Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі жоғалып кетті

    █ «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі Айдана Мұхаммеджанованың хабарсыз кеткеніне 20 күннен асып кетті. 28 тамыз күні жұмысынан шығып кеткен ол сол күйі оралмаған. Қазір хабарсыз кеткен келіншекті тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

    24 жастағы Айдана Мұхаммеджанованы 28 тамызда жұмысына жолдасы апарып тастаған. Содан бері хабар жоқ. Жоғалғанына бір тәулік өткеннен кейін жолдасы тәртіп сақшыларына хабарлап, арыз жазған. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын 3 қыркүйекте бастапты. Содан бері Айданадан хабар жоқ. Балабақша меңгерушісі Динара Төребаеваның айтуынша, 28 тамыз күні екінші ауысымға жұмысқа шыққан. Қасындағы серігіне “банкоматқа барып келемін, әкімшілікке ескерттім” деп шығып кеткен.
    - Тәрбиеші ретінде де, қызметкер ретінде де жақсы жағынан көрінген келіншек еді. Сол күні жұмысқа шыққан. Бірақ, өзінің жеке заттарын жинап алып кетіпті. Ауыстыратын аяқ киімі мен ноутбугін де өзімен бірге ала кеткен. Ата-аналармен, балалармен жақсы тіл табыса білетін қызметкер еді, қазір қайда екенін білмей отырмыз. Заң бойынша жұмыс орнында 3 сағаттан артық болмау себепті акт толтырдық,- дейді балабақша меңгерушісі.
    24 жастағы келіншектің Айша, Бибі деген егіз қызы бар. Қазір оның хабарсыз кеткеніне туыстары да алаңдап отыр.
    - Әлеуметтік желіге үлкен үмітпен жарияладым. Біреу-міреу көрдім деп хабарласар дедім. Алаңдап отырмыз, жоғалып кеткеніне 20 күннен асып кетті. Полиция да іздеп жатыр. Егіз қыздары бар, үш жаста. Баласын, отбасын тастап кететін адам емес,- дейді туысы Самал Құлтазина.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 17 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті
  • Ақтөбелік әйел жоғалып кеткен баласын базардан іздеп жүр
  • Ақтөбеде тапа-тал түсте адам жоғалып кетті
  • Ақтөбеде 51 жастағы азамат жоғалып кетті
  • Мектеп оқушысы жоғалып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге