Мектеп инспекторы оқушыны ұрды

    Мектеп инспекторы оқушыны ұрды

    Ақтөбедегі №2 мектептің инспекторы оқушыға қол жұмсаған. Мектеп директорының айтуынша, тәртіп сақшысы мен жасөспірім арасындағы кикілжің ішкі тәртіпті сақтамаудың салдарынан туындаған. Оқиға 22 қыркүйекте болған.

    Полиция қызметкерінен таяқ жеген оқушы туралы хабар әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Жазбалардан белгілі болғандай, 10-сынып оқушысы сабаққа мектеп формасын кимей келген. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқушыны инспекторға апарады. Инспектор әжетханада балаға электрошокер қолданып, қол көтерген. Instagram-ға жарияланған бұл жазбаның астына мектеп директорының өзі де пікір қалдырыпты.
    Мектеп директоры Сәния Данишеваның айтуынша, оқушыға күш көрсеткен инспектор Елек полиция бөлімінің қызметкері екен. Мұнда ол биылғы жылдың 1 қыркүйегінде ғана жұмысқа келген.
    - Оқиға мектептегі балалардың сабаққа қатысуы мен ішкі тәртіптің сақталуына қатысты инспектор мен мектеп әкімшілігінің тексеруі кезінде болған. Біз сол күні полицияға хабар бердік. Ата-аналар шақырылды. Инспектормен өзара әңгімелесіп ымыраға келісті. Әлі де тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді №2 мектеп директоры Сәния Данишева.
    Ішкі істер департаменті де бұл деректі растап отыр. Алайда инспектордың балаға қол жұмсаған кезде электрошокерді қолданғанын жоққа шығарды. Инспекторға қатысты шешім тергеу жұмыстары аяқталған соң белгілі болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқығандар жазаланады
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Мектеп оқушысы туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған
  • Мектеп оқушысы жоғалып кетті
  • Оқушы жол апатынан мерт болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге