Ақтөбеде құтырма көп

    Ақтөбеде құтырма көп

    Ақтөбеде құтырма ауруынан 1659 адам көмекке жүгінген. Солардың ең көбі ит пен мысықтан жұққан. Соңғы 8 ай ішінде 1287 адам иттің тістеуінен зардап шеккен. Дегенмен қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша құтырма ауруының эпидемиологиялық жағдайы өткен жылға қарағанда қолайлы дейді.

    Биыл құтырма ауруының алдың алу мақсатында ауылшаруашылығы малдары мен ит, мысықтарды құтырмаға қарсы егу жүргізіледі. Сонымен қатар қаңғыбас ит, мысықтарды аулау, етқоректі жабайы жануарларды ату жүргізіледі. Облыстық ветеринарлық қызмет мәліметі бойынша құтырма жұқтыратын 12153 ит, 481 мысық, 18 түлкі ауланған.
    - Соңғы 8 ай ішінде облыстың емдеу-профилактикалық мекемесіне жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейленуінен зардап шеккен 1659 адам медициналық көмекке жүгінді. Өткен жылдың уақытымен салыстырғанда осы жылы адамдардың медициналық көмекке жүгінуі 154 жағдайға азайды. 1659 жарақаттанушының 1287 иттерден, 245 мысықтардан, 42 ірі қара малдан, 21 жылқыдан, 5 түлкіден және 50 басқа жануарлардан зардап шеккен. Құтырмамен ауырған адам сауықпайтынын, бірақ антирабиялық егулерді уақытында алу арқылы аурудың алдың алуға болатынын еске салғымыз келеді,-дейді Ақтөбе облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Құтырма ауруы көбейді
  • Ақтөбеде мың адамды ит талаған
  • Ақтөбеде ит пен мысықтан жұғатын аурулар көбейген
  • Ақтөбеде құтырма ауруынан 1 адам қайтыс болды
  • Биыл 11 мыңнан аса иттің көзі жойылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге