300 адам түрмеден шықты

    300 адам түрмеден шықты

    31 шілдеде қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы Заң күшіне енді. Ізгілендіру 60-қа жуық ақтөбелік сотталған адамға ықпал етеді деген болжам бар. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Мирболат Көпесов мәлімдеді.

    Осыдан екі күн бұрын елімізде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіру туралы Заң күшіне енді. Жалпы, түзетулер Қылмыстық кодекстің 262 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 45 және Қылмыстық-атқару кодексінің 9 бабына енгізілді. Сондай-ақ, ауырлығы орташа және онша ауыр емес, кісі өліміне соқтырмаған 247 қылмыс бойынша баламалы жаза түрінде қоғамдық жұмыс алғаш рет енгізіліп отыр.
    - Бұл өз кезегінде сотталғандардың еңбегін қоғам игілігіне пайдалануға мүмкіндік береді. Айыппұлдың ең төменгі көлемі бұрынғы 500 АЕК-тен 200-ге, яғни 1,2 млн теңгеден 481 мыңға дейін кемітілді. Ал оны төлеудің минималды мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұзартылды. Бұл мыңдаған азаматтарға айыппұл көлемін төмендету және оны өтеу мерзімін ұзарту туралы сұрап, сотқа жүгінуге құқық береді, – деп хабарланды ҚР Бас прокуратурасынан.
    Еліміз бойынша түзетулерге негізінен, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны және алаяқтығы үшін бас бостандығынан айырылған 2,5 мың сотталушы ілігіп отыр. Олардың барлығының жазаны өтеу мерзімі қысқартылады.
    Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Мирболат Көпесовтің айтуынша, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіру туралы Заң жобасы біздің аймақта 60-қа жуық сотталғанға қолданылуы мүмкін.
    -Бірақ, сотталғандардың жаза өтеу орындарына үнемі келуі-кетуіне және басқа мекемелерге ауысуына, босатылуына байланысты, яғни қозғалысына байланысты бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін,- деді департамент басшысы.
    122 адам КА-168/2 және КА-168/5 мекемелеріндегі көпсалалы колледждерде 4 мамандық бойынша білім алып жатыр. Оларға арнайы тігінші, электрқұрылғыларын жөндеуші слесарь-электрик, газэлектрдәнекерлеуші, ағаш және жиһаз өндіруші шебері мамандығы беріледі.
    2017 жылдың басынан бастап, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жобаның басты мақсаты - сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау.
    -Қазіргі таңда босатылған 15 сотталғанға Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен түрлі көмектер көрсетілді. Атап айтсақ, әлеуметтік бейімдеу орталығына 1 сотталған орналастырылса, 4 сотталғанға қала бойынша ваканттық бос жұмыс орындарына, 2 сотталғанға кәсіби білімдерін жетілдіруге жолдама берілді,- дейді Мирболат Көпесов.
    Жаңа заң шеңберінде жаза мерзімін өтеуге дейін бір жыл қалған 127 сотталған адамды қайта әлеуметтендіру бойынша, оны бостандыққа дайындау үшін пробация қызметі түзеу мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы әзірленіп жатыр.
    Осы таңда, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандардан жұмыспен қамту органдарына еңбектік-тұрмыстық орналасу сұрағын жедел шешу мақсатында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен өзара іс-қимыл жасасу жақсартылып, бірлескен жоспары құрылды.
    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесімен 35 бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар өтініш білдірген. Төрт адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 9 адам уақытша сипаттағы қоғамдық жұмысқа жіберілген. 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Бір адам жастар практикасына, бір адам қысқа мерзімді курсқа жіберілді.
    Бостандыққа шыққан азаматтардың түзету мекемесінен шыққан соң баратын жері болмаған жағдайда олар «Тұрғылықты мекен-жайы және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға арналған әлеуметтік-бейімделу Орталықтарына» орналастырылады. Ақтөбе қаласында орналасқан бұл орталыққа жыл басынан бері 11 адам жеткізілді. ▼

    Ақтөбедегі 3 түзеу мекемесі және 1 тергеу изоляторында 1500 адам жазасын өтеп жатыр. Сотталғандардың 30 %-ы аса ауыр қылмыстар, 50 %-ы ауыр қылмыстар, 15 % ауырлығы орта қылмыстар және 5% онша ауыр емес қылмыстар үшін жазаға кесілгендер.

    Педофилдерге, кісі өлтіру, зорлау, азаптау, экстремизм мен терроризм және қылмыстың ұйымдастырылған түрлерін жасағандарға ізгілендіру қолданылмайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Түрмеден шыққан 13 адам жұмысқа орналасты
  • Ақтөбеде түрмеден шыққандарды жұмысқа тұрғызу басталды
  • Ақтөбеде сотталғандардан бюджетке 30 млн теңге түсті
  • Сотталғандар жұмысқа орналасуға құлықсыз
  • Ақтөбенің түрмелерінен 77 адам бостандыққа жіберілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге