Қазақтың тойы қанша тұрады?

    Қазақтың тойы қанша тұрады?

    Қазақтың тойы қанша тұрады? Бар жинағанын тойда ғана шашатын қазақ шығынды есептейді ме? Өмірде бір-ақ рет болатын той үшін қалтаңызды қағуға дайынсыз ба?

    Екі жастың өміріндегі маңызды күн үшін ата-ана әлден дайындалады. Қазір Ақтөбеде тойды да кәдімгідей шоу қылып өткізеді. Бірінен бірі өтер қалыңдық көйлегі, зәулім мейрамхана, жалға алынатын қымбат көлік. Әрине, мұндай көрнекілік үшін қомақты қаржы керек. Қалтадағы жинаған қаражат жетпесе пайызы аз банктен несие алуға дейін барамыз. Той өткеннен кейін ол несиені жылдап төлейтініміз тағы бар. Қазақтың «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген атақты мәтелі әлі күнге мағынасын жоймай келеді. “Керек.info” газеті той шығынын есептеп көрді.

    Жақсы мейрамхана әр адамға 10 000 теңге алады

    Үлкен той өткізу үшін зәулім ғимаратты мейрамхана табу қиынға түседі. Дегенмен жыл өткен сайын жеке кәсіпкерлер мейрамханалар салуды сәнге айналдырған. Бұл да кәдімгі бизнес көзі. Қолыңдағы ақшаның жетуіне байланысты арзан-қымбат мейрамханаларды шертіп жүріп таңдауға болады. Кез келген мейрамхана екі баға ұсынады. Барлық шығын сол мейрамханадан шықсын десеңіз, адам басына 10 000 теңгеден төлейсіз. Жартысын өзім әкелемін десеңіз әр адамға 5 000 теңгеден шығарасыз.
    -Жаз маусымы болғандықтан, той жасайтын ақтөбеліктер қатары көбейді. Олар аз адамға той жасамайды. Ең аз дегеннің өзінде 200 адамға тапсырыс береді. 300-350 адамға да тапсырыс беретіндер бар. Барлығы бір-ақ күнде өтіп кетеді. Біздің мейрамханада да екі бағаны ұсынамыз. Қаладағы орташа баға осы. Той иелері көп жүріп қалмау үшін көбіне осы бағаға тапсырыс береді. Себебі оларға тиімді. Көп жүгіріс те болмайды. Барлығын мейрамханаға сеніп тапсырады,-дейді мейрамхана администраторы Әлия Шамқұбаева.

    Қазақтың тойы қалай өтеді?

    -Қазақтың тойы ешқашан уақытында басталып болмайды. Адамды көп шақырады. Кейде шақырған адамдарының көбі келмей қалады. 200 адам шақырса 180 адам болады. Кейде дұрыс есептемей қояды. 200 адамға тапсырыс беріп, 220 адам келіп қалатын сәттер де болады. Міне, сол кезде той иелері шығынға бататыны рас. Басқа ұлттың тойлары тыныш өтеді. Уақытында келеді. Өте аз адам шақырады. Аз адам шақырғанымен, кімдерді шақыру керектігін біледі. Шақырған адамдары да артық болмайды. Не кем болмайды. Осы арқылы олар ешқандай шығынға ұшырамайды. Олар міндетті түрде адам басына 10 000 теңгеге тапсырыс береді. Әрі-бері шапқылап жүруді қаламайтын болғандықтан шығар. Барлығын бізге сеніп тапсырады. Той уақытында басталып, уақытында бітеді. Қазақтың тойы басталып болмайды. Сосын аяқталып та болмайды,-дейді мейрамхана администраторы.

    Қалыңдық көйлегін жалға алушылар көбейді

    Бүгінде қыздар өмірінде бір рет киетін аппақ көйлекті сатып алудан бас тартқан. Қаражаттың жетпеуінен бе екен?! Қазір той көйлегін жалға алатындардың саны көбейген. Өзінің бағасынан екі есе аз беретін болғандықтан, көбісі қалыңдық көйлегін жалға алатын болған.
    -Қарапайым халыққа қолжетімді баға 30 мың мен 100 мыңның арасы.
    Біздегі көйлектердің бағасы да 100 мың теңгені құрайды. Қазір қыздар көбінесе көйлектерді жалға алады. Себебі олар бір емес, үш көйлек киеді. Бұрындары бір көйлекті тойға да, ұзатуына да киетін. Қазір олай емес. Ақ көйлекті тойға кисе, өзіне ұнаған қазақы көйлекті қыз ұзатуына киеді. Одан қалды “сырға салу” дегені тағы бар. Сыртында қазақы кәжекейі бар көйлекті сатып алатын болды. Көйлектердің жалға берілетін бағасы 50-60 мыңды құрайды. Бір көйлекті 3 күннен 7 күнге дейін ала алады. Яғни, бір аптаға дейін алуға болады. Жеке куәлікпен 50 мың теңге қалдырса, көйлек жалға беріледі,-дейді ұлттық киімдер дүкенінің иесі Гүлмира Көшербаева.

    Неке жүзігінің сапалысы қажет

    -Қазіргі жастар бұрынғыдай емес. “Қаражатымыз аздау болып тұр еді” деп неке жүзігінің арзанын алмайды. Алтынның салмағын, қай елден шыққанын, барлығын сұрап алады. Сақиналардың ең сапалысы 80-100 мың теңгені құрайды. Көбінесе қалыңдықтарға қымбат, ер азаматтарға арзандау келеді. Қалың, іші тегіс сақиналарға сұраныс жоғары. Соңғы жылдары оюлы сақиналарды сұрататындар көп кездеседі. Бір түсті алтыннан бастартып, оюлы әсемденген сақиналарға қызығатындар да бар. Оюлы сақиналардың бағасы 50-55 мың теңге. Ең арзан деген сақиналар 20-30 мың теңге болады. Неке жүзігі болғандықтан сапалысын таңдаған дұрыс деп ойлаймын,-дейді әшекей бұйымдар сатушысы Малика Әлиева.

    Аксессуарларды ұмытпаңыз

    Неке жүзігінен бөлек, қалыңдық тағатын аксессуарлар көп. Фата, алқа, сырға, диадема тәрізді ұсақ бұйымдар көйлекке сән береді. Осы ұсақ заттардың өзіне 20 000 теңгені бөліп алып қойған дұрыс. Себебі көйлекке үйлесім табу үшін келістіріп таңдау керек. Қыз жолдас көйлегіне сай жасалатын қолға ұстайтын гүлдің өзі 5-10 мың теңгедей болады. Ерекше гүлді қалайтын болсақ, қалтадан артық 10 мың теңге шығаруға тура келеді. Қалыңдық үшін маңыздысы ыңғайлы аяқ киім. Бүгінде тойдан кейін киюге арналған кебістердің орташа бағасы 10 000 теңге. Ертеңгі күнімізді ойласақ, қолжетімді аяқ киімдерге жүгінгеніміз дұрыс.

    Той көлігін сағатына жалға береді

    Той жасайтын қауым жеке кәсіпкерлердің қалтасын толтыратыны анық. Той уақытында арнайы жалдайтын көліктерді сағатына жалға алады. Бір ғана әдемі көліктің бағасы сағатына 10 000 теңгені құрайды.
    -Жаз маусымын “той маусымы” деп атасақ қателеспейміз. Көліктерді жалға беру арқылы біздің күнделікті шығынымызды өтеп тұрады. Бір лимузин көлігін бір сағатқа 10 немесе 20 мың теңгеге беремін. Кейде той иелерінің келісіміне қарай жеңілдіктер болып тұрады. Біздің жұмысымыздың қызатын кезеңі әр сенбі мен жексенбі. Сол күндері көлікті жалға алушылар көбейеді. Әрине, рөлінде өзім отырамын. Қай жерге бару керек болса, қалаған жеріне жеткізіп беремін. Жас кезімде мейрамханаларда фотограф болып жұмыс жасадым. Жас үлкейген сайын ол жұмысқа жастарды алады екен. Біздер үлкейдік, жастар келді. Ендігі жұмысымыз осындай. Тіптен осы жұмысым арқылы өзіме бір үй тұрғызып алдым. Сатып алған көліктерімізді жалға береміз,-дейді той көлігін жалға беретін жеке кәсіпкер.

    Макияж бен шаш үлгісі

    Қалыңдық үшін той уақытында ханшайым болу маңызды. Ол үшін оны әрлейтін макияж бен шаш үлгісі ерекше болу керек. Қалыңдық өзінен бөлек жанындағы құрбысына да макияж бен шаш үлгісін ұсынады. Одан бөлек тырнағына арналған әдемі маникюр тағы бар. Барлығын бір салонға істетсе арзанға түседі.
    -Біздерде қарапайым қазақ үшін қолжетімді баға. Қалыңдық пен құрбысында бірдей баға ұсынамыз. Макияж 4000 теңге болса, шаш үлгісі 3500 теңге. Оған қоса тырнағына арналған әдемі маникюр үшін 2500 теңге аламыз. Өздерінің қалаған шаш үлгісі мен макияжын жарасымды етіп жасап беруге дайынбыз. Қалыңдық пен құрбысы екеуіне 20 000 теңге шығын шығады. Есесіне екеуі де той ханшайымдарына айналады,-дейді бет әрлеуші Гүлдәурен Ерғайырова.

    Күйеу жігіт үшін 100 мың теңге жеткілікті

    Той үшін күйеу жігітке қарағанда қалыңдыққа кететін шығын көп. Жігіт сәнді аксессуар да, әдемі көйлек те таңдамайды. Ол үшін бір рет киілетін костюм-шалбар табу оңайырақ. Қаланың кез келген дүкенінен смокингті жалға алуға немесе сатып алуға болады. Қаражат жеткілікті болса сатып алары анық. Аяқ киім мен жейдені қосқан кезде 40 000 болса, 60 000 теңгеге ыңғайлы костюм-шалбар алуға болады.

    Асабаның бағасы

    Бүгінде тойға эстрада жұлдыздарын шақыру сәнге айналған. Дегенмен қалтаңдағы артық қаражатты беру қарапайым қазақ үшін қиынға түседі.
    Ақтөбедегі той ұйымдастырушыларының сөзіне сенсек, ең аз сұрайды деген асабаның өзі 100 000 теңгеге той жүргізеді екен. Тойға бір ғана асабаны шақырту тағы да жеткіліксіз. Оның жанында жүретін бишісі мен әншісі болу керек. Тойды шоу бағдарламаға айналдыратын командасы тағы бар. Орташа айтқанда, асабаның қолына бір тойды басқару үшін 500 мың теңге ұстатуға тура келеді. Тойдың жақсы өтуіне асабаның тигізер пайдасы зор.
    Той көйлегін таңдауға екі апта уақыт жұмсадық

    -Той үшін кететін шығындарымыз отбасылық құпия (жымиды- ред).
    Қалыңдық көйлегін басында жалға алуды ойладық. Бірақ, өміріміздегі ең маңызды күн болған соң, той көйлегін де сатып алуды жөн санадық. Бір көйлекті таңдау үшін екі апта уақыт жұмсадық. Күнде барып қарадық. Біраз тер төгілді. Кейбір түсініспеушіліктер болды. Бірақ ақырында таңдадық. Өйткені біз бір отбасымыз. Көйлекті қалыңдығымның өзі таңдады. Ешкіммен барған жоқ. Бір өзі тек менімен ақылдасып, осы көйлекті алдық. Өзі ұнатқан көйлекті алып бердім,-дейді күйеу жігіт Саясат Аяпбергенов.

    Қазақтың тойы шығынға батырады

    Енді ғана отбасын құрып жатқан Саясат пен Арайлым үйлену біраз шығынға батыратындарын айтып өтті. Енді ғана тойын жасап жатқан екі жастың тойдан да бөлек армандары болған. Қаражат жеткілікті болса барлығын жасауға болады дейді. Бүгінде қарапайым қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалын «Үйлену оңай, той жасау қиын» деп ауыстырып та жіберді.
    Той жасау қалтаға біраз салмақ салады екен. Оны мойындауға тура келіп тұр. Жасаймыз, әрине оған енді өкініп жатқан жоқпын. Бірақ бұл рас нәрсе. Осы қалпымызбен де біз қазақпыз ғой. Тойсыз қазақ бола ма? Бірақ той жасаудың орнына шетелге саяхаттауға да болады. Адам болғандықтан армандаймыз. Бірақ қазақ көпшіл халық. Той жасамай тұра алмаймыз,-дейді Саясат Аяпбергенов.

    3 млн. теңге

    Сонымен есептей келе той жасау үшін бір отбасының қалтасынан қанша қаражат кететінін анықтадық. Орта есеппен, бір той 3 млн теңгеге шығады екен. 200 адамға жасайтын дастарханы мен жалдайтын мейрамханасының өзі 2 млн. теңге болады. Қалыңдық көйлегі мен неке жүзігі, жалдамалы көлік, бет әрлеуге жұмсалатын қаражат пен асабаға төлейтін шығын 900 мың теңге. Ал енді есептей беріңіз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тойдан қашқан қалыңдық жағдайды түсіндірді
  • Студенттер той жасайтын тегін мейрамхана ашылды
  • Малика Дүйсенбаева: Ұлттық өнермен бизнес жасауға болмайды
  • Той маусымы басталды
  • Кей түлектер мектеп бітіру кешіне 200-300 мың теңге жұмсаған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге