Қариялар арасында ажырасу көбейді

    Қариялар арасында ажырасу көбейді

    Ақтөбеде ажырасқан отбасылардың көбі 20 жылдан ұзақ уақыт некеде болған. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлайды.

    Ақтөбе облыстық статистика департаменті Қарттар күніне орай арнайы талдау жасады. Департаменттің мәліметінше, облыстағы әрбір оныншы тұрғынның жасы 60-тан асқан. Облыстағы қариялар саны 87 мыңнан көп. Оның бір мыңға жуығының жасы 90-99 аралығында екен. Ал 50-ден астам тұрғынның жасы жүзден асқан. Егде тартқандардың ішінде ерлерге қарағанда әйелдердің қатары екі жарым есеге көп көрінеді.
    - Зейнеткерлік жастағы 10 еркекке орташа есеппен 26 әйелден келіп тұр, бұл ер адамдарға қарағанда әйелдердің өмірінің ұзақтығымен байланысты,- дейді департамент мамандары.
    Ақтөбелік санақшылар некедегі қарттардың жағдайына айрықша тоқталды. Соңғы мәліметтер бойынша некеде тұрған қарттардың басым бөлігі жесір. Жасы 65-тегі және одан жоғары әйелдері қайтыс болған ерлердің үлесі 20%, жесір әйелдер үлесі - 58% жоғары.
    - Алайда, жасы мен ерлердің жетіспеушілігі отбасын құруға кедергі болып жатқан жоқ. Өткен жылы алпыстан асқан 18 әйел мен 45 ер адам ресми түрде некеге тұрды. Ажырасып жатқандар да жетеді. Қарттық жасқа жеткен 46 еркек пен 30 әйел ажырасып кетті. Ажырасқандардың басым бөлігі некеде 20 жыл болған. Тіпті одан да көп уақыт отасқандар болды,- деді санақшылар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Емізулі балаларымен соғысқа бара жатқандар ұсталды
  • АХАЖ: Ажырасуды азайту үшін медиаторлар көмегіне жүгіндік
  • Батагөй қарттар назарына!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге