кіру тегін. Арнайы шатырлары көп, тазалықты сақтаған жағажайлардың бағасы да ұшып тұр. «Болашақ» жағажайында 7 жасқа дейін тегін болса, «отбасылық» деп аталатын жағажай тек қана 3 жасқа дейінгі балаларды тегін кіргізеді. Ересектерге 300 теңгені құраса, «отбасылық» жағажайда 500 теңге алады. Тіптен сенбі және жексенбі күндері концерттік бағдарлама қосылса, кіру құны ересектерге 1000 теңгеге дейін көтеріледі. Қалтасы көтеретіндер ғана ақылы жағажайлардың күнделікті қонағына айналған.

    Халықтың өзі кінәлі
    Жағажай жандарында қоқыстар қайта-қайта толып қалады. Қызметкерлері тазартқанымен тұрғындар түсіністік танытпайды екен.
    -Шашылған қоқыстарды жинап жүретін 4-5 қызметкерлер бар. Адамдар тазалықты сақтамайды. Ішкен заттарын лақтырып жүре береді. Өздері шашқанын біле тұра, лас деп шағым айтады. Шашылған қоқыстарды уақытылы тазартып тұрамыз. Бізден ешқандай кінә жоқ. Су маңының қайта-қайта шашылып қала беруіне тұрғындар кінәлі. Егер олар өздерінің отырған жерлерін таза ұстаса жақсы болатын еді. Қаншама халықты қалай бақылап отырамыз. Тіптен кейбіреулері ақша төлеуден қашып жасырын кіретіндер де бар,-дейді «Болашақ» жағажайының жауапты иесі Нұргүл Баекешова.

    Бір аптада үш адамды құтқардық
    -Ақылы жағажайлар болғасын барлығы бақылауға алынған. Бір ғана жағажайда 5 құтқарушы бар. Өміріне қауіпті жағдайлар болып қалса, құтқару кеудешелерімізді киіп іске кірісеміз. Өткен аптаның өзінде үш адамның өміріне қауіп төнді. Екеуі 13 жастағы жасөспірім балалар болса, үшіншісі мас күйінде суға түскен ересек адам. Барлығын бақылауға алып отырғандықтан адамдардың суға кетуіне жол бермейміз,-дейді құтқару қызметінің өкілі.
    Еске сала кетейік, жаз маусымы басталғалы 4 адамның ажалы судан болды. Олардың төртеуі де ересек адамдар. Суға кеткендердің ішінде ең жасы 21 жаста.

    Жағажайдағы үйшіктер 2000 теңгеден жоғары
    12 ақылы жағажайдағы топчандардың бағасы 2000 теңгеден жоғары. «Отбасылық» жағадайда 40-тан астам сәкі орналасқан. Бір күнге берілетін арнайы үйшіктердің бағасы 2000-5000 теңгені құрайды. Жағажайға кірген сәттен әсем ән мен таза ауасы өзіңді баурап алады екен. Әр түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып, тұрғындарға бағалы сыйлықтар ұйымдастырылған. 25 адам қызмет жасайтын саяжайда балаларға арналған үш бөлікті бассейнде бар.
    -Біздің саяжайдың бағалары басқаларынан асып тұр деп айтаалмаймын. Тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Судың ағысы терең емес. Су Елек өзенінен ағып жатыр. Үнемі бақылауға алатын 5 құтқару қызметкеріміз бар. Халықтан арыз түспесін деп қоқыс жинайтын арнайы адамдар да жалдадық. Жұмыс уақыты таңғы тоғыздан кешкі онға дейін. Адамдар жиналып шығамыз дегенше сағат 12 болады. Біздің тағы бір ерекше тұсымыз - үйден тамақ әкелуге болады,-дейді «Отбасылық» жағажайының қызметкері.

    Ақтөбедегі жағажайлар маусымы он бесі ашылды
    Жаз басталмас бұрын бұқаралық ақпарат беттерінде шомылу маусымы 1-і басталатын болады деп тараған еді. Дегенмен жағажайлардың тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқанына 35 күндей уақыт болды. Маусымның 15-і күні ашылған жағажайларға адам саны да көптеп келеді екен.
    -Бір күн ішінде бізге 300 адамдай келеді. Тек дүйсенбі және сейсенбі күндері аз болатыны бар. Сенбі мен жексенбі күндері адам қаптап кетеді. Себебі ол күні көпіршік су болады. Сол кезде кіру бағасы қымбаттайды,-дейді «Болашақ» саяжайының жауапты иесі.
    Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше диспетчерлік қызметінің басшысы Оксана Кичигинаның айтуы бойынша, биыл ақтөбеліктерге 2 тегін жағажай берілген. Сонымен қатар әрбір жағажайда кезекші құтқарушылар бар.
    Айта кетейік, қараусыз қалған жағажайларға әлі де тұрғындар суға түсуін доғарар емес. Ол жерлердегі судың тазалығына да ешкім жауап бермейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде биыл 36 жағажай ашылады
  • Ақтөбеде адамдар суға кетіп жатыр
  • Жағажайлар шомылу маусымына әзір емес
  • Кәсіпкерлер әкімдікке наразы
  • Суға шомылу маусымы басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге