“Sinooil”- да жарылыс болып, екі адам зардап шекті

    █ Ақтөбеде “Sinooil” мұнай базасында жарылыс болып, екі адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс бензин тасымалдаушы көліктен шыққан.

    Еркежан СЕРІК
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ауданындағы “Sinooil” мұнай базасында жарылыс болып, екі адам ауыр жарақат алған. Зардап шегушілердің біреуі 54 жастағы әйел адам. Ол қазір жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.
    - Анам онда оператор болып жұмыс жасайтын. Бізге бұл оқиға туралы жұмыстастары ауруханаға түскеннен кейін хабарлады. Анам қазір жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Естуімізше жалын тарсылы болған. Қаза тапқан ешкім жоқ. Ол оқиға 10 қыркүйек күні болды,- деді зардап шеккен әйелдің ұлы Аманғали.
    Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапановтың айтуынша, үш күн бұрын ауыр күйік жарақатын алған екі адам түскен. Оның біреуі әйел адам, екіншісі ер адам.
    - Қазір екеуі де жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Әйел адамның жасы 50-ден асқан. Ал жігіттің жасы шамамен 30-дарда. Дене бетінің 80-90 пайызын күйік шалған,- деді Сәкен Қапанов.
    Керек.info тілшісі “Sinooil” мұнай базасына хабарласқан еді. Телефон тұтқасын көтерген хатшы қыз базада ешқандай оқыс жағдай болмағанын айтып, басшысы жиналыстан босамайтынын жеткізді.
    - Мен бұл жағдайға қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен іссапарда болдым. Жаңа ғана келдім. Бастыққа енді кіремін,- деді өзін инженермін деп атаған Серік Қабылов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көп қабатты үйдегі өрттен екі адам зардап шекті
  • Саяжайдағы жарылыс кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” слесары зардап шекті

  • Жарылыстан екі адам зардап шекті
  • Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге