“Нұр Ақтөбе” мектебіне оқушы сыймай жатыр

    “Нұр Ақтөбе” ауданындағы жалғыз мектеп биыл оқушыға өткен жылдан да лық толғалы тұр. Әкімшілік оқу ғимаратындағы кейбір бөлмелерді көшіріп, қосымша кабинеттер дайындаудың қамын қарастырып жатыр. Ал оқушылары екі мектепке сыймай отырған “Батыс 2” ауданының 400-ден астам баласы жеке мектепке барады.

    “Нұр Ақтөбе” ауданындағы №60 орта мектебі Ақтөбедегі ең үлкен мектеп. Бір сыныптың орташа тығыздығы 28 оқушы. Былтырдың өзінде кейбір сыныптардағы оқушы саны 30-ға дейін барған. Бірінші сыныпты өткен жылы 17 класс бітірген. Биылғы оқу жылы мұнда 3000-нан астам бала қабылданбақ.
    -Биыл 12 мектепалды даярлық кластарын қосқанда барлығы 121 класс болады. 3000 баладан асып кетуі әбден мүмкін. Жаңадан қосылған мөлтекауданнан балалар әлі де келіп жатыр. Үш ауысыммен оқытуды былтырдан бастадық. Биыл да соны жалғастырамыз. Сыймай қалса қосымша кабинеттер ашуды қарастырып жатырмыз. Гардеробты босатып, холға көшіреміз деп жоспарлап отырмыз. Біздің мектептің бір ауысымда 1200 бала оқытатын мүмкіншілігі бар,- дейді мектеп директоры Абзал Тәжімішев.
    Оның айтуынша, ең қиыны мұнда бастауыш сыныпқа әсіресе, орыс кластарына мұғалім жетіспейді. Бір маман екі класты бірінші және екінші ауысымда кезекпен алып жүруге тура келеді. Мектеп әкімшілігі қалалық жұмыспен қамту орталығына сұраныс беріп қойған. Қазір бастауышқа қазақ тілінде оқытатын 12 мұғалім, орыс тілінде 4 мұғалім қажет.
    -Бұйырса жақында бітірген 6 студент жұмысқа қабылданады. Орыс класының сағаттары аз болғандықтан, мұғалімге жұмыс істеу тиімсіз. Былтыр көрші мектептермен келісіп, мұғалімдері бос уақытында бізге келіп сабақ берді,-дейді Абзал Тәжімішев.
    Осылайша бұл мектеп үш ауысыммен биыл екінші жыл қатарынан оқытып келеді. Қазір “Нұр Ақтөбеде” 4 мөлтекауданда 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Жаңа нысан келесі жылы пайдалануға берілмек. Дегенмен, бұл ауданда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер күн санап көбейіп жатыр.
    -“Нұр Ақтөбеде” бұдан өзге тағы жаңа мектеп салына ма, жоқ па, әзірге белгісіз. 2019 жылға дейінгі бес жылдық жоспар аяқталды. Келесі жылы алдағы бесжылдыққа жоспар құрылады. Аудандар қазір зерттеліп жатыр. Менің ойымша, “Нұр Ақтөбеге” қайтадан мектеп керек болады. “Батыс 2” ауданына да жаңа мектеп қажет болады. Әзірге осы екі аудан өсіп, уақытша қиындықтар туғызып жатыр,- дейді қалалық білім бөлімі орынбасарының міндетін атқарушы Дина Халетова.
    Биыл қаладағы үш ауысыммен оқытатын №5, 29, 41, 45, 49 мектептердің мәселесі шешіледі дейді білім бөлімінің мамандары. Қыркүйек айында алты мектеп ашылады. №21,27,9, 29 мектептерге жапсарлас құрылыс салынып жатыр. Тағы да №56,12,37 мектептерге жапсарлас құрылыс салуға жобалық сметалық құжаттар дайын.
    - “Батыс-2” ауданында биыл мәселе болмайды,-деп сендіреді Дина Халетова. – Онда №64 аралас мектебі мен №63 қазақ мектеп-лицейі бар. Ол ауданда “Сымбат” жеке мектебі бар. Жеке мектептерде мемлекеттік тапсырыс орындауға қаулы дайындап жатырмыз. Оған үкіметтің рұқсаты бар. “Батыс-2” ауданының жалпы саны 400-дей оқушысы “Сымбат” жеке мектебіне көшіріледі.

    “Баламызды қайда оқытамыз?”
    “Нұр Ақтөбе” шағын ауданына биыл “4 мөлтек аудан” деп аталатын тұрғын үйлер массиві қосылды. Қоныстанып жатқандардың дені жас отбасылар. Әр үйде мектеп пен балабақша жасына жеткен бала бар. Бұл ауданның тұрғындары балаларын қайда оқытарын білмей дал болып отыр.
    -Үй салмас бұрын сол жерге мектеп пен балабақша да салмай ма екен? Үйге кіріп алдық, балаларымызды қайда оқытамыз? «Нұр Ақтөбедегі» жалғыз мектеп балаға лық толы, тіпті бізсіз-ақ үш ауысыммен оқып жатыр. Енді не болмақ? Ертең күн суытып, қараңғы тез түсетін уақытта балаларымызды қалай алысқа жібереміз? Мектеп жағы өте қиын болып тұр,- дейді жаңа ауданның тұрғыны Эльвира.
    Оның айтуынша, Қызылжар мен Нұр Ақтөбе ауданының арасында орналасқан 5-6 үйде бала көп.
    -Қазір қоныстанып жатқандардың дені жас отбасылар. Барлық үйде бала бар. Балаларымызды уа-йымдап отырмыз. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын, үрейіміз де үдеп барады,- дейді тұрғын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде биыл бірінші сыныпқа келушілер саны артты
  • Ақтөбеде 13 жаңа мектеп пен 38 балабақша пайдалануға беріледі
  • Орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан кетті
  • Білім мекемелерін күрделі жөндеуге 675 млн теңге бөлінген
  • Ясныйға жаңа мектеп салынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге