Ақтөбедегі емханалар талапқа сай емес

    Ақтөбедегі емханалар талапқа сай емес

    Ақтөбелік емханалар халыққа дұрыс қызмет көрсетпейтіні анықталды. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген мониторинг нәтижесінде, Ақтөбедегі емханалардан бірнеше қателіктер табылды.

    Агенттіктің мамандары жасырын сатып алушы ретінде Ақтөбедегі емханалардың қызметіне жүгінген. Тексеріс барысында ақ халаттылардан бірнеше олқылықтар анықталды. Агенттіктің қызметкерлері осындай олқылықтарды таспаға түсіріп, дәрігерлердің өздеріне көрсетті. Тексеру барысында облыстағы 8 емханада ем алушы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасалмағаны анықталды.

    Жыл соңына дейін электронды құжатқа ауысамыз
    Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әсет Қалиев осылай дейді. Оның айтуынша, емханаларда болған олқылықтар құжаттарды қолмен толтыру және маман жетіспеушілігінен болған. Және телефонға орнатылатын арнайы бағдарлама да қазір істен шығып, жұмыс жасамай тұр екен.
    -Бүгінде біздер медицина саласында барлық құжаттарды интернет жүйесіне көшіруге жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі таңда қаламызда 43 емдеу мекемесі бар. Қалада интернет жүйесіне қол жеткізу ыңғайлы. Ауылдық жерлердегі емханаларға арнайы модемдер орнатып, жыл соңына дейін барлығы электронды түрде болады. Тұрғындар дәрігерге жазылу үшін телефонға арналған қосымша орналастырылды. Осы жылдан бері 46 650 адам осы қосымша арқылы дәрігердің қабылдауына жазылып, үйіне шақыртып алды. Әрине, кейде осы бағдарламада бұзылып тұрады. Соған байланысты соңғы уақыттарда дұрыс жұмыс жасамай тұр,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

    Медицина саласы ойнайтын жер емес
    Тексеру барысында облыстағы 8 емхана тұрғындар үшін қолайсыз жағдайлар туғызған. Бейне бақылауға №2 қалалық емхананың күзетшісі тіркеуде кезекте тұрған адамды итеріп шығарғаны тіркеліпті. Бірнеше емханаларда тіркеу кезегінде тұрған адамдардың саны көп.
    -Медицина саласы ойнайтын жер емес. Мемлекеттік қызметкер болғандықтан дұрыс жұмыс жасау керек. Жақсы емханалар бар. Барлық жағдай жасалған. Мәртөктегі балалар емханасы саябақ тәрізді. Ем алушылар үшін қолайлы. Емхананың ауласы да таза. Басшысы тіптен бюджеттен ешқандай ақша шығармаған,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлім бастығы Расул Медетов.

    Емханалардағы электронды тіркеу құрылғылары жұмыс жасамайды
    Тексеру барысында қаладағы бес емханада бірдей жағдай қайталанған. Тіркеу бөлімінде бітпейтін кезек те үлкен олқылыққа жол ашып тұр. Халыққа тек ресми тілде ғана ақпараттар берілген. Мемлекеттік тілдің мәртебесіне нұқсан келген. Электронды құрылғылары сөніп тұрған.
    -№1 емханада жөндеу жүріп жатқандай жағдай болды. Халық отыратын орындықтарды көтеріп тастаған. Электронды құрылғылар сөніп тұр.
    Қызметкерлері талонсыз жұмыс жасаған. Сондай жағдай №2 емханада да қайталанған. Терминалдардың талон шығаратындары жұмыс жасамайды. Терезелер жоқ. Мамандары дұрыс жауап бермейді. №4 қалалық емханада әр кабинет алдында кезек көп. Тегін дәрілер тізімі қарастырылмаған. Қызметкерлері дұрыс ақпарат беруден бас тартты. №5 емхананада да осы жағдай болды,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының жетекшісі Илья Пак.
    Сонымен қатар Ойыл, Мәртөк, Алғадағы аудандық емханаларда да қызмет түрлері дұрыс қалыптаспаған. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалмаған. Емхана аумағы қараусыз қалған. Айтылған арыздар бойынша емхана өкілдері жауап берді. Олар болған жағдайдың барлығын мойындады.
    -Барлық жағдайларды ескеріп, өзгертуге тырысамыз дейді №2 қалалық емхананың өкілі.
    -Осы бейне бақылау түсірілгеннен кейін барлығын тексердік. Арнайы комиссия құрып бардық. Бас дәрігерлерімен сөйлестік. Қазір барлығы демалыста. Жыл соңына дейін барлығы реттелетін болады,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

    Медицина саласында мамандар тапшы
    -Барлығының айтатыны бір мәселе. Бір дәрігер үшін қаншама халық таңнан кешке дейін кезекте тұрады. №1 емханаға шет жақтағы аудандардың тұрғындары да қаралады. Дәрігерлерді жұмысқа орналастыру керек. Әрине, бұл менің ұсынысым. Кешегінің өзінде ата-аналар балаларын жазғы демалыс орындарына жіберу үшін анықтама алуға таңғы сағат 6:00-ден бастап кезекке тұрды. Осы мәселені қарастыруды сұраймын,-дейді облыстық маслихаттың депутаты Тәттігүл Талаева. Ал қоғамдық кеңес мүшесі Ізімғали Көбенов кадр мәселесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

    Медицинаның кейбір тұстарына көңілім толмайды
    -Өзім де дәрігермін. Дәрігер бола тұра, біраз дүниені мойындау керек.
    Біздерді бірнеше мәселе толғандырады. Зейнет жасындағы дәрігерлерді жұмыстан қысқарту керек. Бізде кадр мәселесі бар. Одан кейін барып фармация тағы бар. Аудандық емханаларда мамандар жоқ. Өзім де бірге жүріп тексеру жұмыстарына қатыстым. Ырғызда жүкті әйелдерге арналған ультрадыбысты тексеруде отыратын мамандар жоқ. Олар қалаға 500 шақырым асып келеді. Қызметкерлер демалысқа кетсе, орнына қаладан басқа маман жіберу керек. Бір жерлерде дәріханалар көп. Кейбір жерлерде мүлдем жоқ. Өзім тұратын көшеде қатарынан 11 дәріхана бар. Ауылдық жерлерде жоқ. Осылардың барлығын қайтадан қарастыру керек. 9,5 млрд қаражат бөлінді деп айтылды. Осылардың барлығына кім жауап береді?! Дәрігерлер демалыста болса, кім жұмыс жасайды?-дейді Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ізімғали Көбенов. Өз сөзінде қалада балалар тіс емханасының жетпейтінін де атап өтті. -Балалар тіс емханасы салынып жатыр. Күзде қолданысқа беріледі. Барлық мәселенің жауабын шешетін боламыз,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылды
  • Жемқорлыққа бейім екі мекеме анықталды
  • Ақтөбенің дәрігерлері қайтыс болған адамды “емдеген”
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге