Өртенген өзбектердің Туыстары 150 млн теңгеден өтемақы талап етті

    Ақтөбе облысында автобус өртінен қаза тапқан өзбекстандықтардың туыстары сотқа моральдық шығын өндіру туралы талап қойды. Олар марқұм болған 52 адамның әрқайсысына 150 млн теңгеден өтемақы беруді сұрайды.

    Ақтөбеде өртенген автобус ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысы кезінде жәбірленушілердің адвокаты Ақжан Ақылова Түркістан облысы Сарығаш аудандық сотының ғимаратынан онлайн байланысқа шығып, марқұмдардың шағымын оқып берді.
    -Олар өз талап –арыздарында сотқа келе алмайтындарын көрсеткен. Жәбірленушілер соттан ең қатаң жаза беруді сұрап отыр. Марқұмдардың әрқайсысына 150 млн теңгеден өтемақы беруді сұрайды,-дейді Түркістан облысының адвокаты Ақжан Ақылова.
    Осыған дейін қаза тапқан өзбекстандықтардың туыстары Ақтөбедегі сот процесіне қатысқан еді. Алайда кейін қаржылық қиындықтарға байланысты келуден бас тартты. Ал Түркістан облысының Сарығаш қаласына келген екі жәбірленуші өздерімен бірге қалған жәбірленушілердің жазбаша шағымын ала келіпті.
    Естеріңізге сала кетелік, бұл қылмыстық іс бойынша сот алдында 5 адам жауап беріп жатыр. Оның үшеуі – автобус жүргізушісі, екеуі – “Азия транзит сервис” фирмасының құрылтайшысы мен механигі. Оларға "өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзды, “жарамсыз көлік құралын пайдалануға берді және "ақауы бар автобусты жолға шығарды" деген бірнеше айып тағылды. Жантүршігерлік оқиға биыл 18 қаңтар күні Ырғыз ауданынан 10 шақырым жердегі Қалыбай ауылының тұсында, Самара-Шымкент тас жолында болған еді. Автобус өртеніп, барлығы 52 өзбек азаматы қаза тапты. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өзбектер мінген автобусты кім өртеді?
  • Өртенген автобусқа қатысты іс сотқа жолданды
  • Өртенген автобус жүргізушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
  • Ақтөбеде автобуста өрттен қаза тапқандардың есімдері анықталды
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге