Пәтер ұрылары 800-ге жуық үйді тонап кеткен

    █ Облыстың күштік және қадағалау құрылымдарының жетекшілері бас қосқан кеңейтілген үйлестіру кеңесінде пәтер ұрлығына қатысты мәселелер қаралды. 8 айда 6000 ұрлық тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 21 пайызға көп.

    Айгерім ШЫМҚАЕВА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    - Бізде ұрлықтар – Қазақстанның төрт қаласында: Астана, Алматы, Атырау және Ақтөбеде жиі болады,- деді облыстық ІІД бөлім жетекшісі Махамбет Абитасов. – Бұл төрт қаланың өмір сүру деңгейі өте жоғары. Пәтер ұрылары осы төрт қалада жұмыс жасайтындар. Біз қандай ұрыларды ұстамадық десеңізші?! Көрші Қостанай, Оралды айтпай-ақ қояйық, Атырау, Павлодар сияқты қалалардан топ-топ болып келеді. Біздің қаланың тұрғындарында ұрлайтын заттар жетеді. Біздікілер қамалып отырады. Биік қоршаулардың артындағы жеке үйлер тіпті айналасындағы көршілерін де танымайды. Біздің шаһар қала шетіндегі ауылдардың есебінен өсіп келе жатыр. Ол жақтарда ұрлық жалғаса береді. Қазір бүкіл Астана Ақтөбенің «әуе қалашығының» көлеміндей. Себебі Астанада көпқабатты үйлер салынған, ал бізде жекеменшік сектор дамып жатыр.
    Кеңеске қатысқан прокуратура өкілі Ақтөбеде ұрланған тауарды өткізетіндер мен оны сатып алатындар заңмен қудаланбайтынын айтып ашуланды. Бас полицей болса, ломбард орындарын тексеруге шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің кедергі екенін айтты.
    - Біз ломбардтармен жұмыс жасап, өзара келісімге де қол қойдық. Бір-екі күндікте бірнеше ұрлықты аштық. Ломбардтан хабар түскен бойда үш қаракүзен тонын тәркіледік. Алайда ұрланған затты сату және сатып алу бабы тиімсіз болып тұр. Себебі қаракүзен тонды немесе ұялы телефонды сатып аларда адамдар оның ұрланған не ұрланбағанын сұрамайды. Тауарды ұрлап алғанын ұры айтпайды да. Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий бізге мықты қиындық туғызып отыр. Ұрланған аккумуляторларды күнде қайда апаратынын бәріміз білеміз, бірақ нысанның ішіне кіріп, тексеруге құқығымыз жоқ. Бұл ертеңгі күні заң бұзушылық болып саналады,- деді Абисатов.
    Кеңесте белгілі болғандай, Ақтөбе облысында күн сайын орташа есеппен 25 ұрлық тіркеліп отырады. Пәтер ұрылары 752 үйді тонап, 1000 ұялы телефонды алып кеткен. 700 адам қалта тонаушылардың құрбаны болған. Оның ішінде 500-і ақшасын жоғалтты. Сондай-ақ жыл басынан бері 190 мал ұрлығы тіркелген. Облыста 8 ай ішінде 6000 ұрлық тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 21 пайызға көп.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда мал ұрылары ұсталды
  • Ұрланған телефон “Астана” сауда үйінен табылды
  • Пәтер тонаған полицей сотталды
  • Пәтер құны төмендей ме?
  • Ақтөбеде қалта ұрыларын WhatsApp арқылы ұстамақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге