Сирияға кеткен ақтөбелікті қарындасы іздеп жүр

    Сирияға кеткен ақтөбелік Руслан Ермағамбетов соңғы 3-4 айда байланысқа шықпай қалған. Қарындасы Нұрагүл ағасын шарқ ұрып іздеп жүр. «Соңғы уақытта еш байланыссыз қалды» дейді қарындасы.

    “Джихадтан көңілім қалды”
    Редакцияға Сирияға кеткен ағасы туралы айтқалы келген Нұрагүл жағдайды баяндады:
    - 2015 жылы ағам Руслан Ермағамбетов ақша тауып келем деді де, содан оралмады. Өзі 1978 жылы туған. Үш жыл бойы ешқандай байланысқа шықпады. Біз де үнемі іздедік, еш нәтиже шығара алмадық, таппадық. Ақыры із-түзсіз жоғалғандардың қатарына тіркеттік. Ал, төрт ай бұрын ватсап арқылы Сирияда үш жыл бойы соғысқанын, енді қасындағы үш ақтөбелікпен бірге қайтадан Қазақстанға келгісі келетінін айтты. Айтуынша, джихадтан көңілі қалыпты. Егер бұрын сырттан келгендерге көлік, үй беріп, айына 600-800 доллардан ақша төлесе, қазір мұндай жағдай жасалмайды екен. Ағамның тіпті қайтадан елге келуге ақшасы жоқ екен,- дейді Нұрагүл.
    Ағасы қарындасына Сирияда төрт баласы бар қырғыздық келіншекке үйленгенін, қазір ортақ бір баласы барын, қазір сириялық Кишма деген ауылда өмір сүріп жатқанын айтыпты. Айтуынша ағасының келіншегінің есімі Қайыргүл Дұрсымбаева.

    Сириядан қашып кетпек болған
    Қарындасымен ватсап арқылы сөйлескен соң, ағасынан мүлдем хабар болмай кеткен. Араға бірнеше ай салып Нұрагүлге Русланның келіншегі Қайыргүл хабарласады.
    - Қайыргүл маған Русланның Сириядан қашып өтпек болғанын жеткізді. Бірақ шекарада өз адамдары ұстап алған. Руслан жалғыз емес, жанында тағы да үш ақтөбелік жас жігіттер болыпты. Олар өздерін Абу Усман, Абу Саид және Абу Хузайфа деп атайды екен. Қайыргүл қашпақ болған төрт ақтөбелікті 4-5 ай түрмеде ұстап, кейін әлгі үш жас жігітті босатып жібергенін айтты,- дейді Қайыргүл.
    Нұрагүлдің айтуынша Русланмен бірге қашпақ болған үш ағайынды жігіт 87-91 жылғы ақтөбеліктер болып шығыпты. Олар өздерінің алдауға түсіп қалғандарын, қашып кету туралы ұсынысты Руслан айтып, өздерін көндіргенін, араларындағы ең жасы үлкен Русланның айтқанын екі етпегендеріне сендірген.
    - Ағамның қасындағы үш жігітті босатып қоя берген, олар Сирияда жайбарақат өмір кешіп жатыр екен, тіпті өз бизнестерін бастап, дүкен ашып алыпты. Ал Русланның қайда екені белгісіз, тірі ме, өлі ме, ешкім білмейді. Ислам бойынша ешкімді сатуға, өтірік айтуға болмайды, ал менің ағамды өз достары сатып кетті. Қазақстанға қашу туралы ұсынысты сол үшеуі бастаған екен,- дейді Нұрагүл.

    “Джихад туралы ертегіге сенбеңіздер!”
    Ағасынан бір хабар ала алмай отырған Нұрагүл қазақстандықтарды сақтандырғысы келетінін айтады.
    - Мен қазақстандықтарды сақтандырғым келеді. Сирияда ешқандай қасиетті соғыс жоқ, халифат деген ол жақта мүлдем жоқ. Сирияда өте қырғын болып жатыр, қаржы жоқ, қасиетті джихадқа барғандар бір-бірін сатып кетіп жатыр. Сақ болыңыздар, ешкімнің әдемі сөздеріне, өтірік уәделеріне сенбеңіздер. Ата-аналарыңыз үшін, отбасы, балаларыңыз үшін өмір сүріңіздер. Менің ағам қасиетті соғысқа баратынына сенді. Бірақ қазір тағдыры қалай, қайда, тірі ме, өлі ме, ешкім білмейді,- дейді Нұрагүл. Русланның діни есімі- Абдуллах. Достары оны осы есім арқылы таниды. Қарындасы қазір ағасының өлі-тірі екенінен бейхабар. Сирияға қасиетті джихадқа кеткен Русланның хабарын білгісі келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік әйел жоғалып кеткен баласын базардан іздеп жүр
  • Сирияға кеткен ақтөбелік келіншекке халықаралық іздеу жарияланды
  • Лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады
  • Зорлық көрген сәбидің анасы “алаяқ” атанды
  • Ақтөбелік “қызым Сирияға кеткен болуы мүмкін” деп күдіктенеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге